Екі шындық бір өтірік» шаттық шеңбері. Мұнда оқушылар шеңбер бойымен өздерінің екі шындығын және бір өтірігін айтып шығады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады.
«Сымсыз телефон» шаттық шеңбері. Бұл әдісте мұғалім өзінің сол жағында тұрған оқушының құлағына ешкім естімейтіндей сөйлем айтады. Мысалы бүгінгі тақырыптың аты болсын немесе тағы басқа да ойдан құрастырылған сөйлем. Осыны әрі қарай оқушы естігенін келесі оқушыға сыбырлап айтады, солай әрі қарай жалғасады. Шеңбер аяғында міндетті түрде басында мұғалім айтқан сөйлем басқалай шығады. Бұл әдіс оқушылардың қабылдау қабілеттерін тексеру үшінде қолданылады.