№ 6 дәріс ЖАНУАРЛАРДЫҢ АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫ 1 Күйістілердің асқорыту жүйесі стронгилятоздары Күйістілердің асқорыту жүйесінде Strongylata тек тармағына қарасты келесі Strongylidae тұқымдасынан Chabertia туысы, Ancylostomatidae - Bunostomum туысы, Trichonematidae - Oesophagostomum туысы және Tricho-strongylidae - Trichostrongylus, Ostertagia, Marschallagia, Cooperia, Haemon-chus, Nematodirus, Nematodirella, Mecistrocirrus және т.б. туыстары тоғышар-лық етеді. Көрсетілген әр туыстың көптеген түрлері өз алдына жергілікті жердің табиғи-климаттық жағдайларына қарай, бір аймақта кеңінен, келесісінде - жеке дара ауру тудырады. Алайда аталған паразиттердің орналасу орны мен даму циклі, індеттанулық ерекшеліктері, патогенезі, байқалу белгілері мен балау тәсілдері ұқсас болғандықтан, алдын алу және ем шаралары да өте ұқсас, сонымен бірге күйістілерде жиі миксинвазия түрінде тіркеледі.
ҚОЙ НЕМАТОДИРОЗЫ 1 Қойдың аталмыш ауруы Nematodirus туысына қарасты нематоданың тоғышарлығынан туындайды. Сонымен бірге нематодирозға ешкі, бұзау, түйе, бұғы және басқа жабайы жануарлар бейім. Нематодирозға үй қояндары да өз сезімталдығын білдіреді.
Нематодироздан тиетін экономикалық зиян бірінші ретте қойдың жаппай қырылуымен, ет және жүн өнімдерінің күрт төмендеуімен сипат-талады.
2 Қоздырушылары - ұзындығы 7-30мм, жіңішке, бас жағында везику-ласы бар, ұзын жіпше тәріздес спикулаларының шеттері мембранамен жалғасқан нематода. Жиі кездесіп таралған түрлерінің: Н.ойратианус, Н.спатигер, Н. филликолис, Н.гельветианус, Н.абнормалис. Биологиялық тұғырығы – жіңішке ішек.
Ауыз қуысында хитинделген тісі бар. Аталығының жыныс бурсасы қомды екі латералды бір дорсалды жапырақшамен, екі ұзын, жіңішке спикулалармен жабдықталған. Жұмыртқалары ірі, элипстәрізді. Зардапты личинкасының 8 ішек жасушасы болады.
3 Даму биологиясы. Жұмыртқа ішінде личинка ұзақ дамиды. Ішке түскен жағдайда ішектің қабатында екі рет түлеп, ішек саңылауына шыққан соң 24-26 күн өткенде имагоға айналады. Ішекте 5 айға дейін өмір сүреді.
4 Ауру энзоотия түрінде биылғы туған қозыларда кездеседі. Маусымдық динамикасы географиялық белдеулерге байланысты өтеді. Инвазия интенсивтілігі қоздырушының жұғуына қарай оннан бірнеше мыңға дейін жетеді (Кәдіров Н.Т., Токпанов С.С.).
5 Ауру дамуында ішек кілегейінің қабынуы (эпителий эрозиясы, некрозы) нематодирлердің қанмен қоректенуімен тығыз байланысты, сондықтан, анемия және асқорыту жүйесі қызметінің бұзылуы, патогенді микрофлораның енуі (инокуляция) басқа инфекциялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады.
6 Сыртқы белгілері ас қорыту жүйесі қызметінің бұзылуымен, яғни іш өтумен сипатталады. Нәжісі сұйылып, соңында сутектес болады. Қозыларда ішек жиырылуы жиілеп, тамыр соғуы минутына 140-180 ретке дейін жетеді, кілейгей қабықтары бозарған, сирақ-сандары, құлағы, ауыз қуысы суиды, жиі тыныс алады. Зілді ағымында басын кекірейтіп, аяқтарын созып, жүріс-тұрысы бұзылады (атаксия). Дене температурасы 41оС көтеріліп, ауру соңында өледі.
7 Балау кешенді түрде жүргізіледі. Лабораторлық зерттеулерден Фюл-леборн әдісімен (овоскопия) және Берман-Орлов бойынша (ларвоскопия) жүргізіп дәлелдейді. Жайылым жағдайында ауырған қозыларды дәрілеп диагнозды растауға (сыртқы нәжіспен түскен нематодирлерді анықтағанда) болады.
8 Емдеу. Нилверм (0,015 г/кг), ринтал (10мг/кг), морантел (0,08г/кг, екі рет), тивидин (30-50мг/кг), тиабендазол (100мг/кг) жеммен, ивомек, тафен, баймек, сайдектин, альвет, альбендазол және т.б.
9 Дауалау ересектерді екі рет (көктем мен күзде), ал қозыларды әр 30-32 күн сайын дегельминтизациялау арқылы жүргізіледі. Жайылымды әр 6-7 күн сайын ауыстырып отыру және химиопрофилактика ретінде фенотиазин:тұз қоспасын күнделікті қолдану арқылы жүргізіледі.