Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы мен маңызы.
Асқорыту ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтай кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, сапасы анықталады. Көмірсулар ыдырай бастайды. Ауызға келіп түскен тағам екі жолмен өңделеді: механикалық және химиялық. Механикалық өңдеуге бөлшектеу, шайнау, жұту, ал химиялық өңдеуге сілекейдің құрамында ферменттердің әсерінен көмірсулардың ыдырауы өтеді. Механикалық өңдеуде ұсатылған тағам сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқыншаққа жетіп жұтылады.Ауызда кейбір дәрі дәрмек және көмірсулы заттар сіңеді.
Сілекейдің құрамы мен маңызы.Сілекей коймалжың сұйық зат. Ол ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінен бөлініп шығады. Оларға шықшыт, жақ асты, тіласты бездері жатады. Адамда тәулігіне 1-1,5 литр сілекей бөлінеді. Сілекей құрамында 98,5-99% су, 0,5-1,5% құрғақ зат болады. Құрғақ заттарға бейорганикалық және органикалық заттар бар.Бейорганикалық заттарға тұздар, натрий калий,кальций, сулфаттар, карбонаттар болады. Органикалық заттарға ақуыздар албумин глобулин ,ферменттер,муцин жатады. Сілекей құрамындағы негізгі фермент амилаза деп аталады . Оның қызметі комірсуларды полисахаридтерді дисахаридтерге одан моносахаридтерге ыдыратады. Сілекейде лизоцим заты да бар. Ол ауызға келіп түскен микроағзаларды өлтіреді. Лизоцим әсіресе ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз,ауызда сапрофиттер көп ,қолайсыз жағдайда олар зиянды микробтарға айналып ауру тудыруы мүмкін .
Муцин гликопротейд шырышты сілтілі зат, шайналған асты жұмсартып жұтқыншақтан өңештен ауыртпай сырғанақ етіп өткізеді. Сілекей құрамында қаннан келген ферменттер болады,сондай ақ қан ұюын тездетеді және тежейді.Сілекейде сондай ақ аз мөлшерде амин қышқылдары, мочевина несеп қышқылы бар .Бұл затттар ақуыз алмасуы кезінде пайда болған сілекейге қаннан келген. Сілекей мынадай қызмет атқарады.
* ауыздың шырышты қабатымен тісті ұдайы дымқыл күйде ұстап тұрады,физикалық және химиялық зақымданудан сақтайды.
*ауызға тускен ,тіске қонған заттарды жуып-шайып оларды ұдайы тазартып отырады.
* құрамындағы лизоцим ферменттері әсерінен бактерияларды өлтіреді.
* нуклеаза және трансаминаза вирустардың нуклейн қышқылын бұзып вирустан адам ағзасын қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |