Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды және оның компоненттерін донациялау барысында жанама



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

Қанды және оның компоненттерін донациялау барысында жанама

реакциялар пайда болған кезде донорға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

      1. Естен тану. Талып қалу – мидың өтпелі ишемиясы әсерінен кенеттен естен тану.

      Донордың «отырып» ақырын құлауымен, тері қабатының қуаң тартуымен, тамыр соғуы баяу 

немесе анықталмайды, қан қысымының күрт төмендеуімен және алқына демалумен сипатталады. 

Айналасына қалыпты реакциясының жоқтығы (күрт есеңгіреу, ұйқышылдық, дыбысқа және жарыққа, 

сәулелерге реакциясы жоқ).

      Медициналық көмек көрсетудің әдістері:

      1) донордың аяқтарын ақырын көтеріп шалқасынан жатқызу (бірақ басын төмен қарай емес);

      2) мойны мен кеудесін киімнен босатып, бетіне суық су себу;

      3) артериялық қан қысымын өлшеу және тамыр соғуын есептеу;

      4) 10% аммиак ерітіндісіне малынған мақта тампонын иіскету;

      5) жоғарыда аталған әрекеттер әсер етпеген жағдайда және систоликалық қан қысымы (бұдан 

әрі - АҚҚ) 100 мм. сын. бағ. дейін төмендегенде тері астында 1,0 мл натрийдің бензоат кофеинін 

немесе 1,0 мл кордиаминді енгізу;

      6) систоликалық қан қысымы 80 мм. сын. бағ. дейін төмендеген жағдайда көктамыр 

қолжетімділігін қамтамасыз ету және 09% 200-500 мл натрий хлориді ерітіндісін ағызып құю;

      7) тахикардия дамығанда немесе жүрек соғуы бұзылғанда жедел жәрдемді шақыру.



      2. Гипертензиялық криз - кенеттен қан қысымының көтерілуімен, өмірлік маңызы бар 

мүшелердің функциясының бұзылуымен немесе олардың даму қауіп-қатерімен, сондай-ақ 

нейровегетациялық бұзылу белгілерімен сипатталатын клиникалық синдром.

      Белгілері: кенеттен басталуы, қалтырау, қызу; құлақтағы шу, қорқыныш сезімі, тітіркену, 

гиперемия және тері қабатының сулануы, шөлдеу, бас ауыру, жүрек айну, көзі бұлдырау немесе көз 

алдының тұмандануы, тахикардия.

      Медициналық жәрдем көрсетудің әдістері:

      1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

      2) донорды басын көтеріп жатқызу;

      3) жүрек соғуының санын (бұдан әрі - ЖСС) және АҚҚ әрбір 15 минут сайын бақылау.

      4) пероралдық гипотензиялық дәрілік заттарды: 10 мг нифедипин – 1 таблетка немесе тіл 

астына нитроглицерин 1 таблеткасын беру немесе 25% магнезия сульфатының 5-10 мл көктамыр ішіне 

енгізу.

      3. Жүректің ишемиялық ауруы, ауыр стенокардия - кеуденің қысылуы мен қысып ауруы, төстің 

артына берілетін және сол қолға, мойынға, астыңғы жаққа, эпигастрийге таралатын аурысыну 

сезімінің клиникалық синдромы. Күйзеліс немесе артериялық қысымының көтерілуі салдарынан болуы 

мүмкін.

      Медициналық көмек көрсетудің әдістері:

      1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

      2) донорды ыңғайлы жатқызу, қажет болған жағдайда – жылыту;

      3) тіл астына нитроглицерин салу;

      4) бұлшық етке анальгин енгізу және таблеткадағы аспиринді беру;

      5) тері астына немесе көктамыр ішіне гепариннің 5-10 бірлігін енгізу;

      6) АҚҚ мен ЖСС бақылау.

      4. Анафилаксиялық шок – ағзаға құйылған аллергеннің әсерінен болатын қан айналымы, дем 

алысы және орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылып, кенеттен дамитын, өмірге қауіп төндіретін 

патологиялық үдеріс.

      Тиісті белгілері: тері қабаты түсінің өзгеруі (тері гиперемиясы немесе бозару, цианоз), 

түрлі экзантемдер, қабақ, бет, мұрын қабатының ісінуі, суық жабыспалы тер, түшкіру, жөтелу, 

қышыну, жас ағу, жүрек айну, аяқтардың клонусты құрысқағы (кейде құрысқақ талмасы ұстау), 

қимылды мазасыздық, «өлім туралы үрей», еріксіз зәр, нәжіс, ішек желі шығуы.

      Жедел жәрдем:

      1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

      2) инені көктамырдан алмай, ағзаға аллергеннің одан әрі енуін тоқтату;

      3) донорды Тренделенбург бойынша жатқызу: аяқтарының басын сәл жоғары көтеріп, басын 

бүйірге қарай бұру, тілі қайырылып қалудың алдын алу, тұншығуды және құсық массалардың тыныс 

алу жолдарына түсуін болдырмау үшін астыңғы жақсүйекті көтеру;

      4) таза ауанын келуі мен жоғары тыныс алу мүшелерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету;

      5) жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін шокқа қарсы әрекеттерді жүргізу:

      бұлшық етке тез арада 0,18% 0,3 - 0,5 мл (1,0 мл көп емес) эпинефрин ерітіндісін енгізу. 

Эпинефринді қайта құю қан қысымының бақылай отырып 5-20 минут аралықпен жүргізіледі;

      көктамырға енгізу мүмкіндігі болған кезде 1 мл эпинефринді 250-500 мл 0,9% натрий хлориді

ерітіндісімен араластырып, қалыпты АҚҚ (систоликалық АҚҚ 80-100 сын. бағ. төмен емес) 

қамтамасыз ететін жылдамдықпен жеке жүйе арқылы енгізу;

      антигистаминдік препараттарды енгізу - 1,0 мл 1% димедрол ерітіндісі;

      тамырішілік көлемді қалыпқа келтіру жөніндегі шараларды қабылдау: енгізілетін көлемі 

кемінде 1 литр 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен венаішілік инфузияны ағызып жасау. Алғашқы 10 

минутта гемодинамиканы тұрақтандыру болмаған кезде шоктың ауырлығына қарай коллоид ерітіндісін 

(стабизол) 1 литрге дейін құю. Инфузиялық терапияның көлемі мен жылдамдығы АҚҚ мен донордың 

жағдайына байланысты айқындалады;

      аллергияға қарсы терапия ретінде: қан тамырына 90-150 мг преднизолонды ағызып енгізу 

керек, енгізуді АҚҚ қалпына келгенге дейін әрбір 10-15 минут сайын қайталау керек

      5. Кез келген жағдайда:

      1) дем алысы бұзылған кезде жедел жәрдем келгенге дейін тыныс алу жолдарын ашуды (




тазалауды) қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда «ауызға ауыз», «мұрынға ауыз» әдістерін, 

бетперде арқылы Амбу қапшығымен жасанды дем алдыруды жүргізу;

      2) жүрек қызметі тоқтаған жағдайда жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке жанама массаж 

жасау немесе жасанды демалдыру шараларын жасау.

      6. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы

бұйымдардың қажетті тізбесі:

      1) Аммиак ерітіндісі 10%;

      2) Адреналин гидрохлориді (эпинифрин) (0,1% - 1,0 мл, ампулаларда);

      3) Преднизолон (30 мг - 1,0 мл, ампулаларда);

      4) Эуфиллин гидрохлориді (2,4% - 10,0 мл, ампулаларда);

      5) Кордиамин (25% - 1,0 мл,) ампулаларда;

      6) Натрий кофеин-бензоаты (25% - 1,0 мл, ампулаларда);

      7) Магний сульфаты (25% - 10,0 мл, ампулаларда);

      8) Нитроглицерин (0,005мг, таблеткада);

      9) Гепарин (25 000 МЕ - 5,0 мл., флакондарда);

      10) Аспирин (0,1 мг, в таблетках);

      11) Аналгин (50% - 1,0 мл, ампулаларда);

      12) Димедрол (1% - 1,0 мл, ампулаларда);

      13) Супрастин (20 мг - 1,0 мл, ампулаларда);

      14) Натрий хлоридтің в/і инфузияға арналған изотоникалық ерітіндісі (0,9% - 400,0 мл, 

флакондарда);

      15) В/і инфузияларға арналған стабизол ерітіндісі (6% -500 мл, флакондарда);

      16) Нифедипин (5мг, 10мг, таблетка);

      17) жүйелер, перифериялық катетерлер;

      18) ауақұбыры;

      19) бетпердесі бар Амбу қапшығы.

      7. Цитраттық жүктемеге байланысты интоксикация мен анемияны профилактикалауға арналған 

дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті тізбесі:

      1) кальций глюконаты;

      2) темір препараттары;

      3) поливитаминдік препараттар.

Қанды және оның компоненттерін

дайындау, қайта өңдеу, сақтау,

өткізу қағидаларына 5-қосымша

Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет