Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

А

В 

жүйесі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін әмбебап трансфузиялық орта болып

есептеледі.

      АВО жүйесі мен резус тиістілігі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін (

ОRh-) резус теріс бірінші топтағы немесе жеке үйлесімділік сынамасы міндеті орындалған жағдайда

немесе (ОRh+) резус оң құрамында эритроциттер бар компоненттерін құю жүзеге асырылады.

      Қан сарысуында анти-D тұрақты емес антиэритроциттік антиденелері бар резус теріс 

тиістіліктегі пациенттер үшін (ОRh+) резус оң бірінші қан тобынғы донорлық эритроцитер 

пайдаланылмайды.

      (ОRh-) резус теріс бірінші топтағы пациенттерге резус оң бірінші топтағы (ОRh+) донорлық 

эритроцитерін құю аллоиммундауды дамытуға және анти-D тұрақты емес антиэритроциттік 

антиденелерінің қалыптастыруға себепші болады. Сондықтан, бірінші (ОRh-) резус теріс топтық 

тиістіліктегі, қан сарысуында анти-D тұрақты емес антиэритроциттік антиденелері жоқ әйел 

жынысындағы балаларда және бала көтеретін жастағы әйелдерде резус тиістілігі ескерілмеген 

қанның бірінші топбындағы донорлық эритроциттер күттірмейтін жағдайда ғана пайдаланылады.

      33. АВ тобындағы плазма АВО (анти-А, анти-В) жүйесінің топтық, тұрақты антиденелерінің 

жоқтығына байланысты АВО жүйесі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін әмбебап

трансфузиялық орта болып есептеледі.

      34. Құю алдында құрамында эритроцитер бар ортасы құйылған контейнер тоңазытқыштан алынады

және +30 С+36 С температураға дейін қыздыруға арналған арнайы құрылғыларды ғана пайдалана отырып

0

0



жылытылады. «Inline» қыздырғыштарын қолдану ұсынылады.

      35. Биологиялық сынама кез келген құюдың алдында және қанның, оның компоненттерінің 

немесе препараттардың, оның ішінде жеке іріктеп алынған немесе фенотиптелген әрбір жаңа дозасын

құю алдында, енгізу жылдамдығының көлеміне және құюдың шұғылдығына қарамастан жүргізіледі.

      36. Биологиялық сынаманы жүргізу кезінде бір рет бір-екі минут бойы 60 тамшы (екі-үш 

миллилитр) қан, оның компоненттері мен препараттары бір рет құйылады, одан соң құю тоқтатылады 

және үш минут бойы реципиентке бақылау жүргізіледі. Жалпы жағдайы, тамыр соғуы, тыныс алуы, 

артериялық қысымы, терісінің түсіне бақыланады, дене температурасы өлшенеді. Мұндай рәсім екі 

мәрте қайталанады.

      37. Биологиялық сынама жүргізу уақытында қалтырау, белдің ауыруы, дененің қызуы, кеуденің

қысылу сезімі, бас ауруы, лоқсу және жүрек айну пайда болса, құю тоқтатылады, көктамыр 

жетімділігі сақталады.

      38. Қанды немесе құрамында эритроциттер бар компоненттерін ес-түссіз жатқан пациенттерге 

немесе наркоз кезінде құйған кезде операциялық жараның қанауының себепсіз күшеюі, артериялық 

қысымның төмендеуі және тамыр соғуының жиілеуі басталып келе жатқан трансфузиядан кейінгі 

асқынудың бірінші белгілері болып табылады.

      Мұндай жағдайларда құю бірден тоқтатылады, көктамыр қолжетімділігі сақталады.

      Операциялық араласуға қатысатын хирург, анестезиолог, трансфузиолог дәрігерлері, қажет 

болғанда өзге де тәжірибелі мамандарды қатыстыра отырып, жағымсыз белгілерінің болжамды 

себептерін анықтайды.

      Бұдан басқа, катетер арқылы зәршығу жолынан алынған несепнәрдің түсі шұғыл түрде 

бағаланады.

      Егер несепнәр қалыпты түстен қоңыр немесе ет қалдықтарының түсіне өзгергені айқындалса 

және несепнәрдің пайда болған мұндай түстің құюдан басқа себебі анықталмаса, бұл реципиент пен 

донор қанының иммунологиялық сәйкеспеушілігінен немесе гемолизделген құрамында эритроциттер бар 

трансфузиялық ортаны құюдан туындаған жіті тамырішілік гемолиздің даму белгісі ретінде 

бағаланады.

      Бұл компонентті құюды жалғастыру тоқтатылады.

      Трансфузиялық терапияның одан арғы әдісі туралы мәселе құрамында эритроциттер бар қан 

компоненттеріне жеке іріктеу жүргізудің мүмкіндіктерін немесе әмбебап қан компоненттерін 

пайдалануды есепке ала отырып, шешіледі.

      МҰ мамандандырылған қызметі инциендент туралы бірден хабардар етіледі, ол барлық қан 

компоненттерді беруді тоқтатады және осы күні берілген қан компоненттерінің барлық өтінімдеріне

шұғыл тексеру жүргізеді.

      Трансфузиядан кейінгі гемолиздік асқынудың себептерін тергеу осы Қағидаларға сәйкес 

жүзеге асырылады.

      39. Құрамында эритроциттер бар қан компоненті құйылған контейнерге құю алдында зауытта 

дайындалған (апирогендік) натрий хлоридтің стерильді 0,9% изотоникалық ерітіндісі қосылады.

      40. Құю аяқталғаннан кейін реакциялар мен асқынулар пайда болған жағдайда бақылау үшін 

қан немесе оның компонентінің қалдығының азғана мөлшері бар (5-10 мл) донор контейнері 48 сағат

бойы тоңазытқышта (+2 С-тан +6 С-қа дейін) сақталады.

0

0



      41. Шегерілген жіті гемолиздік асқынулардың белгілерін уақытылы анықтау мақсатында құюдан

кейін:


      1) реципиентке ұзақтығы кемінде екі сағат төсекте жату режимі тағайындалады;

      2) дене температурасы, сондай-ақ артериялық қан қысымы мен тамыр соғуының жиілігі әр 

сағат сайын үш мәрте өлшенеді;

      3) зәр шығару функциясына, шыққан зәрдің көлемі мен түсіне бағалау жүргізіледі.

      Барлық деректер құрамында эритроциттер бар орталар трансфузиялар хаттамасында және 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық

сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 

 бекіткен нысандар бойынша қан компоненттері мен препараттарының трансфузиялары 

бұйрығымен

хаттамасында бекітіледі.

      Трансфузия тиімділігін бағалаудың бақылау көрсеткіштері (жасушалар санының, ұйыту 




факторының өсуі) (қан кетудегі орын толтыру жағдайларын қоспағанда) трансфузиядан кейін 1 

сағаттан соң және құюдан кейін келесі күні зерттеледі.

      42. Клиникалық бөлімшелерге берілген қан компоненттері қайта қабылданбайды.

      Қанның, оның компоненттері мен препараттарының қалдықтары, оның ішінде гемакон 

ішіндегісін толық пайдаланбаған кезде жойылады.

      Медициналық қалдықтарды (биоматериалды) жинау, сақтау және жою Нормативтік құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы 

 бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

бұйрығымен

      43. Жіті көлемді қансырау жағдайларын және немесе жіті геморрагиялық синдромды (ұйыту 

жүйесі факторларының тапшылығы немесе тромбоцитопения) емдеуді қоспағанда, қажетті қан 

компоненттерінің жеткілікті мөлшері болмағанда консервіленген жаңа алынған донорлық қан 

құйылмайды. Бұдан басқа, консервіленген, лейкофильтрленген жаңа алынған донорлық қан ауыстырып 

құю, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруын емдеуде пайдаланылады.

      44. Қанды және оның компоненттерін құю көлемін төмендету үшін МҰ-да қанды үнемдейтін 

технологиялар және аллогендік қан компоненттерін құю баламалары қолданылады, оларға мыналар 

жатады:


      1) қанды немесе оның компоненттерін аутологиялық құю (бұдан әрі - аутогемотрансфузия);

      2) басқарылатын гемодилюция;

      3) реинфузия;

      4) гемопоэз бен лейкопоэз, коагуляциялық гемостаз факторларының синтезін ширату.

      45. Аутогемотрансфузия кезінде реципиентке өзінің қанын немесе өзінің қанынан алдын ала 

дайындалған оның компоненттерін қайтару жүргізіледі. Аутогемотрансфузия кезінде аллоиммундау, 

инфекцияның берілу қаупі, трансфузиялық реакция қаупі болмайды және қанның гомологикалық 

компоненттерінің қажеттілігі азаяды, эритропоэз ширатылады.

      46. Аутогемотрансфузиялық жаңа алынған қанды қолдану үшін мыналар көрсетілімдер болып 

табылады:

      1) қанайналымының 20%-дан астам мөлшерін жоғалту болжанатын күрделі және көлемді 

хирургиялық жоспарлы операциялар (ортопедия, кардиохирургия, урология);

      2) қан тобы сирек кездесетін пациенттерге донорлық қан компоненттерінің барабар мөлшерін 

іріктеп алу және құюдың мүмкін болмауы;

      3) хирургиялық жоспарлы емдеу кезінде қан компоненттерін құю көрсетілімдері болғанда 

пациенттердің қан құюдан бас тартуы.

      47. Аутогемотрансфузия жоспарланған операциялық араласуға дейін пациентен алдын-ала 

дайындалған донорлық қанның аутокомпоненттерін немесе тікелей операциядан бұрын анестезия 

басталғанға (басқарылатын гемодиллюция) дейін, уақытша қансыраудың орнын тұзды ерітінділермен 

және плазманы ауыстырушылармен міндетті толтырумен нормоволемияны немесе гиперволемияны болдырып

, 600-800 мл қанды алу жолымен жаңа алынған аутоқанды пайдалана отырып, жасалалады.

      Басқарылатын гемодиллюция уақытында дайындалған жаңа алынған аутоқан операциялық емдеу 

уақытында немесе одан кейін бірден пайдаланылады және 12 сағаттан артық сақтауға жатпайды.

      48. Эритроциттердің реинфузиясы аутогемотрансфузияның бір түрі болып табылады және 

пациентке жара немесе ұйыма қуысына (құрсақ, кеуде) құйылған және ол жерде 8 сағаттан аспайтын 

уақыт болған, өзінің жуылған эритроциттерін құюды білдіреді.

      49. Реинфузияны аппараттық (Cell Saver типтес аппараты) әдіспен ғана жүргізіледі.

      50. Пациенттен медициналық картаға жазылатын аутологиялық қанды дайындау туралы 

ақпараттандырылған келісім алынады.

      Пациент донация шарасының ерекшеліктері, сондай-ақ донация кезінде болжамды жанама 

реакциялар туралы хабардар етіледі.

      Аутологиялық қанға тестілеу жүргізілмейді.

      Аутологикалық қанды таңбалау кезінде заттаңбада «аутогемотрансфузия үшін» деген сөздері 

жазылады.

      51. Жасына қарай нақты шектеудің жоғарғы шекарасының жоқтығы аутодонорлар үшін ерекшелік 

болып табыалды.

      Төменгі және жоғарғы жас шегі пациент денесінің дамуына және соматикалық жағдайына қарай 



анықталады.

      Әрбір нақты жағдайда аутодонацияның мүмкіндігі туралы шешім емдеуші дәрігер және 

трансфузиолог ұйғарымының негізінде пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің пікірін есепке ала

отырып, шығарылады.

      52. Дене салмағы 50 киллограммнан (бұдан әрі - кг) артық адамдар үшін аутодонорлық 

мақсатында бір рет қанды донациялаудың көлемі 450 милилитрден (бұдан әрі - мл) аспайды, ал дене

салмағы 50 кг-нан аз адамдар үшін қанды донациялаудың көлемі – 8 мл/кг дене салмағынан артық 

емес.


      Дене салмағы 30 кг-нан аз адамдар терапиялық аутодонорлыққа жіберілмейді.

      Антикоагулянтты ерітіндінің мөлшері эксфузияланатын қанның мөлшеріне қарай пропорционалды 

түрде азаяды.

      Аутодонорлыққа әрбір донацияның алдында гемоглобин деңгейі 110 г/л-ден төмен емес, 

гематокрит деңгейі – 33%-дан аз емес тұлғалар қатыстыралады.

      53. Қанды аутологиялық донациялаудың жиілігін емдеуші дәрігер және трансфузиолог 

анықтайды. Плазма көлемі және жалпы ақуыз бен альбумин деңгейін қалпына келтіру үшін 72 сағат 

керек болғандықтан, жоспарлы операция алдындағы қанның соңғы донациясы үш тәулік бұрын жасалады

.

      54. Аутодонорлыққа кез келген белгіленген инфекция ошағы (алдын ала санация жасау қажет) 



немесе бактериемиясы анықталған адамдар, сондай-ақ, тұрақты емес стенокардия, қолқа стенозы, 

орақпішінді жасушалы анемия, тромбоцитопения (тромбоциттер саны 180 х 10 /л төмен) жағдайлары 

9

бар болғанда қатыстырылмайды.



      55. Өз қажетілігі үшін дені сау адамдардың шарт негізінде аутологиялық қан және оның 

компоненттерін дайындау оның айрықша түрі болып табылады.

      Аутологиялық қанды дайындау Қанды және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, 

өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Аутологиялық қан компоненттерін сақтау мерзімі өткеннен кейін, аутодонор тарапынан сақтау

мерзімі аяқтаулудан бұрын ауызша немесе жазбаша айтылған ерекше нұсқамалары жоқ боған кезде 

аутоқанның барлық дайындалған компоненттері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

тізілімінде № 10713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 

 бекітілген 

бұйрығымен

санитариялық қағидаларға сәйкес жойылады.

      56. Жіті жаппай қансырау, геморрагиялық синдромы бар пациенттерді емдеуде немесе олардың 

өршу қаупі туындаған кезде пациент денесін жылыту және дене қызуын кемінде 36 С температурада 

0

сақтау қамтамасыз етіледі.



      Бұл үшін операциялық бөлме немесе қарқынды терапия палатасындағы температураны +25 С 

0

деңгейінде сақтау, сондай-ақ барлық енгізілетін ерітінділерді +30 С+36 С температурасына дейін 



0

0

жылыту ұсынылады.



      57. Қан компоненттерінің құю көлемін азайту үшін мыналар қолданылады:

      1) операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде гемоглобин деңгейін түзету үшін 

эритропоэз ширықтырушылары және темір препараттары;

      2) химиотерапия жүргізу, сепсисті емдеу және иммунитет тапшылығы кезінде қанның лейкопоэз

ширықтырушылары;

      3) кагуляциялық гемостаз К-тәуелді факторларының синтезін қалыпқа келтіру үшін К 

витаминін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде пайдаланылады.

      Нәрестелердің геморрагиялық ауруын профилактикалау және үшін және коагулопатияны емдеу 

кезінде нәрестелерге К витаминін көктамыр ішіне енгізу жүргізіледі.

      58. Қан компоненттерін құюдың баламасы ретінде мына препараттар қолданылады:

      1) О  және СО  тасымалын қамтамасыз ететін газ тасымалдау функциясы бар қан алмастырғыштар

2

2



;

      2) коагуляциялық гемостаздың рекомбинантты факторлары.

      59. Газ тасымалдау функциясы бар қан алмастырғыштар және рекомбинантты факторлар 

пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет