Анатомия – 120 ом


Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері



бет84/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

104.Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері
І. Жұлынның жұмсақ қабығы pia mater spinalis. Ішінде тамырлар орналасады, жұлынды қоршап жатады.
ІІ. Жұлынның қатты қабығы arachnoidea spinalis жұлынның жұмсақ қабығының сыртынан қоршап жатады.
- саңылау тәрізді тесіктерінде қантамырлары болмайды;
- Фронталды жазықтығында lig. Denticulatum.
- жұлынның бекінуіне қатысатын lig. Subarachnoidalia.
ІІІ. Жұлынның қатты қабығы dura mater spinalis барлық қaбықтарды қоршап тұратын, дәнекер тінді қабат.
Кеңістіктері:
1) эпидуральды кеңістік немесе жұлынның қатты қабығының сыртындағы кеңістік. Бұл кеңістік шелмаймен, омыртқаның ішкі веналық өрімдерімен және дәнекертінді траберкулалық стромамен толтырылған.
2) субдуральды кеңістік немесе жұлынның қатты қабығының астындағы кеңістік. dura mater spinalis пен arachnoidea spinalis арасында орналасқан. arachnoidea spinalis саңылау тәрізді тесіктері арқылы келетін liquor cerebrospinalis (ми-жұлын сұйықтығы) болады.
3) субарахноидтық кеңістік немесе торлы қабық астындағы кеңістік. pia mater spinalis және arachnoidea spinalis арасында орналасқан.бұл кеңістікте де liquor cerebrospinalis (ми-жұлын сұйықтығы) болады.
liquor cerebrospinalis алу үшін немесе жұлынға дәрілік немесе контрасттық зат егу үшін LIII-LIV омыртқаларының processus spinosus арасына бел пункциясын жасайды.

105.Мидың дамуы , ми көпіршіктері, олардың туындылары қалдық қуыстар
Құрсақтық дамуда ең алдымен нерв түтігінің алдыңғы бөлімінен- ми дамиды. Дамудың 3-аптасында ми үш бөлікке бөлінеді. Алдыңғы- prosensephalon, артқы- mesensephalon, ортаңғы- rhombencephalon ми көnіршіктері түзіледі.
Дамудың 5-ші аптасында алдыңғы ми көпіршігі 2-ге бөлінеді, олардан соңғы – telencephalon және аралық- diencephalon ми дамиды. Артқы ми көпіршігі екіге бөлініп, сопақша ми- myelencephalon мен меншікті артқы- metencephalon дамиды. Осылай мидың 5-көпіршігі дамиды.
Бүйір қарыншалар (Ventriculi lateralis)- симметриялы. Алдыңғы ми көпіршігінің алдыңғы бөлігінің және соңғы мидың қуысының туындысы. Оның 4 бөлімі бар:

1) орталық бөлім(pars centralis) – төбе үлесінде;


Жоғарғы қабырғасы- сүйелді дене corpus callosum , түбі – құйрықты ядроның денесі, corpus nuclei caudati , көру төмпешігі thalamus және күмбез Fornix.

2) алдыңғы мүйіс (cornu anterius) - маңдай үлесінде;


Медиалды қабырғасы- мөлдір аралық septum pellucidum,
Латериальды қабырғасы – құйрықты ядроның басы caput nuclei caudati,
Алдыңғы, төменгі, жоғарғы қабырғалары: сүйелді дененің тізесі және аймағындағы мандайлық қысқыштар forceps frontalis.

3) Артқы мүйіс (cornu posterius)- шүйде үлесінде;


Жоғарғы және латериальді қабырғасы- сүйелді дененің буылтығы splenium corpus callosi аймағында орналасқан шүйделік қысқыштар- forceps occipitalis;
Басқа қабырғалары- ақ заттегі (шүйде үлесінденің кілемі – tapetum )

4) төменгі мүйіс (cornu inferius)- самайда.


Латериальды және медиальды аймағы- кілемнің самайлық бөлігімен жалғасқан ақ заттегі.
Медиальді қабырғасы – hippocamp- пен түзілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет