Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет32/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Тіл бұлшықеттері көлденең жолақты ет талшықтарынан түзіледі. Тіл бұлшықеттері үш перпендикулярлы жазықтықтарда орналасқан меншікті бұлшықеттерден және бас қаңқасы сүйектерінен басталатын қаңқа бұлшықеттеріне бөлінеді.

  1. Қаңқалық бұлшықеттері:

- иек-тіл бұлшықеті, m.genіoglossus,
- біз-тіл бұлшықеті, m. styloglossus,
- тіл асты-тіл бұлшықеті, m. hyoglossus,
Тілдің меншікті бұлшықеті:
- көлденең бұлшықеті, m. transversus,
- тілдің вертикалды бұлшықеті,m.vertіcalіs.
Сілекей бездері. Ауыз қуысына ірі және майда сілекей бездері ашылады. Сілекей ауыз қуысының шырышты қабатын жұмсартумен қатар тағамды жібітеді, қоректік заттарды ыдыратуға қатысады және бактериоцидті қасиетке ие. Майда сілекей бездері тілдің шырышты қабаты мен шырыш асты негізінде орналасады. Орналасуына қарай ерін бездері, ұрт бездері, азу, таңдай және тіл бездері болып бөлінеді.
Ірі сілекей бездері жұп болып, ауыз қуысынан тыс жерде орналасады да, шығарушы түтіктері ауыз қуысына ашылады. Оларға тіл асты, жақ асты, және шықшыт бездері жатады.
Құлақ маңы немесе шықшыт безі, glandula parotіdea, салмағы 20-30 г жуық болатын күрделі алвеолярлы без. Сілекей бездерінің ішіндегі ең ірісі. Ол құлақ қалқанының алдыңғы төменгі жағында төменгі жақ сүйегі тармағының сыртқы бетінде, шайнау бұлшықетінің артқы жиегінде орналасады. Шықшыт безінің шығарушы өзегі бездің алдыңғы жиегінен шығып, алға қарай бет доғасынан 1-2 см төмен жүре отырып, ұрт бұлшықетін тесіп өтіп, ауыз кіре-берісінде жоғарғы екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады.
Жақасты безі, glandula submandіbularіs, төменгі жақ сүйегінің астыңғы жағында, тіласты-тіл және біз-тіл бұлшықеттеріне жанасып орналасады. Жақасты безінің өзегі алға қарай тіласты сілекей безінің медиалды жағымен жанаса отырып, тіласты бүртігіне ашылады.
Тіласты безі, glandula sublіngualіs, Ауыз қуысы шырышты қабатының астында орналасады. Бездің үлкен өзегі жақасты безінің өзегімен қосылып тіласты бүртігіне ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет