10.Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері. Қол басы сүйектері – ossa manus –екі қатар орналасқан білезіктің ұсақ сүйектері, бес жұп қысқа түтікше алақан сүйектері, саусақ сүйектері.
Трапеция сүйек – os trapezium –екінші қатардағы білезік сүйегі. 1 саусақ жақта орналасады. Сыртқы пішіні трапецияға ұқсағандықтан солай аталады. Жоғарыда қайықша сүйекпен буын құрады. Төменінде 1 алақан сүйегімен беттесіп буын құрайды. Алақанның латеральдық бетінде трапеция сүйегінің төмпешігінде– tuberculum ossis trapessi бүккіш кәрі жілік – білезік бұлшықеті – m.flexor carpi radialis батыңқысы байқалады.
Трапеция тәрізді сүйек – os trapesoideum –білезік сүйегінің ішкі бетінде орналасатын, дербес сүйек. Жоғарғы буын беті ойыстау, қайықша тәрізді сүйекпен буындасады. Латеральді және медиальді беттері трапеция мен басты сүйекпен беттесіп буындасады.
Басты сүйек – os capitatum - білезік сүйектің ішіндегі ең ірі сүйек болып табылады. Проксимальді бөлігі жұмырлау, сүйектің басын құрайды. Дистальді бөлігі жуандау болып негізін құрайды. Медиальді беті ілмек тәрізді сүйекпен, латеральді беті трапеция тәрізді сүйекпен буындасады.
Білезік сүйектері – ossa carpi – екі қатар, 8 ұсақ сүйектерден тұрады. Олардың 4-еуі шынтақ сүйегіне жақын жатыр: бұршақ тәріздес, үшқырлы, жарты айшалау, қайықша сүйектер. Ал қолдын саусақ жағындағы 4 майда сүйектер: қармақ тәрізді, көп басты, трапеция сияқты, трапеция сүйектері. Бұршақ тәріздес сүйектен басқа 3 жоғарғы сүйек шынтақ сүйегімен тұтасып, буындық бет түзеді.
Қайықша тәрізді сүйек – os scaphoideum –проксималды жақта, басбармақ жақта орналасқан. Оның сыртқы пішіні қайыққа ұқсас болғандықтан, солай аталады.
Үш қырлы сүйек – os triguetrum – жарты ай тәрізді сүйектің ішкі бетінде орналасқан. Жоғарғы дөңес буын беті білек сүйектерімен беттесіп буын құрайды. Төменгі беті сәл ойыс, ілмек сүйекпен, бұршақ тәрізді сүйекпен беттесіп буын құрайды.
Бұршақтәрізді сүйек – os pisiforme – ең ұсақ сүйек, буындасуға қатыспайды.
Жарты ай тәрізді сүйек – os lunatum қайықша тәрізді сүйектің ішкі бетінде орналасады. Проксимальді буын беті жуындау, кәрі жіліктің төменгі бетіндегі беттерімен буындасады. Дистальді беті ойыстау болады. Латеральді бөлігінде басты сүйектің басымен буындасады.