Анатомия ғылымының даму тарихы



Дата08.02.2023
өлшемі13,75 Kb.
#168053
Байланысты:
Àíàòîìèÿ ?ûëûìûíû? äàìó òàðèõû
РК1,30%, ФАРМ ПФ23-24

  1. Анатомия ғылымының даму тарихы.

Анатомияның негізін салушы – Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған. Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу – Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол дәрігерлік ғылымның канондары анатомиясы туралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісі туралы да айтып кеткен. Ежелгі грек ғалымдары Демокрит, Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады. Және де үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды. Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді. Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді. Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалым Леонардо да Винчи суретші, математикғ инженер, ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған. Мальпиги мен Шумлянский каптллярларды ашып қан айналу түйық екендігін дәлелдеді. Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.

  1. Анатомияның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Анатомия мен спорттық морфология бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жалпы анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттеп, дене тәрбиесі және спортқа қажетті ақпараттар береді. Физиология – мүшелер мен мүшелер жүйесін зерттейтін ғылым. Гигиена – денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді. Цитология – жасушалар туралы ғылым. Гистология – ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет