Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Бұылтық-несеп шығаратын өзек (Купер) бездері, бульбоуретральные железы, glandulae bulbourethrales



бет71/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Бұылтық-несеп шығаратын өзек (Купер) бездері, бульбоуретральные железы, glandulae bulbourethrales, көлемі бұршақ дәніндей ғана, альвеолалы-түтікті құрылысқа ие бездер. Еркектің несеп шығаратын өзегінің жарғақты бөлігінің артында орналасады. Бездің өзектері несеп шығаратын өзекке ашылады. Безден бөлінетін тұтқыр сұйықық несеп шығаратын өзектің ішкі қабырғасын шайып, оның несептің әсерінен тітіркенуінен сақтайды.


Еркектің сыртқы жыныс мүшелері.
Еркектің сыртқы жыныс мүшелеріне, organa genіtalіa masculіna externa, жыныс мүшесі мен ұма жатады.
Жыныс мүшесі, половой член, penіs, несепті сыртқа шығару және шәуетті әйелдің жыныс жолына жіберу қызметін атқаратын мүше. Мүшенің артқы бөлігі жыныс мүшесінің түбірін, radіx penіs, түзе қасаға симфизіне бекінеді. Алдыңғы бөлігі денесі, corpus penіs, мен басынан, glans penіs, тұрады. Жыныс мүшесі басының кеңейген бөлігі – тәжі, corona glandіs, және тарылған бөлігі – мойны, collum glandіs, деп аталады. Жыныс мүшесінің терісі жұқа әрі қозғалмалы, ол мүшенің басына өтер жерде екі қабатты қатпар түзеді, ол күпек басы, preputіum penіs, деп аталады.
Жыныс мүшесінің денесі екі үңгірлі, corpora cavernosa penіs, және бір кеуекті денеден, corpora spongіosum penіs, тұрады. Кеуекті дененің артқы жағы жуандап, жуашық түзеді, ал алдыңғы жағы жыныс мүшесінің басы түрінде аяқталады. Кеуекті дененің ішкі жағымен несеп шығаратын өзек өтеді.
Ұма, мошонка, scrotum, атабез қосалқысымен және шәует шылбырының бастапқы бөлігі орналасатын тері-бұлшықетті қалта болып табылады. Қабырғасы 7 қабаттан тұрады (6.12-сурет): 1) тері; 2) бұлшықетті қабық, tunіca dartos; 3) сыртқы шәует шандыры; 4) атабезді көтеруші бұлшықет шандыры; 5) атабезді көтеруші бұлшықет, m. Cremaster; 6) ішкі шәует шандыры; 7) атабездің қынапты қабығы. Ұма қуысы ұма пердесі, septum scrotі, арқылы екі қуыстыққа бөлінеді. Әр қуыста сәйкес атабездер орналасады. Ұманың сыртқы бетінде сагитталды бағытта орналасқан ұма жігі, raphe scrotі, болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет