Қасаға, шат сүйегі – os pubis – денеден – corpus ossis pubis, жоғарғы, төменгі тармақтардан – rami superior et inferior ossis pubis және жапқыш тесіктен - тұрады. Қасаға мен отырықшы сүйектен жапқыш тесік пайда болады.
Жоғарғы тармағының жоғарғы бетінде шаттық қыра – pectin ossis pubis байқалады.осы қырқаның төменгі жиегі сүйірленіп жапқыш тесіктің қырқасын - crista obturatoria құрайды. Ал төменгі бетінде саласы – sulcus obturatorius байқалады. Ал алдыңғы бетінде шаттық бұрыш – angulus pubis орналасқан. Осы бұрыштың бетінде бұдырлау келген шат сүйегінің симфиздік буын беті – facies symphisialis орналасқан.
Жамбас астауы – cavitas pelvis – жамбас сүйектерінің, сегізкөздің және құйымшақ омыртқаларының тұйықталуынан пайда болады.Үлкен және кіші астаулары болады. Үлкен жамбас астауы – cavitas pelvis majorкіші жамбас астауынан шекаралық сызықпен – linea terminalis шектелген. Үлкенжамбас астауы іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады.
Кіші жамбас астауы - cavitas pelvisminor – жоғарғы апертурамен – aperture pelvis superior –үлкен астаумен шектеседі. Кіші астауда несеп қуығы, тік ішек, ішкі жыныс мүшелері орналасқан.
Жыныстық және жастық ерекшеліктері бар. Әйелдің жамбас астауының еркек жамбас астауынан айырмашылығы болады. Әйелдің жамбас астауы кең және қысқа, ал ердердікі ұзын болады. Әйелдердің мықын сүйегінің қанаты көбінесе горизонтальді жазықтық бойында орналасады, ерлердікі вертикальді жазықтық бойында. Сегізкөз сүйегі әйелдерде қысқа және жазық, ал ерлерде ұзын және енсіз. Шатастылық бұрыш әйелдерде 90-1000 , ерлерде 70-750 болады. Жамбас қуысының пішіні әйел адамдарда цилиндр пішінді, ерлерде конус тәрізді болады. Апертурасының пішіні әйелдерде дөңгелек, ерлерде жүрек тәрізді орналасады.
Әйел адамдардың жамбасының өлшемдерін білу акушерлік практика маңызды.
Үлкен жамбас астауының өлшемдері: 1. Қылқанды қашықтық – distantia spinarum – мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанының арақашықтығы – 23-25 см.
2. Қырқалық қашықтық – distantia cristarum – мықын сүйегінің қырқа аралық қашықтығы – 25-27 см.
3. Ортан жіліктің ұршық аралық қашықтығы – distantia intertrochanterica – 28-29 см.