16.03.2021ж. Физика-8 ТЖБ 3-тоқсан І-нұсқа 1.Электролиз нәтижесінде катодта 20 минут ішінде массасы 1,5 г мыс бөлінді. Ток күші 4 А болғанда мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар. [ 3]
2. Тізбектің ұштарындағы кернеу 30 кВ, ток күші 15 мА. Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз [2]
3. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2, ұштарына 6,8 В кернеу қосылған мыс өткізгіштің бойымен өтетін ток күшін табыңыз.(мыстың меншікті кедергісін кестеден аласыңдар) [3]
4. Кедергілері 5 Ом, 10 Ом және 25 Ом үш резистор тізбектей жалғастырылып, кернеуі тұрақты 120 В желіге жалғанған. Әрбір резистордағы ток күші мен кернеудің түсуін анықтаңыз. [ 4]
5. Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша жылу мөлшері бөлініп шығар еді? [ 2]
6. Пәтерде 6А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған. Егер желідегі кернеу 220 В болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Вт шамдарды, 1000 Вт электр пешті және 300 Вт электр үтікті қосуға бола ма? [3]
7.Қандай құрал көмегімен тогының энергиясы механикалық энергияға түрленеді?
А) электрқозғалтқыш В) ротор С)генератор Д) статор [1]
8. Эрстедтің тәжірибесіне сай келетін суретті таңдаңыз.
А) В) С) Д) [1]
9.а) Суретте тогы бар өкізгіш маңындағы магнит индукция векторы бейнеленген.
Өткізгіш бойынан жүрген ток бағытын салып көрсетіңіз. [1]
b)
Өткізгіштің оң және сол жақтарындағы магнит индукция векторларының бағыттарын анықтаңыз. [1]
10.Суретте соленоидтан ток жүргендегі магнит индукция векторы бейнеленген.
Соленоид бойынан жүрген ток бағытын салып көрсетіңіз [1] Жалпы балл: 22
16.03.2021ж. Физика-8 ТЖБ 3-тоқсан ІІ-нұсқа 1.Ток 2 А болғанда, 5 сағат ішінде тотияйын ерітіндісінен қанша грамм мыс бөлінеді? (тотияйдың электрохимиялық эквивалентін кестеден аласыңдар) [ 3]
2. Тізбектің ұштарындағы кернеу 45 кВ, ток күші 15 мА. Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз [2]
3. Ұзындығы 120 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 , ұштарына 6,4 В кернеу қосылған мыс өткізгіштің бойымен өтетін ток күшін табыңыз.(мыстың меншікті кедергісін кестеден аласыңдар) [3]
5. Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша жылу мөлшері бөлініп шығар еді? [ 2]
6. Пәтерде 5А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған. Егер желідегі кернеу 220 В болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Вт шамдарды, 500 Вт электр пешті және 250 Вт электр үтікті қосуға бола ма? [3]
7. Магнит өрісін өзгерткенде электр тогы пайда болады. Бұл қандай құбылыс?
А) электрмагниттік индукция В) магнит өрісі С) зарядталу Д) электр өрісі [1]
8. Эрстедтің тәжірибесіне сай келетін суретті таңдаңыз.
А) В) С) Д) [1]
9.а) Суретте тогы бар өткізгіш маңындағы магнит индукция векторы бейнеленген. Өткізгіш бойынан жүрген ток бағытын салып көрсетіңіз. [1]
b)
Өткізгіштің оң және сол жақтарындағы магнит индукция векторларының бағыттарын анықтаңыз. [1]
10.Суретте соленоидтан ток жүргендегі магнит индукция векторы бейнеленген.
Соленоид бойынан жүрген ток бағытын салып көрсетіңіз [1] Жалпы балл: 22