Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет52/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АТА ҚАРҒЫСЫ – ОҚ
(Екінші нұсқасы)
Қария сөздің айтуында Ақсерке дәулетті, бай болған адам екен. Байлықтың өзі адамның
ниетіне бітеді деген сөз рас болса керек. Ақсерке мыңғырған малын бағып-қағатын малшы-
лардан «аттың майы»* дегенді сұрамайтын мырза адам болыпты.
Бірде Ақсеркенің баласы Жарасты біреулер қоздырып, намысына тиіп, «шынымен әулет-
терің мырза болса, мына жалы жер сызып жүрген ақ жал қара айғырды қонақасыға сойшы,
көрейік» деп қойт-қойттайды* ғой. Жарас та қызуқанды жігіт болса керек, сол жерде айғырға
бұғалық салдырып, шыңғыртып отырып бауыздатып тастайды. Ақ жал қара айғыр Ақсерке
әулетінің кие-құты, малының басы екен. Сондай қасиетті жануарды пышаққа шалған баласы
Жарасқа Ақсерке қатты ренжіп, теріс батасын беріпті.
«Ата қарғысы – оқ» деген, сол Жарастың ұрпағы өсіп-өнбеген. Кеңес заманындағы ала-
сапыранда Жарастан тарайтын аз ғана ұрпақ Ауғаныстан ауып кеткен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет