Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АТАНЫҢ АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТКЕН ЖЕР



Pdf көрінісі
бет55/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АТАНЫҢ АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТКЕН ЖЕР
БАЛАҒА МИРАС
Бәйдібек би «Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең шегенде, оның басына тал ек» дейді
екен. Малын өргізіп, жайылым іздеген ауылдастарына «Қыстау, қорған салыңдар. Оны тастап
кетпеңдер. Оған айналып соғып, қыс қыстап, жаз жайлап жүріңдер. Аттың тұяғы жеткен жер
бекер қалмасын. Төбе басына оба үйіп, қада қағып, белгі тастап отырыңдар», – деп өсиет айта-
тын бопты. Бәйдібек бабаның осы өсиеті бекер емес екен.
Бір жолы моңғол ма, жоңғар ма, әйтеуір бір елмен шекараға мал жайылымына талас
туыпты. Сонда екі елдің ел басшы, ел билері орталарынан кісі шығарып шекараны анықтау
үшін жүріп отырып, «Мынау бұлақ кімдікі, мынау құдықты кім қазған, талды кім отырғы-
зған?» десе, Бәйдібек аулының адамдарынікі болып шыға беріпті. «Мынау обаны кім үйген,
мынау қаданы кім қаққан?» десе де, Бәйдібек адамдары ие бола беріпті. Айдан-анық, тайға
таңба басқандай, белгі-дәлелдерін көріп, даукес елдердің амалы құрыпты. Көнбеске амалы
қанша, сол «Бәйдібек қыстауы», «Бәйдібек аулының жайлауы», «Бәйдібек құдығы», «Бәйдібек
бұлағы», «Бәйдібек талы» деген жерлерден шекара сызығы тартылып, екі ел шекарасы бел-
гіленіп, жер дауы шешімін тауыпты деседі ел. «Атаның ат тұяғы жеткен жер, балаға мирас»
деген осы.
Кең байтақ еліміздің шекарасын – жауынгер ата-бабаларымыз ақ болаттың жүзімен,
найзаның ұшымен қорғап, иелік еткен, өзіне – қоныс, малына жайылым еткен, ат тұяғымен
талай шиырлаған жерлер бойынша шегара белгіленген жоқ па. Енді, міне, ұрпағы біз, сол
жерлерді мирастықпен иеленіп, тәуелсіз ел болып отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет