Жоспар: Нәрестенің қимыл-әрекеттері Нәрестенің зейіннің дамуы Нәресте есі Нәрестенің эмоциялық сезімі Нәрестенің қимыл-әрекеттері



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі74,73 Kb.
#159216
  1   2   3
Байланысты:
Нәрестелік кезеңде баланың психикалық дамуы. Бір жастағы дағдарыс.
Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар, Отбасылық қарым-қатынас, Отбасының әлеуметтік және құқықтық негіздері, 1666864540229

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СРС


Орындаған: Гүңшебай М
Қабылдаған: Таипова З.М

Алматы 2021ж


Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктері
Жоспар:
1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері
2. Нәрестенің зейіннің дамуы
3. Нәресте есі
4. Нәрестенің эмоциялық сезімі
Нәрестенің қимыл-әрекеттері.Бала қимылы өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты тез ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау - баланың алғашқы мақсатқа бағытталған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болып табылады. Екінші жарты жылдықта қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Бала ұстап алған затын сілкілейді, тарсылдатады, лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған бірыңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабанды соғады, аузына суы бар ыдысты жақындатады. Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әлі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен обьектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды. Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды және оларды дұрыс қолдануды игере бастайды. Әрекеттердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?» деген қызығушылықтар таныта бастайды. Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау, содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудара бастайды. Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәрестелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мүмкіндік береді. Нәрестенің зейіннің дамуы Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дабысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарларда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатып қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап, онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады. Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы: шарды қорабқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады.
Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз. Алғашында тұрақтылық тітіркендіргіш ретінде көрінеді. Тұрақтылық жан-жақтағы қоршаған ортаға өзіндік эмоциясын қамтамасыз етеді, іс-әрекеттерден ерекшеліктерді, сонымен қатар ісәрекетте өзіндік назардың қалыптасуына, төзімінің, іс-әрекеттің, қимыл формасының туындауына негізделеді. Ерте балалық шақтағы зейін дамуы сөздерді ұғуға байланысты болады. Өзіндік әрекет баланың айналасындағыларға назар аударудан көрінеді, енді бала объектіні таңдап денені басқара бастайды. Бала бір сөз, сөздер айтуға талпына бастайды. Бала өзіне таныс құбылыстарды немесе пәндерді: (сөздерді) «допты әкел, қасықты ал» айта бастайды. Бала қысқа әңгімені аяғына дейін тыңдайды, оған ол әсер етеді. Бала өсе келе сөздің мән мағынасына назар аударады. Енді бала қысқа өлеңді, ертегіні, әнді тыңдап, оған зейін аударады. Олар мәнерлі сөзді, ым-ишараны үлкендердің айтқан әңгімелерінен байқайды. Басқарылған зейін қарапайым сөзді қабылдаудан көрінеді. Үлкендер оларды басқаруы мүмкін. Зейін сөзді орындау әрекетінен байқалады. Бала 8-10 мин. қызықты әрекетті орындайды. Ол қиын әрекетті зерттеуге зейінін бөледі. Егер үлкендердің сөзін естімей қалса, кейде жұмысты орындамайды. Ерте балалық шақтағы зейіннің дамуының ерекшелігін бөлеміз: - бала тұрақталған пән іс-әрекеттің айналымдағы ұлғаюы.
- үлкендердің қиын емес құрылымдарын тұрақтылық арқылы орындау.
- сөйлемде және сөйлегенде дұрыс жеткізе білу.
- сөздіктің ықпалымен өзінің көңілін зейінінің дамуын реттейді
- Баланың зейіні әлсіз тұрақталған, кейбір жағдайда қиындықтар бақылағанда тұрақсыз, бірақ оның көлемі көп емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет