Анатомия – 120 ом


Қызыл сүйек кемігі; сары сүйек кемігі



бет70/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

88.Қызыл сүйек кемігі; сары сүйек кемігі;
Иммундық жүйенің орталық ағзаларына сүйек кемігі мен тимус жатады.
Сүйек кемігі, medulla ossium – сүйектердің кеуекті заттекте және сүйек қуыстарында орналасатын ағза. Негізгі қызметі қан түзу болып табылады.
Адам организмінде сүйек кемігінің 2 түрі болады.
1.Қызыл кемік, medulla ossium rubra
2.Сары кемік, m.o.flava
Қызыл кемік – Орналасуы: үлкен адамда жалпақ және қысқа қысқа сүйектер мен ұзын түтікті сүйектердің эпифиздерінің кеуекті заттектің ұяшықтарында.
Бұл кемік миелоидты тіннен тұрады.Миелоидты тінді торлы тін (строма)және гемоцитопоэткалық элементтер (дифферондар)құрайды.
Дифферондарға эритропоэткалық дифферон, гранулоцитопоэтикалық дифферон, мегакариобласттар, моноциттер және лимфоциттер жатады.
1.Эритропоэтикалық дифферонда эритропоэз жүреді.Айналасында эритробласттар жинақталған макрофагтармен түзілген эриропоэтикалық аралшықтардан тұрады.Макрофаг эритробласттардың ядроларын синтездейді және оларға феритинді, эритропоэтин мен Д витамин жеткізеді.
2. Гранулоцитопоэтикалық дифферонда базофил, эозинофил, нейтрофилдер түзіледі. Аттас аралшықтар түзеді және ол протеогликандармен қоршалған.
3.Мегакариобласттар цитоплазмасадан бөдініп шығатын тромбоциттер және қан арнасына келіп түседі, олар көпядролы клеткалар.
4.Моноциттер сүйек қызыл кемігінде пісіп жетіледі.
Строма сүйектің өмірлік іс - әрекетінде және оның дамуына қатысады . Стро курылымының аралыктарында кан түзу үрдісіне қатысатын бастауыш ( бағаналык ) клеткалар ізашар клеткалар , эритробласттар , миелобласттар , монобласттар , метакарнобласттар , промиелоттер , миелоциттер , метамиелоциттер , метакариоптер , макрофагтар және каннын жеritаrен формалик элементтері болады
Қорыта айтқанда , сүйектің қызыл кемігінде қанның және иммундық жүйенің барлык клеткаларының ізбасарлары болып табылатын бастауыш ( бағаналық ) қан түзетін клеткалар орналасады . Осы ерекшелігіне байланысты , қызыл сүйек кемігі гемопоэздін және иммуногенездің орталык ағзасы болып табылады .
Сүйектің сары кемігі ( mestula ossium flava ) , адамның жасы ұлғалау сайын миелоидты және лимфоидты тіндерді алмастыратын ( орнын басатын негізінен май тінінен тұрады . Сүйектін сары кемігі деп аталуы , кайта түзілген торы ( ретикулярлық ) клеткалардағы сары түсті май түйіршіктерінің болуымен байланысты . Сүйектің сары кемігінде кан өндіретін элементтер болмайды .Сүйек - ағза ретінде қарастырылады , яғни сүйектің негізгі келемін алып жататын сүйек тінінен , сүйек кемігінен , сүйек кабыгынан , буындык шеміршектен және кептеген нервтер мен тамырлардан тұратын күрделі құрылым болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет