Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет66/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЮ, АЮ, АЮ ЕДІ,
АЮ ДА БОЛСА, БАЙЫМ ЕДІ.
ҮҢГІР, ҮҢГІР, ҮҢГІР ЕДІ,
ҮҢГІР ДЕ БОЛСА, ҮЙІМ ЕДІ
Бұл сөз тіркесі: «Бәріне көніп, етім үйренген, енді өзге нәрсені қаламаймын. Мені жай-
ыма қойыңдар», – деген тілек, өтінішті білдіреді.
Ертеде бір ханның сұлулығына ақылы сай қызы болған екен. Оған бір аю ғашық болыпты.
Қыз он бес – он алтыға келген кезде, аю ебін тауып, оны әкетіп қалыпты. Содан қызды үңгірден


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
38
шығармапты. Бір күндері қонжық бала тауыпты. Ол аяқтанып, өзіне-өзі келген соң, баласын
ертіп, үңгірден шығуға рұқсат беріпті.
Қызы жоғалған хан уәзірлерін бүкіл даланы шарлап, тау-тасты, сай-саланы кезіп іздейді.
Қызы өлді дегенге және қимайды. «Өлсе, неге өлігі шықпайды?» – деп табаны таусыла іздеу
салуын тоқтатпайды. Бір күні уәзірлері:
– Хан ием, жыл артынан жыл өтті. Екі жыл болды, бір тынымсыз іздестірудеміз. Енді
біраз көңіл сергітіңіз. Жаныңызға жігіттерді алып, аңға шығып, серуендеп қайтыңыз. Өзіміз-ақ
іздестіруді жалғастыра берейік, – дейді. Хан келісіп, аңға шығады. Саятта жүргенде ағаш ара-
сынан қызы мен аю немересін көріп қалып, сарайына алып келеді.
Үйіне келіп, мауқын басып біраз жүрген соң қыз:
Аю, аю, аю еді,
Аю да болса, байым еді.
Үңгір, үңгір, үңгір еді.
Үңгір де болса, үйім еді, – мен қайтайын, – деп, әкесінен қоярда-қоймай рұқсат сұрап,
келген жеріне қайтып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет