Анатомия – 120 ом


Мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері



бет97/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

120. Мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері
Жұлын мен ми кабықтармен, meningeus, қоршалған. Үш кабықты ажыратады:
Қатты қабық, dura mater, немесе фиброзды кабык, тепіпх fibrosa, ең сыртқы қабығы.
Торлы қабық, arachnoidea, немесе сірлі қабық, тепіпх serosa, ортаңғы кабық, қатты қабық пен жұмсақ қабық аралығында орналасады.
Жұмсак кабық, ріа mater, немесе тамырлы кабық, meninx vasculosa, ең ішкі қабығы.
Мидың катты кабығы бассүйегінің сүйекқабымен бірге өсіп бітіседі. Бассүйегінде веналык өрімнен түратын кеңістік жок. Бұл жерде катты пластинкалар арасында мидын қатты қабығының қойнауы, sinus durae matris, орналасады. Бассүйегінде эпидуралді кеңістік жок.
Торлы және қатты қабык арасындағы кеңістікте - субдуралді кеңістік, spatium subdurale, ми мен жұлыннан шығатын нерв түбірі өтеді. Нервтер мен тамырлар қатты ми қабығы аркылы отіп, осы кабық элементтері олардың сыртқы кынабын түзеді. Қатты және жұмсақ кабықтар нерв және тамырлармен қамтамасыз етіледі; торлы кабықта тамырлар жоқ. Жұмсак кабық жұлын мен миды жауып қоймай, жүлгелері ішіне кіреді.
МИДЫҢ ҚАТТЫ ҚАБЫҒЫ
Мидын қатты, dura mater encephali, тығыз байланыскан дәнекер тінді құрылым. Мидың қатты қабығы екі жапырақшалардан тұрады: ішкі және сыртқы. Сыртқа жапыракша, lamina externa, антамырлармен байытылған, беткейі кедір-бұдырлы болып келеді. Ол бассүйегінің ішкі сүйекқабы ретінде, бассүйегіне жабысып, нервтердің сыртқы қынабын түзеді. Бассүйегінін негізінде қатты қабык сүйектермен тығыз бекінген, ал бассүйек күмбезінде әлсіз байланысқан.
Балаларда еңбектің толық бітіп, өсуіне дейін қатты қабық бассүйегінің күмбезімен тығыз, берік байланыста болады. Ішкі жапырақша, lamina interna, жылтыр, тегіс эндотелимен жабылған. Мидың қатты қабығы мидың бөлімдері арасында орна­ ласып, оларды ажырататын өсінділер түзеді. Өсінділердің біріккен сызығы бойында призма не үшбұрыш формалы кеңістік мидьн катты қабығының қойнауы қалыптасады. Бір қойнауда коллектор түрінде, мидан, көзден, мидың қатты қабығынан және бассүйек сүйектерімен веналык қанды іші мойын­ дырык венаға жинайды. Бүл кеңістік-қойнау тығыз байланысқан қабырғалардан түрады, кақпашалары жоқ. Қойнаулар қатарындағы кеңістікке эмиссарлы веналар ашылады, соның нәгижесінде бассүйегіндегі қойнаулар өзектер арқылы бастың басқа веналарымен байланысады. Мидың катты қабығы үшкіл және кезбе нервтің менингеалді тармактарымен нервтендіріледі.
Симметриялық нервтермен нервтендіріледі. Барлық нерв тармактары кантамырларөту жолы бөлігімен өтеді. Тек кана мишық кантамырлары аз болуына байланысты, нерв өрімдері қантамырлар өтетін жолдан тәуелсіз жолдарда орналасады.
Үшкіл нервтің бірінші тармағы - көз нерв, өзтармақтарын алдыңғы ми қатты кабығын бассүйек шүңқыры алдыңғы және артқы бетіне, үлкен ми орағына, төменгі сагиталді қойнауға, мидың шатырына береді.
Үшкіл нервтің екінші және үшінші тармактары - жоғарғы жаксүйек және төменгі жақсүйек нервтері, мидың қабығы- ның ортаңғы тармағын, орталық бассүйек шұңқырына, мидың шатырына және үлкен ми орағына береді.
Аталған тармактар жакын орналаскан веналык койнау қабырғаларына да таралады. Кезбе нерв ми катты кабығында бассүйек шұңкырынан, мидың шатырына дейін, көлденең және шүйделік қойнауды бойлай орналасады. Сонымен қатар, мидың қатты қабығвіның нервтенуіне тіл-жүтқыншак, тілүсті, косым­ ша нервтерде косылады.
Мидың қатты қабығы қанайналым жоғары жаксүйек артериясынан (ортаңғы менингиалды артерия); арткы артерия­ сынан (ми кабығы тармактары); шүйделік артериядан (менингиалды немесе еміздік тәрізді бұтак); көз артериясынан тармакталатын тармақтармен канмен қамтамасыз етеді. Веналық кан ми кабығы жарты орналаскан койнауларда жинақталады.
МИДЫҢ ҚАТТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨСІНДІЛЕРІ
Мидың қатты қабығының келесідей өсінділері ажыратылады:
1) Ортаңғы мидың орағы, falx cerebri, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагиталді бағытта орналасады. Торлы сүйектен басталып, үлкен мидың орағы күмбезі орталык сызығы бойымен жоғарғы сагиталді койнаудың жалғасының жиектеріне, sulcus sinus sagittalis superio­ris, бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен ми шатырының жоғарғы бетімен ұласады.
2) Мишық орағы, falx cerebelli, ортаңғы сызық бөлігімен шүйденің ішін бойлай, шүйде сүйегінің үлкен тесігіне дейін келіп, екі аяқшасымен тесікті қаусырады. Мишық орағы мишықтың артқы тілігіне мишықтың сыңарлары арасына еніп түрады.
3) Мишық шатыры, tentorium cerebel­li, шатыртәрізді жоғары қараған сәл дөңес қабыкша, артқы бассүйек шүңқырында керілген және үлкен мидың шүйделік үлесін мишыктан бөліп тұрады.
4) Алдыңғы жиегі шатыр тесігін шектейтін шатыр тілігін, incisura tentorii, кұрайды. Осы жерде мидың сабаулы бөлігі өтеді.
5) Ершік диафрагмасы, diaphragma sellae, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шүңқырдың үстінен шатыр секілді шектейтін табакша. Ершік диафрагмасының ортаңғы гипофизден шығатын infundibulum-та арналған тесік болады.
Самай сүйегінің пирамидалык үшбұрышындағы үшкіл батыңкы бөлігінде мидың катты қабығы екі жапырақшаға ажырайды. Бүл екі жапырак үшкіл нервтің өрімдері үшкіл батыңқы, impression trigeminale, түзеді.
МИДЫҢ ҚАТТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚОЙНАУЛАРЫ
Мидың қатты қабығының келесідей қойнауларын ажыратады.
1) Жоғарғы сагиталді қойнау, sinus satalis superior, үлкен ми сыңары аралығының жоғарғы шекарасының көтеріңкі бөлігінде орналасады. Ол әтеш айдарынан бастап, көлемін үлкейте бере, ортаңғы сызық бөлігімен артка қарай жүре, шүйде сүйегінің шодырының кресттәрізді көтеріңкі бөлігінде көлденең қойнауға қүйылады.
Жоғарғы сагиталді койнау бойымен, катты қабығының жапыракшалары арасында әртүрлі мөлшердегі көптеген асқынулар арасындағы - бүкір лакуналар, lacunae Іаcunalis, бүл лакуналарда грануляциялар жинақталады.
2) Төменгі сагиталді койнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін көлбей орналасып, тік қойнауға келіп құйылады.
3) Көлденең қойнау, sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан.
Ол ең ірі қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бүрышында ол сигматәрізді қойнауына, sinus sigmoideus, ұласады. Соңғы жүлге мойындырық санылауына түсіп, ішкі мойындырық венаның жоғарғы буылтығына өтеді.
Қойнау 2 эмиссарлы венаға ашылады да, бассүйектің сыртқы венасымен бай­ланысады, оның бірі емізіктәрізді саңылаудың өсіндісінде, басқасы - айдаршык шұңқырынан тыс шүйде сүйегінде, көбіне симметриялық емес, айдаршық өзегінде орналасады.
4. Тік қойнау, sinus rectus, мишык шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына кұйылады.
5. Үңгірлі койнау, sinus cavernosus, ол өзінің атын көптеген жарғақтарына байланысты, үңгірлі қүрылымның қойнау түріне байланысты беріледі, бұл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш кабырғасы ажыратылады: жоғарғы, төменгі және ішкі.
Жоғарғы кабырғасы көзқимыл нервімен кесіп өтеді. Төмендеу, сыртқы койнаудың кабырғасы, шығыршык нерві мен үшкіл нервтің бірінші тармагы көз нервінен өтеді. Шығыршык пен көз нервінің арасында әкететін нерв кіреді.
Қойнау арасынан ішкі ұйқы артериясы өзінің симпатикалык нерв өрімімен өтеді. Қойнау куысында жоғарғы венасы өтеді. Үңгіраралык койнауы, sinus intercavernosi, арқылы он және сол үңгір қойнау бір-бірімен ертоқым диафрагмасының алдыңғы және арткы бөлігімен байланысады. Түрік ершігіндегі гипофиз шүнкырын коршайды.
6. Сына-төбелік койнау, sinus sphenoparietalis, жұп, сына сүйегінің кіші канатына медиалді түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді.
7. Жоғарғы тасты койнау, sinus pet­rosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау мен көлденең қойнауын бай-ланыстырады.
8. Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір койнауынан шығып, шүйде сүйегі мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. Ол ішкі мойындырык венаның жоғарғы буылтығына кіреді. Оған лабиринт венасы сай келеді.
9. Негіздік өрім, plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. Төменгі тасты койнаудың бірнеше дәнекер тінді веналық тамырларының жабылуы арқылы күрылады.
10. Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең койнаудан шығып, 2-ге тармакталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді койнауға құяды. Шүйделік койнау ішкі жүлын веналық өрімімен анастомоз құрайды. Сол жерде ол көлденең, жоғарғы сагиталді, тік және шүйделік қойнаулармен байланысып, веналық кеңеюін, confluens sinuum, түзеді. Мидын катты қабығы торлы кабыкка катты кабықастындағы кеңістікке, spatium subdurale, бөлінеді, капиллярлы саңылау құрып, онда аз мөлшерде ми-жүлын сүйықтығы болады.

МИДЫҢ ТОРЛЫ ҚАБЫҒЫ
Мидың торлы кабығы, arachnoidea en­cephali, жүлынның осы аттас кабығы сияқты эндотелиймен жабылған, мидың жұмсақ қабығымен торлы кабыкасты трабекулалармен байланысады. Торлы кабық пен ми арасында саңылаутәрізді катты кабыкасты кеңістік болады, шамалы жұлын сүйыктығымен толтырылған.
Мидын торлы қабығының сырткы бет­кейі оған тиісті жақтан қатты кабықпен бітіспеген. Алайда кей жерлерде жоғарғы сагиталді койнау жағынан және аз мөлшерде көлденең қойнау жерімен және басқа қойнау маңында оның түрлі өлшемдегі өсінділері торлы қабықтың грануляциялары деп аталатын, granulationes arachnoidales, ми торлы кабығына және бассүйектерінің немесе қойнаулардың ішкі беткейіне енеді. Бұл жерлерде сүйектерде үлкен емес гра­нуляция шұңкырлары пайда болады, олар әсіресе бассүйек күмбезінің сагиталді жігі аймағында көп кездеседі. Ал торлы кабықтың грануляциялары өз алдына мүше іспеттес, сүзілу жолымен жүлын сүйықтығының веналық ағынына түсуіне жағдай жасайды.
Торлы кабықтың ішкі беті миға караған. Ми денгейлерінің шығыңкы бөліктерінде мидың жұмсақ кабығымен тығыз байланысқан, алайда саңылау және жүлге артынан енбейді. Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері көпір сияқты бай­ланысады, ал бітісіп кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер деп аталады (cavitates subarachnoideale).
Мидың барлық беткейлерінін торлы қабықасты кеңістігі бір-бірімен байланысып жатады. Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен болып келеді және торлыасты цистерна, cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі цистерналар бар:
1. Мишык-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишық пен сопақша ми арасында орналасады.
2. Үлкен ми латералді шұнқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді шүңкырына сәйкес орналаскан.
3. Аякшаларарасы цистернасы, cister­ na interpeduncularis, ми аяқшалары арасында орналаскан.
4. Қиылыскан цистерна, cistema chias- matis, көру нервімен маңдай үлесі арасында орналасқан.
Сонымен катар, ірі торлы кабыкасты кеңістіктер кездеседі: ол сүйелді дененің жоғарғы бетімен тізесі аркылы өтетін сүйелді дене цистернасы, үлкен мидың көлденең саңылауының түбінде орналаскан, ми сыңарларының шүйде үлесімен және мишықтың жоғарғы беті арасында айналып өтетін цистерна орналасады. Ол өзектәрізді ми аралшығының бүйірімен және орталық мидың төбесінен өтеді. Көпірдің бүйір цистернасы - мишықтың орталық аяқшаларының астынан өтеді, және ең соңғысы көпірдің базилярлы жүлгесі аймағында - ортаңғы көиір цистернасы орналасады.
Мидың торлы қабықасты кецістігі бір-бірімен төртінші карыншанын куысы, ортаңғы және латералді апературасы арқылы, ал соңғысы мидың басқа қарыншаларымен байланысады.
Торлы кабыкасты кецістігінде мидың әр бөлігінен жүлын-ми сүйықтығы, liquor сеrebrospinalis, жиналады.
Сұйыктык периваскулярлы, периневралді саңылау және торлы қабыктың грануляциялары арқылы лимфатикалык және вена­лык жолмен ағып келеді.
МИДЫҢ ЖҮМСАҚ ҚАБЫҒЫ
Мидың жұмсак қабығы, ріа mater en­ cephali, барлық жүлге мен саңылауға еніп, ми затын жауып тұрады. Мидың жұмсак кабығы жүлынның жұмсақ кабығына карағанда, жоғарғы мимен тығыз байланысты болып келеді. Оған кірген кантамырлар мимен байланысып, субпиалді кеңістік құрып, жоғарғы мидан бөлініп тұрады.
Тамыр айналасындағы кеңістік жұмсақ қабықты тамырдан бөліп, тамырлық негізін, tela choroidea, кұрайды. Бұл кеңістік торлы кабықастындағы кеңістікпен байланысады.
Мидың көлденең саңылауы мен мишык-тың көлденең саңылауына еніп, мидың жүмсақ қабығы бөлім аралығын тартып, осы саңылауды қамтамасыз етеді және де III, IV карыншамен тұйықталады.
Мидың жұмсак кабығы қантамырларының өрімі, plexus choroidei, және тамырлык негізі, telae choroideae, бүйірлік III, IV ми карыншасымен байланысты.
Мидың жұмсақ кабығы негізі нервтермен нервтендіріледі, ішкі ұйқы және омыртка артериясымен және де осы артерия тармак­тарымен қанмен камтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет