Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін педиатрияда құюдың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

4. Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін педиатрияда құюдың ерекшеліктері

      89. Педиатрияда құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю тактикасын нәрестенің 

туу кезеңінен басқа кезде ересек емделушілерге құюдан айырмашылығы жоқ. 4 айға дейінгі 

нәрестелер (бұдан әрі – нәрестелер) мыналармен ерекшеленеді:




      1) гиповолемияға және гипотермияға жоғары сезімталдығы;

      2) қан формуласының ерекше физиологиялық параметрлері (ЖҚА – 85 мл/кг; гематокрит – 45-

60%, эритроциттер мөлшері – 4,0-5,6 х 10 /л);

12

      3) феталды гемоглобиннің болуы (60-80%), бұл оттегіге ұқсас болуымен және оның тіндерге 



қайтарылымның азаюымен себептеседі;

      4) иммунологиялық күйзеліс (бұл ерте жастағы балаларға тән).

      90. Жаңа туған кезеңде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюды тағайындау 

үшін өлшемдер мен көрсетілімдер мыналар болып табылады: күрделі жүрек-өкпе дерттері бар 

нәрестелерде гематокриті 40%-дан жоғары, гемоглобинді 130 г/л-ден жоғары ұстау қажеттілігі; 

орташа білінген жүрек-өкпе функцияларының жеткіліксіздігі кезінде гематокрит деңгейі 30%-дан 

жоғары және гемоглобин 100 г/л-ден жоғары болуы керек; тұрақты жағдайда, сонымен бірге жоспарлы

шағын операциялар жасаған кезде гематокрит 25%-дан жоғары, гемоглобин 80г/л-ден жоғары деңгейі 

сүйемелденеді.

      91. Төрт айдан бір жасқа дейінгі нәрестелер үшін құрамында эритроциттер бар қан 

компоненттерін құю гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен кездегі операция алдындағы анемия, 

гемоглобиннің операция кезінде және операциядан кейінгі 80 г/л-ден төмен деңгейі кезінде және 

анемиялық синдромның клиникалық айқын белгілері кезінде көрсетіледі. Бір жастан асқан сәбилер 

үшін жіті қансырау кезінде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің құю көрсетілімдері 

ересектерге арналған көрсетілімдерге ұқсас.

      92. Созылмалы анемия кезінде бір жастан асқан сәбилерде құрамында эритроциттер бар қан 

компоненттерін құю гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен және анемияның клиникалық белгілері 

болған кезде көрсетіледі.

      93. Нәрестелерге жүргізілетін барлық құюлар, олардың гипотермияға жоғары сезімталдығы, 

қанның иондық құрамы мен қышқылды-негізгі жағдайының күрт ауытқулары есепке алына отырып, 

көлемді ретінде қаралады. Нәрестелерге жүргізілетін құюлар, құйылған құрамында эритроциттер бар

қан компоненттері трансфузиялық орта көлемімен қатар, талдауға алынған қанның көлемі қатаң 

бақылай отырып, жүргізіледі.

      Бір жасқа дейінгі сәбилердің барлық талдаулары алынған қанның көлемі көрсетіле отырып, 

талдауға қан алу парағында белгіленеді.

      Құйылатын құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің есебін гемоглобин деңгейінің 

көрсеткішіне негізделіп жүргізу керек: ЭМ немесе ЭЖ көлемі (мл) 

масса (кг) х (талап етілетін 



Hb – бастапқы Hb (г/л)) х ЖҚА (мл/кг)/200 немесе (талап етілетін Ht – бастапқы Ht) х ЖҚА (мл)/

70.

      94. Гемодинамика және тыныс алу көрсеткіштерін міндетті түрде бақылай отырып, ЭМ-ні құю 



жылдамдығы сағатына 2-5 мл/кг дене массасын құрайды.

      95. Қан компоненттерінің донорын іріктеп алу кезінде нәресте үшін анасының плазма доноры 

болуы мүмкін еместігін еске сақтаған жөн, себебі ана плазмасының құрамында нәрестенің 

эритроциттеріне қарсы аллоиммундық антиденелер бар, ал әке эритроциттер доноры болмайды, 

олардың антигендеріне қарсы нәрестенің қанында, анасының қан ағынынан баланың жолдасы арқылы 

енген антиденелер болады.

      96. Нәрестелерге құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін, сондай-ақ тромбоциттерді 

құю алдында мынаны орындау қажет:

      1) АВ0 жүйесі бойынша қан тобы анықталады. Табиғи агглютининдер сәбилік шақта әдетте 

анықталмайтындықтан, АВ0-тестілеу анти-А және анти-В реагенттерді пайдалана отырып реципиенттің

эритроциттерімен ғана жүргізіледі. Эритроциттерді нәрестелерге АВ0 жүйесі бойынша құю үшін 

іріктеп алуды осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген кестеге сәйкес жүргізу керек. Егер 

реципиент қанының тобын АВ0 жүйесі бойынша анықтауда қиыншылықтар болса, онда реципиентке 

нәрестенің және анасының қан сарысуымен үйлесетін (0(І)) эритроциттерді құйлады. Анасы болмаған

жағдайда сәбидің қан сарысуымен үйлесетін (0(І)) эритроциттер құйылады;

      2) нәресте қанының резус-тиістілігін анықталады, анти-Д антиденелерден болған гемолиздік 

ауру кезінде резус-теріс қанды ғана құяды, егер патогендік антиденелер анти-Д антиденелері 

болып табылмаса, нәрестеге резус-оң қанды құйылады;

      3) иммунды антиденелерді іздеу және жеке үйлесімдікке сынама нәрестенің, сондай-ақ оның 

анасының қан сарысуына жүргізіледі; егер талдау жасау үшін нәрестелердің қанын алу мүмкін 




болмаса (әсіресе шала туған сәбилердің, себебі талдау үшін қажет сынама ЖҚА 1-2 % құрайды), 

тестілеу анасының қан сарысуымен жүргізіледі;

      4) құрсаққа құю үшін ЭМ, ЭТ немесе ананың қан сарысуымен үйлесімді (О(І)) топтағы жаңа 

алынған, консервіленген донор қаны пайдаланады;

      5) эритроциттердің жиі және көп реттік құюы жоспарланып отырған жағдайларда инфекциялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылатын донорлардың санын азайту мақсатында аз көлемгеге 

бөлінген компонент дозасын пайдалану ұсынылады. Қан және оның компоненттерінің қалдықтары 

жойылуға жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет