Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет111/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Сезім мүшелері


Талдағыш,рецепторлар түрлері. Рецепторлар жіктелуі.
Адамда сезім мүшелері өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асырады. Сезім мүшелері немесе талдағыштар деп белгілі бір ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Талдағыштар туралы ілімді И.П. Павлов ашты.
Талдағыш үш бөліктен тұрады:
1) шеткі бөлім рецептор;
2) аралық бөлім сезімтал нейрондар;
3) орталық бөлім ми қыртысы.
Бұл үш бөліктің біреуі зақымданса белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеті жойылады.
Рецепторлардың жіктелуі. Барлық рецепторлар үш топқа бөлінеді:
1.экстерорецепторлар;
2.интерорецепторлар;
3.проприорецепторлар.
Экстерорецепторларсыртқы орта әсерін қабылдайтын рецепторлар. Оларға көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің рецепторлары жатады.
Интерорецепторлар- ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлар. Оларға асқазан, бүйрек, ішкі секреция бездеріндегі рецепторлар жатады.
Проприорецепторлар - буын, сіңір, бұлшықеетің өзгерістерін білдіретін рецепторлар жатады.
Рецепторлар табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі:

  • механорецепторлар - есту, тепе-теңдік, тірек-қимыл аппаратының, терінің сипап сезу, жүрек пен қан-тамырларының қысым қабылдағыштары,

  • хеморецепторлар - дәм, иіс, және тіндердің химиялық заттарды сезетін қабылдағыштары, фоторецепторлар - көру қабылдағыштары,

  • терморецепторлар - терінің және ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіштері

Тері және оның туындылары. Дәм сезу және иіс сезу мүшелері.
Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересек адамдағы көлемі 14-16 м2–қа дейін жетеді. Онда сезімтал жүйкелер рецепторлары, тері, май бездері, ет тіндері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан, қорғаныс, сезім, зат алмасу, тер шығару, т.б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныштық қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сондай-ақ неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді.
Тері негізінде беткей-эпидермис, меншікті-дерма және шел қабаттарынан-гиподерма түзілген.
Терінің беткей қабаты немесе эпидермис. Оның ең қалың жерлері алақан мен табан бөліктерінде кездессе, жұқа жерлері төменгі және жоғарғы қабақ тұстарында болады. Эпидермис көп қабатты эпителий тінінен түзілген, оның беті түссіз қасаң қабықшамен жабылған. Олар өлі жасушалар болғандықтан, түрлі сыртқы ортаның әсерінен түлеп, жаңа жасушалармен алмасып тұрады. Эпидермистің тереңінде миелинді (пигмент) зат алмасады. Ол теріге белгілі бір түс беріп тұрады. Осы пигменттің құрамы мен мөлшеріне байланысты адам терісі ақшыл түстен қараға дейін жетеді. Эпидермис қорғаныштық маңызымен бірге, денені құрғаудан сақтайды.
Терінің меншікті қабаты немесе дерма дәнекер тін мен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді талшықтар әр түрлі бағытта жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырлары, сезімтал жүйке ұштары, бір ыңғай салалы ет талшықтары, тері және май бездері, шаш түбірі орналасады. тіндері де болады.
Терінің шел немесе гиподерма қабаты негізінде май тінінен түзілген.
Тері туындыларына жатады: сүт бездері, тырнақ, шаш жатады.
Дәм сезу талдағышы
Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің шырышты қабығындағы дәм емізікшелерінде орналасқан. Сыртқы пішініне қарай жіпше тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақша және науашық тәрізді емізікшелер деп бөлінеді. Дәм емізікшелеріне тіл жұтқыншақ-ІХ, бет-VІІ және кезбе-Х жүйкелерінің ұштары келіп аяқталады. Осы жүйке рецепторлары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады.
Иіс сезу талдағышы
Иіс сезу талдағышының шеткі бөлігі мұрын қуысының кілегей қабатының жоғарғы бөлігі болып саналады. Бұл жерде иіс сезімін қабылдайтын жүйке рецепторлары жатады. Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді. Олардың бір ұшы шырышты қабықтан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет