Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет10/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АҒАРЫП АЛДЫМА ТҮСПЕ
ҚАРАЙЫП СОҢЫМНАН ҚАЛМА
Бәйдібек бидің бәйбішесі – Сарықыз, екінші әйелі – Зеріп, кіші әйелі – Нұрила (Домалақ
апа, Домалақ ене) деген кісілер болған. Сарықыз бәйбішелік жолын арқа тұта ма, жоқ әлде


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
12
табиғаттың бойына дарытқан қасиеті ме, әйтеуір, төңірегіне қатал, адуын мінезімен танылады.
Әсіресе ақыл-парасаты кемел Нұриланы Бәйдібек биден қызғанып, қисынсыз жерде мінез көр-
сетеді екен.
Бірде Нұрила тезек теріп үйіне қайтып келе жатса, алдынан Сары (Сарықыз) бәйбіше
шығып, қамшы жұмсай бастапты. Сары бәйбішенің Нұриланы жазықсыз зәбірлеп жатқанын
көрген келіні Сыланды (Иісті) жүгіріп шығып араша түседі. Адуын бәйбішенің сермеген қам-
шысына арқасын тосып, Нұриланы қорғаштайды.
Осы оқиғадан кейін Сыландыға риза болған Нұрила: «Ағарып алдыма
Кәдік* – қауіп, зақым.
түспе, қарайып соңымнан қалма», – деп батасын береді.
Дуалы ауыз, қасиетті Нұриланың батасы қабыл болып, Сыландының ұрпағы өсіп-өнеді.
Бірақ, көптігі жөнінен Нұриланың ұрпағынан асқан емес. Бұлай болуы Нұриланың «Ағарып
алдыма түспе, қарайып соңымнан қалма», – деген батасына байланысты еді дейді.
Бәйдібектің тоқалы Нұриладан – Тілеуберді (Жарықшақ), Жарықшақтан – Албан,
Суан, Дулат тарайды. Бұларды қараүйсін деп те атайды.
Жалмамбеттің екінші әйелі Сыландыдан – Ысты, одан – Ойық, Тілік, Сызық туған.
Жалмамбеттің кіндігінен тараған шапырашты, ысты, ошақты аталарын жинақтап
«Ақүйсін» деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет