Анатомия – 120 ом


Жұтқыншақ: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері



бет104/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

131.Жұтқыншақ: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері.

Жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан ж ұтқыншаққа, одан көмейге кетеді. Адамда жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, 6-7 мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 – 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. Ас ішкен уақытта, асты жұтпай тұрып, не шайыр шайнау кезінде қатты сөйлеу (күлу, тағы да басқа) өте қауіпті, себебі, ауа ағынымен бірге ас жентектері көмейге өтіп кетіп, оны бітеп қалуы ықтимал. Бұл жағдай адам өліміне әкеліп соқтыруы да мүмкін. Жұтқыншақтың жоғарғы күмбезінің және артқы қабырғаларының шекарасында жұтқыншақ бадамшасы (аденоид – балаларда жақсы дамыған) орналасқан. Мұрындық бөліктің екібүйір қабырғаларында – есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Есту түтігі жұтқыншақты ортаңғы құлақ қуысы мен жалғастырып, ондағы ауа қысымын сыртқы ауа қысымы мен теңестіру қызметін атқарады. Есту түтігінің айналасындағы шырышты қабықта лимфоидты тіннің жиынтығы – түтік бадамшасы болады. Жұтқыншақ омыртқалы жануарларда көлденең жолақты бұлшықеттен тұрады. Барлық құрлық жануарларының ұрықтық дамуы кезінде жұтқыншақта желбезек қапшықтары пайда болады. Мұның соңғы жұбынан өкпеде дамиды. Жұтқыншаққа жалғасып өңеш, көмей және евстахий түтігі, ал сүтқоректілерде таңдай пайда болғандықтан, бұған қоса ішкі танау, ал қосмекенділерде, бауыры мен жорғалаушыларда және құстарда ішкі танау тесігі ауыз қуысына ашылады. Жан-жағынан таңдай доғаларымен жалғасып, ішінде бадамшалар орналасқан ауызқуысының жұтқыншақпен жалғасқан жерін сүтқоректілерде аңқа (іsthmusfaucіum) деп атайды. Омыртқасыз жануарларда жұтқыншақ – алдыңғы ішектің жекеленген бұлшықетті бөлігі. Жұрқыншақ қуысы 3 бөлікке: мұрындық-parsnasalis, ауыздық-p.oralis, көмейлік-p.laringe. Бұлшықеттері: Ортаңғы қысқышы-m.constrictor pharynges medius, жұтқыншақтың төменгі қысқышы-m. Constricto rpharyngesin ferior, таңдай жұтқыншақтық бұлшықеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет