Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Қынап. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері



бет74/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Қынап. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері.
Қынап, влагалище, vagіna, ұзындығы 8-10см жуық, созылмалы түтік тәрізді мүше. Оның жоғарғы жағы жатыр мойнын қаусырып, төменгі жағы несеп-жыныс көкеті арқылы өтіп, қынап тесігі, ostіum vagіnae, түрінде кіреберіске ашылады. Бұл тесік жыныстық қатынаста болмаған қыздарда кіреберісті қынаптан бөліп тұратын қыздық пердемен, hymen, жабылып тұрады. Қыздық перденің пішіні жарты ай немесе тесіктелген табақша тәрізді. Ол алғашқы жыныстық қатынас кезінде жыртылып, қалдықтары атрофияланады.
Қынаптың алдыңғы жағында несеп қуығы мен несеп шығаратын өзек, артында тік ішек орналасады. Қынап бұл мүшелерден борпылдақ және тығыз дәнекер тіні арқылы байланысады. Қынаптың бір-бірімен жанасатын алдыңғы және артқы қабырғалары болады. Қынап қабырғалары жатыр мойнын қаусырып, оның айналасында күмбез тәрізді ойыс түзеді, ол жер қынап күмбезі деп аталады. Қынаптың артқы қабырғасы жатыр мойнына жоғары бекитін болғандықтан, артқы күмбез алдыңғыға қарағанда тереңдеу болады.
Қынаптың қабырғасы шырышты, бұлшықетті және адвентициялық қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы көпқабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен астарланады және көптеген көлденең қынап қатпарларын, rugae vagіnales, түзеді. Қатпарлар мүшенің алдыңғы және артқы қабырғаларында биіктеп, бойлық бағытта орналасқан екі қатпар бағанын, columnae rugarum, түзеді. Бұлшықетті қабығы ішкі – дөңгелек, сыртқы – бойлық тегіс ет талшықтарынан түзілген. Бұлшықетті қабығы жоғарғы жағынан жатыр бұлшықетіне жалғасады, ал төменгі жағы жуандап, шатаралық бұлшықеттерімен бірігіп кетеді.
Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері, organa genіtalіa femіnіna externa. Оларға жыныс аймағы мен деліткі жатады. Әйелдің жыныс аймағында қасаға томпағы (mons pubіs), үлкен және кіші жыныс ернеулері(labіi pudendі majoris et minoris), қынап кіре-берісі(vestіbulum vagіnae), кіре-берістің үлкен бездері(gl. Vestіbulares majores), деліткі (clіtorіs) орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет