Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатың күрделі нервтік механизм.
Ішкі ортасынан қабылдайтын анализаторлардың қыртыстық шеттері:
1.Қозғалыс анализаторының ядросы, яғни сүйек, буын, қанқа бұлшықеттерінің мен олардың сіңірлерінен шығатын проприоцептивтік тітіркенулердің анализаторының ядросы орталық алдынғы қатпар мен lobulus precentralis құрамында жатады
2. Бас пен көздің қарама – қарсы жаққа үйлесімді бұрлысына қатысы бар қозғалыс анализаторының ядросы ортаңғы мандай қатпарында, алдыңғы қозғалыс аймағында орналасады.
3.Қозғалыс анализаторының ядросы арқылы мақсатты бағытталган күрделі кәсіби, еңбек және спорттық қозғалыстар синтезделеді. Оның ядросы төменгі шеке үлесшесінде, gyrus supramarginalis –те орналасады.
4.Бастың орналасу қалпы мен қозғалыс анализаторының ядросы -статикалық анализатордың ( вестибулярлық аппарат)
Сыртқы ортасынан келетін нерв импульстары- сыртқы анализаторларының қыртыстық шеттеріне келеді.
1.Есту анализаторының ядросы жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігінде, аралшыққа қараған бетте жатады. Ол зақымданса керендік пайда болады.
2.Көру анализаторының ядросы шүйде үлесінде жатады. Шүйде үлесінің ішкі бетінде sulcus calcarinus-тың жиектерінде көру жолы аяқталады. Көру анализаторы ядросы зақымданғанда адам соқыр болып қалады.
3.Иіс сезу анализаторының ядросы иіс миы негізінде – uncus-те гиппокампта орналасады.
4.Дәм сезу анализаторы ядросы орталық артыңдағы қатпардың төменгі бөлігінде, иіс сезу анализаторының қыртыстық шетімен көрші жатады.
5.Тері анализаторының ядросы ( жанасу, қысым сезу,ауырсыну және температура ) сезімталдығы орталық артыңдағы қатпарда және жоғарғы шеке аймағы қыртысында жатады.
6.Сөз қозғалтқыш анализаторы, ол төменгі маңдай қатпарының артқы бөлігінде жатады. Орталық зақымданғанда ең қарапайым сөз бұлшықеті қозғалыстарын жасау, айқайлау,тіпті ән салу қабілеті сақталады да, бірақ сөз сөйлеу қабілеті жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |