Анатомия – 120 ом


Қатты таңдай және жұмсақ таңдай



бет102/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

128.Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.

Таңдай, palatum, құрылысына және аткаратын қызметіне карай сүйектік таңдайдан немесе катты тандайдан-palatum osseum seu durum, және жүмсақ тандайдан-palatum molle, тұрады:


-қатты тандай немесе сүйектік тандай, ол жоғарғы жаксүйектің таңдайлық өсіндісі, processuspalatinus, мен тандай сүйегінің горизонталді табакшасынан-lamina horizontalis, тұрады.
-жұмсақ таңдай-palatum molle, жұмсақ тандай артында томен бағытталған тілшіктен, uvula, бүйір капталында алдыңғы тандай-тіл доғасынан, arcus palatoglossus, артқы тандай- жұткыншақ доғасынан-arcuspalatopharyngeus, тұрады. Тандай доғашықтарының аралығында тандай бадамшаларынын шұңқыршалары-fossulae tonsillares, аралығында таңдай бадамш алары- tonsillae palatinae, орналаскан. Жұмсақ таңдайдың терең қабаты көлденең жолақты немесе ерікті бүлшықеттерден және дәнекер тінді табақшадан тұрады. Таңдайдың бұлшықеттері жұмсақ таңдай пердесінін негізін құрап, тамақты жұтканнан кейін, жұмсақ таңдайды томен тартып, жүткыншақтың мұрындык бөлігін ашып, мұрын қуысынан тазаланып, жылынып, ылғалдалған ауаны тыныс алу мүшелеріне карай бағыттаушы бұлшықеттерден тұрады.


129.Тіл, құрылысы, қызметі.

Тіл, lingua, (грекше glossa) бұлшықетті мүше. Ол ауыз куысының төменгі кабырғасына жақын тіласты безі-glandulae sublingualis, мен жақ тіл астылық бүлшықеттің-т. mylohyoideus, үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті аркылы ұнтақталған, шыланған тамақты жүтыну актісі кезінде аран арқылы жұткыншакка өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы-apex linguae, денесі-corpus linguae, және түбі-radix linguae, ажыратылады. Тіл түбі денесінен бұрыш құрап орналасқан шеқаралық сала арқылы шектелген. Тілдің дорзалді беті немесе тіл арқашығы-dorsum linguae, мен бүйір жиектері және төменгі беті ажыратылады. Тілдің сыртқы беті көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты қабықтан тұрады. Тіл арқашығынын шырышты қабығы сырткы бетін жауып, астың дәмін анықтайтын, жалпы сезімдерді және ыстық, суық сезімдерді кабылдайтын бірнеше бүртіктерден тұрады. Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:


1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae fdiformes et papillae conicae, тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып, тіл ұшынан түбіне дейінгі аралыкта орналасқан. Тілдің дорзалді бетінің немесе арқашығының бархыттәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты. Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі: жалпы сезімдерді (жанасу, сипап- сезу, ыстык-суық, ауру және қысым) қабылдау.
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер-papillae fungiformes, тілдің бүйір беттерінде, аркашығында шашыранды түрде, тіл ұшында топталып орналаскан. Мұндай бүртіктердін қызыл түсті болып келуі кан тамырлар капиллярларының беткей орналасуына байланысты. Кызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.
3. Науашыктәрізді бүртіктер-papillae vallatae, бүртіктердің жалпы саны 7-12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланын алдында бүрыш құрап орналасқан. Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2-3 мм-дей. Бүртіктердің үшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан. Қызметі: дәмді сезу.
4. Жапырақтәрізді бүртіктер-papillae foliatae, олар тілдің бүйір кабырғаларында орналаскан. Қызметі: тұзды, тәтті сезімдерді қабылдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет