Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет20/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АЛАТЫНЫҢ МЕН ЕМЕС,
АЛДЫҢДА ӘНЕ ЖАТЫР, ҚҰДАЙ!
Шын қауіп-қатер төнсе, біреуді арашалау жайына қалар, өз жайыңды қай жерге
қоярыңды білмей сасарсың, қорқып-үркіп қашарсың, деген мағынада айтылады.
Ертеде бір әйелдің баласы төсек тартып, қатты ауырып қалыпты. Әйел: «Енді қайттім,
мұны алғанша, мені неге алмайды, қу құдай!» деп, неше түрлі сөздерді айтып, жылап-еңіреп,
елдің ығырын шығарады. «Қой» десе, одан бетер өршеленіп, баласының тынышын алады.
Әйелдің бір қайнысы: «Күйдірді ғой» дейді де, ел тарап, ымырт түсе, үстіне үлкен тонды теріс
киіп, неше түрлі нәрсені даңғырлатып, сыңғырлатып, киіз үйдің шаңырағынан секіріп түседі
де, жеңгесіне қарай қорбаңдай жүреді. Сол кезде үрейі ұшқан әйел:
Даңғырлаған, даңғыр құдай!
Саңғырлаған, саңғыр құдай!
Алатының мен емес,
Алдыңда әне жатыр, құдай! – деп, екі қолымен баласын көрсетіп, өзі есікке қарай тұра
қашыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет