Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет37/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Асқазан топографиясы. Асқазан құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде, көкет пен бауырдың астында орналасады.
Асқазан қабырғасының құрылысы. Асқазан қабырғасы шырышты қабат шырыш асты негізімен, бұлшықет қабатынан және сірасты негізімен болатын сірлі қабаттардан тұрады.
Шырышты қабаты көптеген қатпарлар түзетін бір қабатты цилиндрлік эпителиймен жабылған. Асқазан қатпарлары әртүрлі бағытта орналасады: кіші иіні тұсында бойлық қатпарлар, денесі мен түбі аймағында көлденең, қиғаш және бойлық қатпарлар болады. Асқазанның он екі елі ішекке өтер жерінде сақина тәрізді қатпар қақпа қақпақшасы орналасады. Ол қақпақша қақпалық қысқыш жиырылғанда асқазан мен он екі елі ішекті бөліп тұрады.
Асқазанның шырышты қабатында асқазан алаңдары мен асқазан шұңқыршалары болады. Асқазан шұңқыршалары асқазан алаңдарында орналасады және шұңқыршаларға көптеген (35 млн жуық) асқазан бездерінің тесіктері ашылады. Асқазан бездеріне кардиалды, меншікті және пилорикалық бездер жатады
Шырыш асты негізі асқазанда жақсы дамыған, қан тамырлары мен жүйке талшықтарына өте бай.
Бұлшықетті қабаты үш қабат бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұрады: сыртқысы-бойлық, ортаңғысы-дөңгелек, ішкісі-қиғаш ет талшықтарынан түзіледі. Сірлі қабаты асқазанның барлық жағынан қаптайды, сондықтан да асқазан интраперитонеалды орналасқан мүше болып табылады.


Асқазандағы астың қорытылуы. Асқазан сөлі мен құрамы
Асқазанға келіп түскен ас кесегі екі жолмен өңделеді: механикалық және химиялық. Химиялық өңдеу асқазан сөлі құрамындағы ферменттердің әсерінен ас ыдырайды. Механикалық өңдеу асқазан бұлшықеттердің жиырылуынан іске асады.
Асқазан бұл - ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей. Адамда асқазан бездері тәулігіне 2-2,5 литрдей сөл шығарады.Тағам асқазанда 6-10 сағат сақталады. Ақуызды және майлы тағамдар асқазанда ұзақ сақталады. Асқазанда су ,спиртті заттар қанға сіңеді Ал көмірсулы тағамдар тез онекі елі ішекке өтіп отырады Ол түссіз, реакциясы қышқыл рН 0,9-1,5 құрамында 0,5-3,5% құрғақ зат бар. Құрғақ заттарға бейорганикалық және органикалық заттар жатады. Бейорганикалық заттарға Nа, К, Са хлоридтері, сульфаттары, фосфаттары, әсіресе тұз қышқылы көп (0,3-0,5%). 'Тұз қышқылының мәні ағзаға келіп түскен зиянды заттарды бейтараптап отырады, күрделі заттарды ыдыратып ерітеді. Органикалық заттарға — ферменттер мен муцин жатады.
Муцин асқазанның ішкі шырышты қабатын түрлі механикалық зақымданудан сақтайды.
Асқазан сөлі құрамында мынандай ферменттер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет