Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін кұюдың тәртібі



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

3. Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін кұюдың тәртібі

      73. Құрамында эритроциттер бар компоненттері қанның газдарын таратушылар функциясын 

атқарады және олар айналымдағы эритроциттердің көлемін толықтыру және анемия кезінде қанның 

оттегін тасымалдау функциясын сүйемелдеу мақсатында енгізіледі.

      74. Эритроциттік масса (бұдан әрі – ЭМ), эритроциттер жүзіндісі (бұдан әрі - ЭЖ), жуылған

эритроцитер (бұдан әрі - ЖЭ) пайдаланылады.

      75. Емдеу практикасында А, В, және Д антигендерінің бар-жоғына зерттелген ЭМ және кемінде

5 антиген - С, с, Е, е және Келл қосымша белгіленген феноүлгіленген ЭМ қолданылады.

      Феноүлгіленген ЭМ-ні құю көп рет құю кезінде эритроциттердің антигендеріне 

аллоимунизацияның алдын алу мақсатында тағайындалады. Апластикалық синдромы, талассемиясы және 

өзге де аурулар бар трансфузияға тәуелді пациенттерде немесе ұзақ мерзімді трансфузиялық 

терапияны қажет ететін пациентерде қанды феноүлгілеу бірінші трансфузияның алдында жүргізіледі.

      76. Анамнезінде бөгде ақуыздарға аса сезімталдығы, сондай-ақ расталған IgА тапшылығы 

немесе IgА-ға антиденелер, пароксизмалды түнгі гемоглобинуриясы көрсетілген реципиенттерге ЖЭ 

тағайындау ұсынылады.

      Донорлық эритроциттер АВО жүйесі бойынша әмбабап топтық тиістіліктегі құрамында 

эритроциттер бар орталарды іріктеу жағдайларда сияқты жуу рәсіміне ұшырайды.

      77. Құюдың нәтижелілігі пациенттің бастапқы кездегі жағдайына, гемоглобин деңгейіне, 

сондай-ақ трансфузиялық ортаның гематокрит деңгейіне және оны сақтау мерзімдеріне тәуелді. ЭМ 

немесе ЭЖ бір дозасын құю тоқтаусыз қатты қансырау болмаған кезде, гемоглобин деңгейін 10 г/

л-ге және гематокрит деңгейін 3%-ға көтереді.

      Құрамында эритроциттер бар компоненттері құюдың тиімділігін бақылау веналық қандағы 

гемоглобин деңгейі бойынша анықталады және құюдан кейін бірден жүзеге асырылады.

      Жіті жаппай қансырау немесе созылмалы қансырау кезінде гемоглобин деңгейінің мониторингі 

веналық қанда жүргізіледі және ол сағат сайын жүзеге асырылады, қажет болғанда жиірек 

жүргізіледі.

      78. Веналық қандағы гемоглобин деңгейінің 80 г/л-ден төмендеуімен жіті дамыған анемия 

қанның құрамында эритроциттер бар компонентін құюға көрсетілімдер болып табылады. Көрсетілімдер 

тұжырымы – «жіті анемия, Hb___г/л». Ересектер үшін қажетті қажетті дозалардың санын есептеу (80

- Hb)/10 формуласы бойынша жүзеге асырылады.

      79. Созылмалы анемияда және гемоглобин деңгейінің 70 г/л-ге төмендеген кезде анемиялық 

синдромның патогенетикалық терапияның нәтижесінде қысқа мерзім ішінде жойылмайтын айқын 




белгілері (жалпы әлсіздену, бас ауруы, тыныштық жағдайда тахикардия, демігу, бас айналу, 

синкопе эпизодтары) құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюға айғақ болып табылады. 

Гемоглобин деңгейі көрсетілімдердің бар болуын анықтайтын негізгі өлшем болып табылмайды. 

Миелодиспластикалық синдром, апластикалық анемия, жіті лейкоздар, әсіресе гемопоэздік дің 

жасушаларын транспланттауды қажет ететін пациенттерге құрамында эритроциттер бар қан 

компоненттерін құю айғақтары барынша шектеледі. Артерия-көктамырлық айырмашылықтың шамасы 

созылмалы анемия кезінде құю қажеттілігінің қосымша және айқын көрсеткіші болып табылады. 

Көрсетілім тұжырымы – «созылмалы орны толтырылмаған анемия, Hb___г/л».

      80. Пациенттерде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю көрсетілімдері қандағы

гемоглобин деңгейі бойынша ғана емес, оттегінің жеткізілуі және тұтынылуын есепке ала отырып, 

анықталады. Құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю гемоглобин 110 г/л-ден төмендеген

, PаO2 қалыпты және венадағы аралас қанда (PvO2), яғни оттегі экстракциясының 60%-дан жоғары 

ұлғаюымен, оттегі кернеуі 35 сынап бағ. төмен болған кезде ұсынылады. Көрсетілім тұжырымы – «

анемия кезінде оттегі жеткізілуінің төмендеуі, Hb___г/л, PаO2 _____сынап бағ., PvO2_____ сынап 

бағ.» Гемоглобиннің кез келген деңгейінде веналық қанның оксигенация көрсеткіштері қалыпты 

болса, құю ұсынылмайды.

      81. Клиникаға жоспарлы емдеу үшін негізгі ауруына байланысты анемиямен немесе созылмалы 

қансыраумен байланысты анемиясы бар пациент түскен жағдайда, операцияға дейінгі құю гемоглобин 

деңгейі 80 г/л-ден аз және анемиямен байланысты клиникалық белгілер (әлсіздік, тыныштықта 

тахикардия және демігу) болғанда ғана жүргізіледі. Көрсетілім тұжырымы – «Бастапқы 

компенсацияланбаған анемия, Hb___г/л».

      Операциялық араласуға өмірлік көрсетілімдер болған кезде гемоглобин деңгейі 80 г/л 

болғанда анемияның орнын толтыруы да операцияға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Анемияны 

түзету операция кезінде немесе операциядан кейінгі ерте кезеңде жүргізіледі.

      82. Егер операциялық араласу сол кезде орны толтырылған анемиямен және гемоглобин деңгейі

80 г/л-ден төмен пациентке жүргізілсе, онда «трансфузиялық дайындық» жарияланады – қажеттілік 

тоқтатылғанға дейін қан компоненттерін резервтеу жүргізіледі. Құю операция кезінде немесе 

гемоглобин деңгейі бастапқыға қарағанда 10%-дан көп төмендеген кезде операциядан кейінгі 

бастапқы кезеңде жасалады. Көрсетілім тұжырымы – «анемия, Hb___г/л».

      83. Жасанды қанайналымын (бұдан әрі - ЖҚА) жүргізу кезінде эритроциттік массаның 

трансфузиясы гематокрит 25%-дан, ал балаларда 30%-дан төмендеген кезде ұсынылады. Көрсетілім 

тұжырымы – «ЖҚА, Hb___г/л».

      84. Туа біткен жүрек функциясының күрделі бұзылыстары бар пациенттердегі кез келген 

ауруды емдеу кезінде гемоглобин көрсеткіштері анемияның тиісті клиникалық белгілерінде 

физиологиялық нормаға сәйкес келгенде құрамында эритроциттер бар қан компоненттері құйылады.

      85. Егер пациентте операциядан кейінгі кезеңдегі жіті қансыраудан кейін гемоглобин 

деңгейі 80 г/л-ден төмендегенде анемиямен байланысты клиникалық белгілер (әлсіздік, тыныштықта 

тахикардия және демігу) болмаса, құюдан тежей тұру туралы шешім қабылданады.

      86. Клиникалық деректер, оттегіні тасымалдану көрсеткіштері және гемоглобин деңгейінің 

сандық ұлғаюы, құрамында эритроциттер бар компоненттерін құю нәтижелілігінің өлшемі болып 

табылады.

      87. Гемопоэздік дің жасушаларын ауыстыру жоспарланып отырған пациенттерге лейкоциттері 

азайтылған қан компоненттерін (лейкофильтрлеген, кемінде 25 Грей дозасында сәулеленген) құю 

ұсынылады.

      88. Егер қажетті қан тобы және резус тиістілігіндегі құрамында эритроциттер бар қан 

компоненттері болмаған жағдайда құрамында эритроциттер бар әмбебап қан компоненттері осы 

Қағидаларға 32-тармағының талаптарына сәйкес құйылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет