Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет107/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Жұлын жүйкелері, nn. spinales, жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш) және артқы (сезімтал) түбірлерінің қосылуынан түзіліп, денеге метамерлі тармақталатын аралас жүйкелер. Екі түбір бір-бірімен омыртқааралық тесікте қосылып, одан шыға берісімен төрт тармаққа бөлініп кетеді: алдыңғы, артқы, менингеалды және дәнекер. Менингеалды тармағы омыртқа өзегіне қайта еніп, жұлынның қатты қабығын жүйкелендіреді. Дәнекер тармағы симпатикалық сабаудың түйіндерімен байланысады. Адамда жұлын сегменттеріне сәйкес 31 жұп жұлын жүйкелері болады: 8-мойын, 12-кеуде, 5-бел, 5-сегізкөз және 1-құйымшақ.
Артқы тармағы тұлғаның барлық бөлімінде сегментті түрде кездеседі. Олар шүйде мен арқаның терең бұлшықеттерін, сонымен қатар арқа мен бел аймағының, бөксенің терісін жүйкелендіреді.
Алдыңғы тармақтары артқысына қарағанда жуан әрі ұзын болады. Тек кеуде бөлімінің алдыңғы тармақтары ғана өзінің метамерлік құрылысын сақтайды. Ал қалған бөліктері өзара жалғасып, жүйке өрімдерін түзеді. Оларға мойын өрімі, иық өрімі, бел өрімі және сегізкөз өрімі жатады.
Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын жүйкелерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Өрімнен шығатын тармақтар ұзын және қысқа болып бөлінеді. Қысқа тармақтары: үлкен құлақ жүйкесі, n.auricularis magnus, кіші шүйде жүйкесі, n.occipitalis minor, мойынның көлденең жүйкесі, n.transversus colli, және бұғана үстi жүйкелері, nn. Supraclaviculares.
Ұзын тармағы: көкеттік жүйке, n.phrenicus.
Иық өрімі, plexus brachialis, төменгі төрт мойын (СVVІІІ) және бірінші кеуде (ТhІ) жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Иық өрімінің жүйкелері қысқа және ұзын болып бөлінеді.
Иық өрімінің қысқа тармақтары:

  1. жауырынның дорсалды жүйкесі, n.scapularis dorsalis;

  2. жауырынасты жүйкесі, n.subscapularis;

  3. кеуде-арқа жүйкесі, n.thoracodorsalis;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет