Анатомия – 120 ом


Сопақша ми, сыртқы құрылысы



бет94/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

116. Сопақша ми, сыртқы құрылысы.
Сопакша ми, medulla oblongata, артқы ми көпіршігінің немесе ромбтәрізді мидың, rhombencephalon, туындысы.
Сопақша ми буылтық түріндегі жұлынның краниалді бағыттағы жалғасы, ми буылтығы, bulbus medullaris, атауын алуы сол себепті. Сопакша мидың ең жуандаған бөлігін сопақша ми буылтығы, bulbus теdullae oblongatae, деп атайды. Сопакша ми конус пішінді, артынан кішкене жалпайған және алдыңғы бөлімдерінде дөңгеленген беттері бар. Оның жіңішке шеті жүлынға, жоғарғы кеңейген шеті көпір мен мишыкка бағытталған. Сопакша ми мен жұлынның арасындағы шекара бірінші мойын нервтің жоғарғы түбіршігінің шығу жері немесе пирамидалар қиылысының, decussatio pyramidum, төменгі деңгейі.
Сопакша ми көпірден алдыңгы бетінде көлденең жүретін жүлге арқылы бөлінеді, жүлгеден ми бетіне әкететін нерв п. abducens шығады. Сопақша мидьщ бойлық көлемі - 3 см, көлденеңі орташа - 1,5 см алдыңғы - арткы 1см-дей.
Сопакша ми озінің алдыңғы, вентралді бетімен ылдидың төменгі учаскесінде жатып, үлкен (шүйде) тесігіне дейін жетеді.
Сопакша мидың алдыңғы, вентралді бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, өтеді, ол жүлынның аттас саңылауының жалғасы. Бүл саңылау жоғары бағытталып, кішкене үңғыл - соқыр тесікпен аяқталады. Сокыр тесік сопақша миды көпірден шектейтін жоғарыда аталған көлденең жүлгеде орналасады.
Алдыңғы орталык саңылау бірінші жүп мойын нервтері түбіршіктерінің будалары шығатын деңгейде кішкене үзіліп, пирамидалар қиылысынан, decussatio pyra­ midum, түзілген беткей саңылау түрінде.
Сопақша мидың көлденең кесіндісінде әрбір пирамиданың будалар жиынтығынан түратынын ажыратуға болады, олар оң және сол пирамидаларда өзара жартылай қиылысып, пирамидалар киылысын, decussatio pyramidum, түзеді. Кейін олар жүлынның латералді жіпше жүйесіне, funiculis spinalis lateralis, латералді кыртыс - жұлын жолы, tractus corticospinalis lateralis, түрінде жүреді. Будалардың калған кішкене бөлігі қиылысқа қатыспай жүлынның алдыңғы жіпше (буда) жүйесіне, funicu­lus (fasciculus) spinalis anterior, алдыңғы кыртыс-жұлын жолы (будасы), tractus corti­ cospinalis anterior, түрінде жалғасады.
Осы аталмыш екі жолды пирамидалы жолға біріктіреді.
Сопакша ми пирамидаларынан тыскары сопакша-дөңгелек пішінді томпак, томенгі олива, oliva inferior, орналасады, ол бүйір жіпшенің алдыңғы бетінде шығып түрады. Оливаны пирамидадан жүлынның аттас жүлгесінің жалғасы алдыңғы латералді жүлгесі, sulcus lateralis anterior, бөледі. Бүл жүлге жүлыннан сопакша мига өткен- де көлденең жүретін сырткы доғатәрізді талшықтармен, fibrae arcuatae externae, тегістеледі, талшықтар оливаның төмен- гі жиегінде орналасып, пирамидаға бағыт- талады. Алдыңғы латералді жүлге тереңінен сопакша мидың бетіне тіласты нервтің, п. hypoglossus, 6-10 түбіршіктері шығады.
Оливалар аркылы өткізілген көлденең кесіндісінде оливаларда нерв талшык- тарымен бірге сүр зат тобын ажыратады, олардың көп бөлігі катпар пішінді - төменгі оливалық ядросы, nucleus olivaris; оның олива-мишық жолымен, tractus olivocer- ebellaris, толтырылған төменгі оливалык ядро қақпағы, hilus nuclei olivaris, бар, және кішкене колемді ядроларының біреуі ішке еніп, медиалді косымша оливалық ядроны, nucleus olivaris accessorius medialis,
баскасы - артта жатып, дорсалді (арткы) госымша оливалык ядроны, nucleus olivaris cessorius dorsalis, түзеді. Сопакша мидың арткы,дорсалді бетінде арткы орталык жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жоғары бағытталып, ми табакшасына, ысырмаға, obex, жетеді. Ми табақшасы, tuberculum nuclei gracilis арасында тартылып, төртінші карынша куысы төбесінің бөлігін құрайды. Жүлынның орталык озегі куысы ысырманың астында төртінші карынша куысына жалғасады.
Арткы орталык жүлгеден тыскары екі жүлге өтеді; біреуі орталык жүлгеге жакын - арткы аралык жүлге, баскасы латералді - арткы латералді жүлге, sulcus lateralis posterior. Арткы латералді жүлге тереңінен 4-5 мөлшерінде тіл-жүтқыншак нервтің, п. glossopharyrigeus, түбіршіктері, 12-16 мөлшерінде кезбе нервтің, п. vagus, түбіршіктері, 3-6 мөлшерінде қосымша нервтің церебралді бөлігінің, pars cerebellalis п. accessorii, түбіршіктері сопакша ми бетіне шығады.
Арткы орталык және арткы латералді жүлгелер жұлыннын аттас будаларының жалғасы саналатын артқы жіпшені, funiculus posterior, шектейді. Артқы аралық жүлге арткы жіпшені екі будаға бөледі, біреуі арткы аралық жүлге мен арткы орталык жүлге арасында жіңішке буда, fasciculus gracilis, ол жоғарыда томпакка - жіңішке ядро төмпешігіне, tuberculum nuclei gracilis, жалғасады, баскасы - арткы аралык жүлге мен арткы латералді жүлге арасында - сынатәрізді буда, fasciculus cuneatus, ол да жоғарыда нашар айкындалған сынатәрізді ядро томпешігіне, tuberculum nuclei cuneati, жалғасады.
Аталған осы томпактарда сүр зат жиынтығы бар: жіңішке ядро томпешігінде жіңішке ядро, nucleus gracilis, сына тәрізді төмпешікте - сынатәрізді ядро, nucleus cu­ neatus. Осы ядролар жасушаларында арткы жіпшенің сәйкес будалар талшыктары аякталады.
Арткы латералді жүлгенің жоғарғы шетінде, тіл-жұткыншак нерв түбіршіктерінің үстінде, арткы және латералді жіпшелер жалғасы түрінде жартылай дөңгелек пішінді буылтык - мишыктын төменгі аякшасы, pedinculus cerebellaris inferior, орналасады. Он және сол мишыктын төменгі аяк­ шалары ромбтәрізді, fossa rhomboidea, шүнкырды латералді және дорсалді шектейді.
Әрбір мишыктың төменгі аякшаларының құрамына латералді үлкен және медиалді кіші бөліктерді түзетін откізгіш жүйе талшыктары кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет