Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»



Дата07.05.2017
өлшемі20,1 Kb.
#16138
түріСабақ
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты: Сын есім туралы теориялық білім беру. Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
Сауаттылыққа, жазу, каллиграфиясын, тілін жетілдіру.
Логикалық ойлау жүйесін дамыту.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
«Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»
Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік

2. Еске түсіру сәті. «Толықтыру тесті»


1. Зат есім дегеніміз 
2. Сөйлем дегеніміз не 
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не
5. Лепті сөйлем дегеніміз не
6. Түбір сөз қосымша дегеніміз не
7. Жұрнақ, жалғау дегеніміз не?
ІІ. Негізгі кезең: жаңа сабақ
- Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.
- Мынау не? (алма)
- Түрі қандай? (қызыл)
- Көлемі қандай? (үлкен)
- Дәмі қандай? (тәтті)
- Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)
- Оны сапа дейді.
Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық.
3. Сөзжұмбақты шеш

а с п а з


қ ы м ы з
н а н
ә ж е
а с ық
п і л
кеме

1. Ас дайындайтын маман


2. Бие сүтінен жасалатын сусын
3. Ас атасы -...
4. Әкемнің анасы
5. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі
6. Құрлықтағы ең үлкен жануар
7. Үлкен көлемдегі мұхит көлдерді жүзіп өтетін көлік құралы

4. «Әдемі сөз білесің бе?» ойыны.


Мақсаты: Сын есімдерді қолданып, бір - біріне қандай екенін айтады.
Мысалы, Сен ең әдемісің, сұлусың, ақылдысың, өнерлісің, сабырлысың, шыдамдысың, төзімдісің, шыншылсың, көңілдісің, үлкенсің, жігерлі, алғыр, қайсарлы, мықты, т. б.

5. Оқулықпен жұмыс. 407 - жаттығу. Мәнерлеп оқып сын есімдерді тап.


6. 408 - жаттығу. Мақалды жатқа айт.
7. 409 - жаттығу. Берілген сөздерді тақтаға және дәптерлеріңе сөйлем құрастырып жазыңдар.
Жуас, қалың, тегіс

7. Сергіту сәті:


Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық

8. «Аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.


Үй, сиыр, көйлек, тамақ.
- Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер, көрейін. Білімдерің өмірге
жарапты.
Барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын!

Терме диктант (Сын есімдерді теріп жазу)


Мақал - мәтелдер
1) Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
2) Өнерлі адам өрге озар,
Өнерсіз адам жер соғар.
3) Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

ІV. Сабақ қорыту.

Тест тапсырмалары:
1. Зат есім дегеніміз не?
а) заттың атын білдіреді?
ә) заттың іс - қимылын білдіреді.

2. Сын есімді тап.


а) өнер ә) сұлу б) бес

3. «Биік» деген сөз қай сөз табына жатады?


а) сан есім ә) етістік б) сын есім

4. Сын есім болатын сөзді тап.


а) үш ә) жасыл б) санады

5. Сын есімді тап.


а) қызыл, әдемі, тәтті
ә) дәрі, парта, ойын
б) барды, келді, оқыды.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 412 - жаттығу

Кері қайту

Ілмек сөздер: Cын есімбастауыш сыныпқа арналған сабақМақал - мәтелдер
Каталог: uploads -> doc -> 09d0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09d0 -> Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет