Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет73/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
ӘКЕ БАЛАҒА СЫНШЫ
«Тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай» бағып-қағып өсірген балаларының
мінез-қасиеттері әкеге бес саусағындай белгілі. Бұл – дәлелденбейтін қағида. Олай болса, әке
сол мінез-қасиеттеріне қарап, қай баласының қандай шаруа, іске икемді, қандай өнер-білімге
бейім екенін де алдын ала бағамдап, дұрыс сын-баға бере алады. Әкенің балаға сыншы бола-
тыны да сондықтан.
Қыстау қораға көшуге әлі ерте деп жайлаудан күзеуге жұрт аударып қонған мал баққан
қазақ ауылының қынаулы отыны сиырдың қу жапасы да, тамызығы қурай, көкпек, қоңыр жусан
тағы басқа ғой. Жауын-шашын жиілеген шақта бұндай «жалпылдақ отын» өз-өзінен ылғал
тартып, қазандық астында маздап жана қоймайды. «Ашқа тартқан кешке тартып» дегендей, үй
іші телміріп, астың пісуін, қазанның түсуін күтіп отырған сондай күндердің бірінде бір үйлі
жанның анасы балаларының біреуіне «Қазан қайнады ма екен, қарап келші!» – депті. Сонда
әкесі тұрып: «Жоқ, ол емес, анау қарап келсін!» – десе керек, басқа баласын нұсқап. Бұның
себебін түсінбей аңырып қалған әйеліне үй иесі: «Ақылды балам астына қарайды, ақымақ
балам үстіне қарайды!» – деген екен. Себебі, баланың біреуі қазанның тек қақпағын ғана ашып
қарап келеді екен де, екіншісі қазан қайнамай жатса, астындағы отын көсеп, тағы да тезек
қалап, әйтеуір қазанды қайнатып келеді екен. «Әке балаға сыншы» деген сөз осыдан қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет