Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет12/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АЖАЛ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
Қорқыт ата өлімге қарсы тұрып, мәңгілік өмірді және адам баласы қайғы-мұңсыз,
бақытты өмір сүретін Жерұйық мекенді ұзақ іздейді. Бірақ қайда барса да, көр қазып жатқан


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
13
адамдарға жолығады. «Бұл – кімнің көрі?» деген сұрағына үнемі «Қорқыттың көрі» деген
жауап алады. Содан ойлана келе, «Мәңгілік өмір – тек қана өнерде» деп түсінген дана қобыз
аспабын ойлап тауып, астындағы Желмаясын сойып, терісінен соған шанақ жасайды. Сөйтіп,
Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да, қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта
бүкіл жер-жаһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй
тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе
алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана
қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді»
деген нақыл осыдан қалса керек…
Бұл жерде нақыл ажал, өлім алдын ала айтып, хабарлап келмейді, кенеттен, күтпеген
жерден келеді деген мәнде ұғынылады.
АЗДЫҢ АТАСЫ БІР
«Ұрпақ сабақтастығы ұзарып, түпкі атадан өрбіген үрім-бұтақтың арасы бірнеше буы-
нға ұласады. Алайда, ұрпақ қаншалықты өсіп-өнсе де өзінің этнотегін, әсіресе, түркі атасын
ұмытпайды. Сөйтіп, бірнеше ауыл құрайтын жеті атаға дейінгі әулеттер жиынтығы аталастар
ретінде айғақталады. Аралары жеті атаға толған аталастар өзара қыз алысып, қыз беріскенімен,
өмірдің бір қуаныш, бір өкініш сәттерінде бір-біріне қарайлас болып отырады. Ал, өмір-салтта
болып тұратын жұт, індет, жаугершілік сияқты нәубеттер салдарынан селдіреген аталастар,
әдетте түпкі ата-тегін тірек ете отырып, өзара қайтадан кіріге түсетін болған. «Аздың атасы
бір» деген мәтел сөздің мәнісі осында.
Адамдар өзара күш біріктіріп, қорғаныс, шабуылға дайындалғанда немесе бір іске
жабыла жұмылғанда, «Аздың атасы бір» деп, осы мәтелге жүгінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет