Анатомия – 120 ом


Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалді кеңістік цистерналары



бет98/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

121.Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалді кеңістік цистерналары.

Ми денгейлерінің шығыңкы боліктерінде мидың жұмсак кабығымен тығыз байланыскан, алайда саңылау және жүлге артынан енбейді. Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері көпір сияқты байланысады, ал бітісіп кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер деп аталады (cavitates subarachno ideale). Мидың барлық беткейлерінін торлы кабықасты кеңістігі бір-бірімен байланысып жатады. Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен болып келеді және торлыасты цистерна-cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі цистерналар бар:


1. Мишык-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишык пен сопакша ми арасында орналасады.
2. Үлкен ми латералді шүнқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді шүңкырына сәйкес орналаскан.
3. Аякшаларарасы цистернасы, cisterna interpeduncularis, ми аяқшалары арасында орналаскан
4. Қиылыскан цистерна, cistema chiasmatis, көру нервімен маңдай үлесі арасында орналасқан.
Сонымен катар, ірі торлы кабыкасты кеңістіктер кездеседі: ол сүйелді дененің жоғарғы бетімен тізесі аркылы өтетін сүйелді дене цистернасы, үлкен мидың көлденең саңылауының түбінде орналаскан. Ми сыңарларының шүйде үлесімен және мишыктың жоғарғы беті арасында айналып өтетін цистерна орналасады. Ол өзектәрізді ми аралшығының бүйірімен және орталык мидың төбесінен өтеді. Көпірдің бүйір цистернасы - мишықтың орталық аяқшаларының астынан өтеді, және ең соңғысы көпірдің базилярлы жүлгесі аймағында - ортаңғы көпір цистернасы орналасады. Мидың торлы қабықасты кеңістігі бірбірімен төртінші карыншаның куысы, ортаңғы және латералді апературасы аркылы, ал соңғысы мидың баска қарыншаларымен байланысады. Торлы қабықасты кеңістігінде мидың әр бөлігінен жүлын-ми сүйықтығы-liquor сегebrospinalis, жиналады. Сұйыктык периваскулярлы, периневралді саңылау және торлы қабықтың грануляциялары арқылы лимфатикалық жэне веналық жол мен ағып келеді.

122.Қатты ми қабығы туындылары және қатты қабық қойнаулары.



Қатты қабық- dura mater encephali, басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшыл дәнекер тінді қабық деп аталады. Оның сыртқы беті тікелей бассүйекке жанасып, олар үшін сүйек қабығы ретінде есептеледі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасына өтіп бір-бірінен бөлінеді. Falx cerebri-үлкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезінің ортаңғы сызығы бойымен sulcus sinus sagittalis superioris-тің жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-ге бітісіп өседі. Ал артқы кең жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді. Tentorium cerebelli-мишық шатыры, горизонталды керілген екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңес табақша ретінде болады. Бұл шүйде сүйегінің – sulcus sinus transversi- жиектеріне және екі жағында самай сүйегі пирамидасының жоғарғы жиегі бойына, сынатәрізді сүйектің processus clinoideus posterior-ына дейін бекиді. Ол үлкен мидың шүйде үлестерін төмен орналасқан мишықтан бөліп тұрады. Falx cerebelli, мишық орағы, үлкен ми орағы сияқты сызық бойымен crista occipitalis interna-ны бойлай шүйде сүйегінің үлкентесігіне дейін келіп, тесікті бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады. Diaphragma sellae, ертоқым көкеті, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұңқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша. Оның ортасынан hypophysis-ден шығатын infundibulum-ға арналған тесік өтеді. Қатты қабықта мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары, sinus durae matris, орналасады. Қойнаулар қатты қабықтың меншікті қабатында оның өсінділерінің бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып, веналардан қабырғаларының құрылысымен өзгешеленетін, қақпақшалары жоқ веналық өзектер болып табылады. Sinus transversus, көлденең қойнау –ең үлкені және кеңі, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cerebelli-нің артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoideus-кежалғасады да sulcus sinus sigmoidea-да орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. Jugularis interna-ға жалғасады. Осының арқасында көлденең қойнау сигма тәрізді қойнаумен бірге бассүйек қуысындағы барлық веналық қан үшін негізгі өткізгіш-коллектор қызметін атқарады. Оған бір бөлігіне тікелей, бір бөлігі жанама жолмен барлық қалған қойнаулар құяды. Тікедей құятындар: Sinus sagittalis superior, жоғарғы сагитталды қойнау, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен бүкіл sulcus sinus sagittalis superior-дің бойымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitalis бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дың бүйірлерінде, қатты қабық қабатында кішкене қуыстар – қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қатты қабықтың және мидың веналарымен қатынасады. Sinus occipitalis, шүйде қойнауы, falx cerebelli-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады. Ол жоғарыда аталған қойнаудың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегінің foramen magnum-ның екі жиегін бойлай орналасады. Sinus rectus, тік қойнау, falx cerebri-дің мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағының төменгі жиегі бойымен жүретін төмегі сагитталды қойнауды, сондай-ақ мидың ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен венасын қабылдайды.
Мидың қатты қабығының келесідей қойнауларын ажыратады:
1) Жоғарғы сагиталді қойнау-sinus sagittalis superior, үлкен ми сыңары аралығының жоғарғы шекарасының көтеріңкі бөлігінде орналасады. Ол әтеш айдарынан бастап, көлемін үлкейте бере, ортаңғы сызык бөлігімен артка карай жүре, шүйде сүйегінің шодырының кресттәрізді көтеріңкі бөлігінде көлденең қойнауға қүйылады. Жоғарғы сагиталді койнау бойымен, катты қабығының жапыракшалары арасында эртүрлі мөлшердегі көптеген асқынулар арасындағы - бүкір лакуналар-lacunae Іаcunalis, бүл лакуналарда грануляциялар жинақталады.
2) Төменгі сагиталді койнау-sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін көлбей орналасып, тік қойнауға келіп қүйылады.
3) Көлденең қойнау-sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан. Ол ең ірі қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бүрышында ол сигматәрізді қойнауына-sinus sigmoideus, ұласады. Соңғы жүлге мойындырық санылауына түсіп, ішкі мойындырық венаның жоғарғы буылтығына өтеді. Қойнау 2 эмиссарлы венаға ашылады да, бассүйектің сыртқы венасымен байланысады, оның бірі емізіктәрізді саңылаудың өсіндісінде, басқасы - айдаршык шұңқырынан тыс шүйде сүйегінде, көбіне симметриялық емес, айдаршық өзегінде орналасады.
4 Тік қойнау- sinus rectus, мишык шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына күйылады.
5. Үңгірлі койнау-sinus cavernosus, ол өзінің атын көптеген жарғақтарына байланысты, үңгірлі қүрылымның қойнау түріне байланысты беріледі, бүл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш кабырғасы ажыратылады: жоғарғы, төменгі жэне ішкі. Жоғарғы кабырғасы көзкимыл нервімен кесіп өтеді. Төмендеу, сыртқы койнаудың кабырғасы, шығыршык нерві мен үшкіл нервтің бірінші тармагы көз нервінен өтеді. Шығыршык пен көз нервінің арасында экететін нерв кіреді. Қойнау арасынан ішкі үйқы артериясы өзінің симпатикалык нерв өрімімен өтеді. Қойнау куысында жоғарғы венасы өтеді. Үңгіраралык койнауы-sinus intercavernosi, арқылы он жэне сол үңгір қойнау бірбірімен ертокым диафрагмасының алдыңғы жэне арткы бөлігімен байланысады. Түрік ершігіндегі гипофиз шүнкырын коршайды.
6. Сына-тобелік койнау-sinus sphenoparietalis, жүп, сына сүйегінің кіші канатына медиалді түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді.
7. Жоғарғы тасты койнау- sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау мен көлденең қойнауын байланыстырады.
8. Төменгі тасты койнау-sinus petrosus inferior, үңгір койнауынан шығып, шүйде сүйегі мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. Ол ішкі мойындырык венаның жоғарғы буылтығына кіреді. Оған лабиринт венасы сай келеді.
9. Негіздік өрім- plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. Төменгі тасты койнаудың бірнеше дэнекер тінді веналық тамырларының жабылуы арқылы күрылады.
10. Шүйделік қойнау- sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең койнаудан шығып, 2-ге тармакталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді койнауға құяды. Шүйделік койнау ішкі жүлын веналык өрімімен анастомоз күрайды. Сол жерде ол көлденең, жоғарғы сагиталді, тік жэне шүйделік қойнаулармен байланысып, веналық кеңеюін, confluens sinuum, түзеді. Мидын катты қабығы торлы кабыкка катты кабықастындағы кеңістікке-spatium subdurale, бөлінеді, капиллярлы саңылау күрып, онда аз мөлшерде ми-жүлын сүйықтығы болады.

123.Ас қорыту жүйесінің дамуы. Құрсақ қуысы ағзаларының ішастарға қатынасы.


Асқорыту жүйесі- адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауыз бен жұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.


Ішастар,peritoneum, іш қуысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа:
1) жоғарғы қабат- көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін;
2) ортаңғы қабат – тоқ ішектің көлденең жиек шетінен кіші жамбас қуысына дейін.
3) кіші жамбас қуысына бөледі.
Ішастардың жоғарғы қабатының туындыларына қатпар, жалғама, шарбы жатады. Олар топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы қабы және асқазаналды қабына бөлінеді.
1. Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.
2. Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.
3. Шарбы қабы, bursa omentales, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбымен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы-үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы, артқы қабырғасы: ішқуысының артқы қабырғасын , сол жақ бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Шарбы қабының өзі фронталды жазықтық бойында орналасқан. Шарбы қабының кіреберіс бөлігінің және жоғарғы, төменгі тесіктері ажыратылады. Бұл қаптың кіреберіс бөлігі іштің ішастарлық қуысымен шарбылық тесік(Винслоев тесігі) арқылы байланысқан. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы мен орақтәрізді байламы, тәждік байлам орналасқан.

124.Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы, әрбір бөлімнің қызметтері.



Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Ас қорыту жүйесінің бірінші бөлімі бетте ауыз саңылауымен, rima oris, ашылатын ауыз қуысы, cavum oris,болып табылады. Ауыз қуысынан кейін:аран қалтасы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, артқы өтіспен аяқталады. Сонымен қатар ас қорыту жүйесіне сілекей бездері, бауыр, және ұйқыбез жатады.
Ас қорыту мүшесінің тістен басқа бөліктерінің ішкі қуыс сүйексіз негізінен 3 қабаттан тұрады.
-кілегейлі немесе ішкі қабат барлық ас қорыту жолының ішкі бетін қаптап жатады. Бұның өзі эпителий, бұлшық етті және кілегей асты қабатынан тұрады.
-Бұлшық ет қабаты кілегей мен сір қабатының аралығында орналасқан. Ас қорыту мүшесінің бұлшық ет қабаты 2 түрлі. Ішкі бөлігі сақина тәрізді сыртқы бөлігі ұзын бұлшық ет талшықтарынан құралған.
-Сір немесе сыртқы қабаты. Асқазан, аш ішек және тоқ ішектің көп бөлігін қаптап жатады. Сір қабаттар ішкі мүшелері жан жағынан орап керіп тұратын ішперде деген жылтыр затқа ұласып кетеді.
Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар-гормондар бөлу) қызметтері.
Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей безі, сілекей, қарын безі – қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі – ұйқы безі сөлін, бауыр-өт, ішек бездері – ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.
Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттің жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік береді.
Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне байланысты. Кілегей қабық ерекше биологялық мембрана қызметін атқарып, ішек – қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздардың, дәрмен-дәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.
Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация процесі нәтижесінде бөлінеді.
Ас қорыту мүшесіне инкрециялау қызметі де тән. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік торшалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, секрециялау және басқа да қызметтерін реттеуге қатысады.
Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды. Механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет