Мұғалім бірінші баланың құлағына ертегіден үзіндіні сыбырлап айтады: «Балалар, самұрықұйқысын әбден қандырды. Қарны ашқан соң, ұшып кетті. Қалғанын ертең айтамын...» Үзінді балаға анық естілуі керек. Бір-ақ рет сыбырлап айтатынын ескерту. Келесі бала ары қарай жалғастырады.
Ең соңғы оқушы ертегі үзіндісін қалай естісе, солай дауыстап айтып береді. Айтылған алғашқы нұсқа өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Орта тұстағы бірнеше баладан да не естігені сұралады.
- Балалар, ауыз әдебиеті үлгісі болатын ертегілер мен осы ойынның арасында қандайұқсастық бар? (Теорияны қайталау мақсатындағы жұмыс).
- «Ерте, ерте, ертеде» деп басталатын ертегілерді тыңдап өскен қазақ ауылының балалары қандай «өнердің сайыпқыраны» болғанын білгілерің келсе, мәтінді оқиық. «Сайыпқыран» сөзіне түсініктеме беру.
II. Мағынаны тану.
1 -абзацты оқып, мазмұнын түсіну.
- Мәтіннен не түсіндік?
- Оқиға басталды ма?
- Егер басталмаса, бұл не болуы мүмкін?
Оқушылар жауабы: а) пейзаж; ә) портрет. Пейзаждың не екені еске түсіріледі.
Қорытынды сөз арқылы бұл Қазақстанның қай аймағы екенін картадан іздеп табу.
- Оқиға басталмағанымен, оқиға болатын орын бейнеленген.
- Ал осы үзіндіде қандай кейіпкердің аты аталады?
- Әңгімелеуші адамның әкесі - Кенжетай. Оның әкесі - Айман.