7. Гранулоциттерді құю тәртібі
130. Бактерияға қарсы терапияға рефрактерлік инфекция бар болғанда, оның ішінде
нәрестедегі сепсис кезінде, иммунитет тапшылығы, химиотерапия немесе химиотерапиядан кейін
агранулоцитоз немесе панцитопения кезінде реципиентте гранулоциттердің абсолюттік саны 0,5х10 /
9
л–ден төмендегені гранулоциттерді құюды тағайындауға негізгі көрсетілім болып табылады.
131. Гранулоциттер донациядан кейін 24 сағаттан кешіктірмей құйылады. Компонентті
сәулелендіру аллогендік гранулоциттерді құю үшін міндетті талап болып табылады. Терапиялық
әсерге қол жеткізу үшін гранулоциттерді құю бірнеше күн бойы қатар жүргізіледі.
132. АВ0 және резус-тиістілік жүйелері бойынша үйлесімділік міндетті. Қайталап құю
кезінде аллоиммундаудың алдын алу үшін гранулоциттерді HLA гистолейкоцитарлық антигендер бойынша
іріктеп алу жүзеге асырылады.
133. Құйылған гранулоциттердің терапиялық нәтижелілігінің көрсеткіші мыналар болып
табылады: дене қызуының төмендеуі, уыттану мен қабынудың физикалды белгілерінің азаюы,
пневмония болғанда өкпенің рентгенологиялық көрінісінің жақсаруы, бұрын бұзылған ағза
функцияларының тұрақтануы және тағы басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |