Орталық ми (средний мозг, mesencephalon) . Орталық миға ми аяғы мен 4 төмпешік кіреді . Оның қуысы - сильний түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар. Жоғарғы екі төмпешікте көрудің қыртыс асты орталығы бар. Ол негізінен жарықты қабылдайды. Ал төменгі екі төмпешікте естудің қыртыс асты орталығы жатыр. Ол дыбысты қабылдайды. Орталық ми көлденең кесілгенде үш бөліктен тұратынын көруге болады 1. төбесі, 2 қақпақ; 3 ми аяқтарының негізі. Каклақ пен ми аяғының аралығында кара заттар (ядролар) бар , ал төбеде қызыл заттар және тор іспетті зат орналасқан. Сильвий түтігі орталық мидың сұр затымен қоршалған. Ол жерде II және IV жұп бас ми және парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми аяқтарының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады. Олар ми жарты шарларын көпір мен мишық ядроларымен біріктіреді. Қара субстанция және қызыл ядролар экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртыс асты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді. Қақпақтан жоғары көтерілуші немесе ішкерідегі (медиаль) өткізгіш жолдар өтеді. Олар сопақша мидан басталып таламус ядроларына дейін барады. Шеткерідегі (латераль) немесе есіту өткізгіш жолдары көпірден төрт төмпешіктің төменгі төмпешіктеріне және аралық мидың ішкерідегі (медиаль) тізесіне барады . Орталық мидың атқаратын қызмет 1. Бұлшық еттің тонусын реттейді .2 Жүру , тік жүру , рефлекстерінің орталығы 3. Жоғарғы төмпешіктер көрудің қыртыс асты орталығы . Олар импульсті көздің тор қабатынан алып , жарықты қабылдауы нәтижесінде көздің шыны сияқты денесі мен қарашықтың пішіні өзгереді , зат анық көрінеді . 4. Төменгі төмпешіктер дыбыстың қыртыс асты орталығы.
115. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы Артқы ми (metencephalon) екі бөліктен: көпір мен мишықтан тұрады. Көпір (pons) немесе вароли көпірі көлденең орналасқан бiлiкке ұқсайды. Көпірдің алдыңғы беті ми сауытының ылдиына , артқы беті мишыққа қараған. Көпірдің алдыңғы бетінің ортасынан ұзынша сай өтеді , онда мидың негізгі артерия қан тамыры орналасқан. Көпірдің артқы беті ромбы тәріздес шұңқырдың құрылысына қатынасады. Көпір екі бүйірінде жіңішкеріп , мишықтың ортадағы аяқтары түрінде мишықпен бірігеді. Көпірдің сұр заты ішінде , ақ заты сыртында. Көпірдің алдыңғы бөлігі негізінен ақ заттан тұрады. Ондағы сүр заттар көпірдің меншікті ядролары. Бүл ядроларға ми қыртысынан жүйке талшықтары келеді, ал одан жүйке талшықтары мишыққа барады. Көпірдің артқы бөлігі көттеген ядролардың жиынтығынан түрады. Олар бас ми жүйкелерінің V - VІІІ - жүптарының ядролары. Vжүп (үштік жүйке) көпірдің ортадағы мишық аяқшасына өтетін жерінен, VI жүп (әкеткіші) жүйке көпір мен сопақша мидың пирамидасының арасындагы сайдан шығады. Бас ми жүйкелерінің VII - VIII жүптары көпірдің артында, көпір мишық, сопақша ми аралығындағы бұрыштан шығады. Көпірдің ақ затынан мидың басқа бөліктерінің өткізгіш жүйке талшықтары өтеді. Көпірдің негізгі атқаратын қызметі: 1. өткізгіштік; 2. рефлекторлық