К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
16
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз,
Жабысқалы келгенбіз.
Берсең жөндеп бітімді айт,
Не тұратын жеріңді айт! – депті.
Сонда Қоңтажы сөзге тоқтап, қазақтардың шабылған мал-жанын аман-есен елге қай-
тарған екен.
Қазыбек бидің Қаз дауысты атануы осы оқиғаға қатысты. Сол кезде Қазыбек он бес
жастар шамасында.
Міне, аға тұрып іні сөйлейтін осындай шақ болады, оған да қазақ: «Ақыл жастан, асыл
тастан», деп тұжырымын жасаған. (Ғ. Есімнен).
«Асыл тастан» болатыны, жер бетінде кездесетін гауһар, алмас, лағыл, жақұт,
кәрібтас, інжу
-
маржан және тағы басқа асыл минералдардың бәрі тас күйінде кездеседі.
Тіпті, алтын мен күміс те тастан қорытылып алынады ғой.
Достарыңызбен бөлісу: