«Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері. Мұғалім өзінің сол жағында тұрған оқушыға шын жүрегінен ыстық ықылас білдіреді де қолындағы жүректі сол оқушыға береді. Әрі қарай сол оқушы өзіннен кейінгі тұрған оқушыға ықыласын білдіріп жүрегін ұсынады. Дәл солай шеңбер бойымен шалғасады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сабақта жақсы көңіл күймен отыру үшін қолданылады. Әр бір адам өзіне жылу лебіз сөздер естісе жақсы әсерде болады.
«Уәде беремін!» шаттық шеңбері. Бұл шаттық шеңбері мұғалімнен бастап өз уәдесін айнаға қарап айтады да аяғында уәде беремін дейді. Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздеріне уәделерін айтып өтеді. Мысалы мұғалімнің уәдесі: «Мен бүгнгі сабақта жақсы ат салысып қатысқан оқушыны міндетті түрде марапаттауға уәде беремін» деген сияқты. Бұл әдіс оқушыларды өз бойына міндет алуға үйретеді. Және сол міндетті орындауға тырысады.