Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тамақтану тәртібі. Рационалды тамақтану



бет51/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Тамақтану тәртібі. Рационалды тамақтану.
Тамақтану ағзаның қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.Тамақтану туралы ғылымды нутрициология дейді. Тағам ағзаның жұмсаған энергиясын толықтыру, өлген жасуша мен тіндерін қайта қалпына келтіру және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді. Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына, жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок, май, көмірсу, минерал заттары және дәрумендері бар тағам қажет. Тамақ құрамында ағза тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, ақуыз, көмірсу, май, дәрумен, минерал заттары, су болуы қажет. Ересек адамдарда, салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда - 130-160 г ақуыз қажет. Балаларда қажетті ақуыз мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса - 100 г дейін май, және оның құрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн.Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы ақуыз, көмірсу, майдың өзара қатынасы 1:1:4 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пайдаланылу үшін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болғаны дұрыс. Өсімдіктік зат көбіне шикі күйінде пайдаланып ағзаны қажетті дәрумен, ферменттермен қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жетіспеуінен ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы түруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз).
Рационалды тамақтану дегеніміз – бір тәуліктегі адамға қажетті болған тамақтың мөлшерін және құрамын айтамыз. Рационалды тамақтануға ерекше талаптар қойылады. Ол ағзаның барлық тәуліктік энергетикалық құндылығын толтыру тийіс. Тамақтың құрамына ағзаға қажет барлық заттар болу керек. Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілеу, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған. Тамақ қабылдау уақыты және рационы дұрыс тәртіппен жүргізілу керек. Таңертеңгі ас рационы- 30%, түскі ас рационы- 50%, кешкі ас рационы-20% құрайды. Асты ұйқыдан 3 сағат алдын қабылдау керек. Дұрыс тамақтану адам ағзасының қалыпты физикалық және психикалық өсуіне, жүмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға төзімділігі жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет