К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
10
Ағасы інісінің балаларына жұлын берген еді, «Көрдің бе, сенің балаларың жұлындай
үзілсін деген ойын», – деп қояды. Ағасы інісінің балаларына ми ұстатқан еді, «Әне, ол балала-
рыңның ақыл-ойы мидай былжырақ, су ми болсын деп беріп жатқанын түсіндің бе?» – дейді.
Әйелінің осы сөздерінен кейін кішісі ағасымен ұрсысып, сөзге келіп қалады. Сонда кішісінің
әйелі оларды қайта татуластырып, күйеуінің өткендегі әңгімесін есіне салады да, «Екі үйдің
береке-ынтымағы біз – абысындарға да байланысты, „Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату
болса, ат көп“ деген», – деп ынтымақ-бірлікке шақырады.
Яғни, бұл мақал ағайын мен ағайын, абысын мен абысын тату, ынтымақты болса,
үйлеріне береке байлық, молшылық та келеді деген ойды береді.
Достарыңызбен бөлісу: