Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Дене аймақтарындағы лимфа лимфа түйіндері



бет85/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Дене аймақтарындағы лимфа лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері иммунды жүйенің ең саны көп мүшелері болып табылады. Олар лимфа тамырларының бойында орналасады. Пішіндері әртүрлі: сопақша, бұршақ тәрізді, созылыңқы; консистенциясы жұмсақ; түсі май тіні тәрізді сарғыш болады.
Әкелуші лимфа тамырлары (саны 4-6) түйіннің ішіне дөңес жағы арқылы енеді. Бұған қарама-қарсы жағында орналасқан ойыс бетінде түйіннің қақпасы, hilum, болады. Қақпасы арқылы түйінге артериялар мен жүйкелер енеді де, түйіннен веналар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады.
Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер тінді қабықпен қапталады, қабықтан түйіннің паренхимасына қарай перделер өтеді. Без паренхимасы қыртысты және милы заттардан тұрады. Милы заты лимфоидты қойнаулардан түзілген. Қойнауларды қыртысты заттың бау тәрізді созылған элементтері қоршай орналасады.
Лимфа сұйықтығы түйіннің ішінде қойнаулар бойымен ағады. Әкелуші тамырлардан лимфа түйіннің қабығы мен қыртысты затының арасында жайғасқан қабықасты қойнауына барады. Одан қыртысты заттың жіңішке өзекшелері арқылы милы заттың жалпақ қойнауларына өтеді. Соңғылары бір-бірімен бірігіп қақпа қойнауын түзеді де, одан әкетуші лимфа тамырлары арқылы түйіннен шығады.
Лимфа түйіндері лимфа сұйықтығының қозғалысына әсер етеді, лимфаның құрамындағы бактериялар мен бөгде заттарды жойып, барьерлік-сүзгі қызметін атқарады. Иммунды жүйе мүшесі ретінде лимфоциттер (гемопоэтикалық қызметі) мен антиденелер өндіретін плазмоциттер (иммуноцитопоэтикалық қызметі) түзеді.
Дененің белгілі бір аймақтарында лимфа түйіндерін сипап сезуге болады. Оларға шүйде асты, құлақ маңы, жақ асты, бұғана асты және бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, шап, тізе асты лимфа түйіндері жатады. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері сипағанда жұмсақ, қозғалмалы болады және ауырсынбайды. Патологиялық жағдайда лимфа түйіндері қатаяды, ауырсынады, үлкейеді.


Қан жасаушы және иммунды жүйе мүшелері
Қан түзуші мүшелер мен иммунды жүйе мүшелері шығу тегі, құрылысы мен қызметтері жағынан бір-бірімен тығыз байланысты. Сүйек миында өндірілетін бағанды жасушалар қанның және иммунды жүйенің барлық жасушаларына бастау береді. Бағанды жасушалар сүйек миынан шыққанда белгілі бір қызмет атқаруға қабілетсіз жетілмеген күйде болады да, пісіп-жетілу сатысынан өткеннен кейін жетілген жасушаға айналады (мыс: эритроцитке, лейкоцитке, тромбоцитке).
Қан жасаушы мүшелер орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық мүшеге қызыл сүйек миы, шеткі мүшелеріне айырша безі, лимфа түйіндері мен көкбауыр жатады.
Иммунды жүйені организмді бөгде жасушалардан (микроорганизмдерден, бактериялардан, вирустардан) немесе организмде түзілген (мысалы: қатерлі ісік жасушалары) зиянды заттардан қорғайтын мүшелер құрайды. Бұл жүйе организмнің бүкіл өмірінде ішкі орта тұрақтылығын жүзеге асырады және иммунитетті қалыптастырады. Иммунитет деп - организмнің антигендік қасиеті бар бөгде денелерге қарсы тұра алу қабілетін айтады. Иммунды жүйе мүшелері адам денесінде белгілі бір аймақтарда ғана орналасады.
Иммунды жүйе мүшелері орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық мүшеге айырша безі, шеткі мүшелеріне қызыл сүйек миы, тыныс және ас қорыту жүйесінің түтікті мүшелері қабырғасындағы лимфоидты тіндер, лимфа түйіндері мен көкбауыр жатады. Иммунды жүйенің жасушалық элементтеріне лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар жатады. Лимфоциттер үнемі қозғалыс арқылы “иммунды бақылауды” жүзеге асырады. Олар бөгде жасушалар мен денелерді танып, арнайы қорғаныс қызметін жасайды.
Иммунитетке қатысатын барлық мүшелер нейрогуморалды реттелу нәтижесінде бір тұтас жұмыс істейді. Иммунды жүйенің ерекшелігі эмбрионалдық кезеңде басқа мүшелерге қарағанда ерте дамиды, ал қартаю кезеңінде олар біртіндеп семіп, лимфоидты тіннің орнын дәнекер (майлы) тін басады.
Адам денесінде иммунды жүйе мүшелерінің жалпы салмағы 1.8-2кг құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет