Анатомия пәні. Шәріп Қымбат 109-Б



бет3/3
Дата16.05.2020
өлшемі11,64 Kb.
#68966
1   2   3
Байланысты:
Анатомия пәні 8 Буын схемасы Шәріп Қымбат109-Б
Истрия Казахстана rus ВОУД
Буынды сипаттау схемасы:
1.Буын аты: Тізе буыны, articulatio genus

2.Буын беткейлері: facies patellaris, буын басы: ортан жіліктің айдаршығының буын бетінен тұрса, буын ойысы: асықты жілік айдаршығының буын бетінен және тізе тобығының буын қуысына қараған буын бетінен тұрады. Буын басы: ортан жіліктің медиалды және латералды айдаршығынан тұрады.

3.Буынның анатомиялық классификациясы: Күрделі комплексті буынға жатады.

4.Буынның пішіні: Сыртқы пішіні жарты-ай тәрізденіп келген, көлденең кесіндісінде үшбұрыш тәрізді.

5.Қозғалыс осьінің саны: 2 осьті

6.Буын қызметі: фронталды білік бойында 140-150° шама- сында иіледі, жазылады, вертикалды білік бойында ішке және сыртқа қарай бұрылады.

7.Буындарда міндетті түрде кездесетін элементтерді сипаттау: Менискілер - meniscus medialis, meniscus lateralis, менискі аралық көлденең байламы, lig. transversum intercondylaris, арқылы байланысады және eminentia intercondylaris, сіңіршелер арқылы бекиді.

lig. cruciatum anterior, ол ортан жіліктің латералды айдаршығының ішкі бетінен басталып, алдыңғы айдаршық аралық алаңға, area intercondylaris anterior барып бекиді. Iig.cruciatum posterior, ол ортан жіліктің медиальды айдаршы- ғының латералды бетінен басталып және төмен бағытта өтіп, артқы айдаршық аралық алаңға барып бекиді.

8.Буынды толықтыратын элементте: lig. collaterale fibulare. Ол ортан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндісінен басталып, төмен бағытталып, асықты жілік шыбығының басына барып бекиді. lig.collaterale tibiale, ол медиальды дискімен беттесе жалғасып, асықты жіліктің медиалды айдаршығына барып бекиді. lig.patella, lig.popliteum obliguum, lig.popliteum arcuatum. retinaculum patella mediale, bursa synoviales, bursa suprapatellaris, bursa infrapatellaris, bursa subcutanea prepatellaris.


Буынды сипаттау схемасы:
1.Буын аты: Сирақ – асық буыны - articulatio talocruralis

2.Буын беткейлері: басы: асық сүйек шығыры, trochlea tali, мен медиалды жэне латералды қайықшаның медиальды жэне латералды буын беттерінен, facies maleolaris medialis et lateralis, тұрады және асықты жіліктің дистальды ұшының буын беттері, facies articularis inferior tibiae, мен қайықшалардың буын беттерінен, facies articularis maleoli tibiae тұрады.

3.Буынның анатомиялық классификациясы: Күрделі буын.

4.Буынның пішіні: Блоковидный.

5.Қозғалыс осьінің саны: 1 осьті.

6.Буын қызметі: бүгіледі, flexio, жазылады extensio.

7.Буындарда міндетті түрде кездесетін элементтерді сипаттау: lig. tibiotalaris anterior, ол медиальды қайықшаның алдыңғы бетінен басталып, алға және төмен қарай өтеді де, асықты сүйектің артқы бетінің медиальды қапталына барып бекиді. pars tibiofibularis, ұзындау, медиальды қайықшадан басталып, қайықша тәрізді сүйектің, os navicularis, артқы бетіне бекиді. lig. tibiocalcanae, ол медиалды қайықша мен асықты сүйектің тірегінің, sustentaculum tali, аралығында орналасқан. pars tibiotalaris posterior, ол медиалды қайықшаның артқы бетінен басталып, асықты сүйектің артқы медиалды қапталына бекиді. lig. talofibularis anterior, латералды қайықшаның сыртқы бетінен басталып, алға қарай өтіп, асықты сүйек мойынының сыртқы бетіне бекиді. lig.calcaneofibulare, латералды қайықшаның сыртқы бетінен басталып, төмен және артқа қарай бағытталады де, өкше сүйегінің латералды бетіне бекиді. lig. talofibulare posterius, ол латералды қайықшаның артқы бетінен басталып, горизонталды бағытта өтіп, асықты сүйектің артқы латералды төмпешігіне, tuberculum laterale, барып бекиді.

8.Буынды толықтыратын элементте: 1) асық астылық буын; 2) асық-өкше-қайықша буыны; 3) өкше текше буыны; 4) сына-қайықша буыны; 5) тілерсек сүйектерінің аралық

көлденең буыны; 6) сына-қайықша буыны; 7) тілерсек-табан буындары; 8) башпайдың бақайшық аралық буындары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет