Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет22/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АЛҒАНДЫ БІЛГЕНДЕ,
БЕРГЕНДІ БІЛМЕСЕҢ, ЖЕТЕСІЗ БОЛАРСЫҢ
Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын
мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжігенін сезген би:
– Алғанды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың, – депті.
Сол құдасы қонақ болып барған Әбітке атан түйе сыйға тартқан екен.
Жалпы адамдар арасындағы қарым —қатынас өзара сыйластықпен, барыс-келіспен
және алыс-беріспен де нығая түсетінін ұмытпау керек.
АЛЛАҢНАН ОЙБАЙЫМ ТЫНЫШ
Бір күні бір адам ауырып, қатты қысылып, ауру жанына батқан соң, «ойбай, жаным,
ойбай» деп күңіреніпті. Аурудың аузына иман салмақ болып келген молда мұны естіп, қатты
қынжылып: «Өзің жан үзгелі жатып, албастының атын атап, ойбайға жалынғаның не? Иман
айт, Алладан медет тіле, «Алла, Алла» деп айт» депті. Ол: «Алла!» деп бір ыңыранып көріпті
де, қайтадан ойбайға басып күңірене беріпті. «Алла» – деп неге айтпайсың?» – деп сұрапты
молда. «Аллаңнан ойбайым тыныш екен» – депті әлгі ауру адам. Бұл сөз қалың жұртқа жай-
ылып, мәтел болып кеткен екен.
Мәтелдің мағынасы, маған басқа қонбайтын жөн-жоба үйретпе. Қарапайым, қара-
байыр болса да, өз жөнім дұрыс деген ойды айтып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет