Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

29.05.2015 

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа 

№ 417

енгізіледі) бұйрығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары (бұдан әрі - 

Қағидалар) медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - МҰ) қанды, оның компоненттері мен препараттарын 

сақтаудың, құюдың тәртібін айқындайды.

      2. Құю пациент тамырына донорлық қанның компоненттерін және (немесе) препараттарын енгізу

деп ұғынылады.

      3. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың негізгі қағидаттары:

      1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті пайдалануға ықпал 

ететін саясаттың бар болуы;

      2) трансфузиялық терапия сапасын медициналық ұйым деңгейінде басқару жүйесін қанды, оның 

компоненттері мен препараттарын пайдалану мониторингі және бағалау жолымен құру;

      3) барынша жеделдігін, қанды, оның компоненттерін және қан препараттарын қолданудың 

қауіпсіздігі мен негізділігін балама емдеуді жүргізудің қолда бар мүмкіндіктерін есепке ала 

отырып, қамтамасыз ету;

      4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын пациент қанының зертханалық көрсеткіштері 



мен клиникалық деректері негізінде құю;

      5) трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту болып 

табылады.

      4. МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігін төмендету және 

мыналарды:

      1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігіне әкелетін жағдайларды 

профилактикалау, ерте диагностикалау және тиімді емдеу;

      2) қансырауды төмендетуге арналған хирургиялық және қанды үнемдейтін әдістерді пайдалану;

      3) қазіргі заманғы қаналмастырғыларды (кристаллоидтер, қауіпсіз коллоидтер), 

рекомбинанттық препараттарды, эритропоэз ширақтандырғыштарын, сондай-ақ оттегітранспорттық 

қызметті қамтамасыз ететін препараттарды қоса алғанда қан көлемін ауыстыруға арналған 

баламаларды қамтамасыз ету;

      4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын пайдаланудың негізділігін бақылау;

      5) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды стандарттау мен талдауды қамтитын 

міндетті құюды емес азайту үшін жағдай қамтамасыз етіледі.

      5. МҰ-да консультациялық-кеңесші орган (құрамында бас дәрігердің медициналық бөлім 

жөніндегі орынбасары, трансфузиолог дәрігері, клиникалық бөлімшелердің меңгерушілері кіретін 

трансфузиялық кеңес) құрылады, ол:

      1) трансфузиялық терапия тиімділігіне және трансфузиядан кейінгі барлық асқынуларға 

талдау жүргізеді;

      2) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю үдерісінің әрбір кезеңі үшін 

стандартты операциялық рәсімдер (СОР) мақұлданады, оның ішінде:

      қанға, оның компоненттері мен препараттарына жоспарлы және шұғыл тәртіпте тапсырыс беру;

      өтінімдерді ресімдеу және қанды, оның компоненттері мен препараттарын трансфузиология 

бөлімшесінен (кабинетінен) алу;

      топтық және резус-тиістілікті анықтау және/немесе жеке үйлесімдікке сынама жүргізу үшін 

қан үлгісін алу;

      қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау мен тасымалдау;

      құю алдында реципиентті сәйкестендіру;

      трансфузиялық терапияны құжаттық ресімдеу;

      құюға дейін, трансфузия кезінде және одан кейін реципиент жағдайына мониторинг жүргізу;

      трансфузиядан кейінгі реакцияларды және асқынуларды тіркеу, талдау және емдеу;

      қанды, оның компоненттері мен препараттарын жою;

      3) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды жүргізу үшін мамандардың теориялық 

және практикалық даярлығын бағалау жүзеге асырылады.

      6. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың әрбір сатысында жұмыс істейтін 

персоналдың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін МҰ бірінші басшысы мыналарды қамтитын құжатты 

бекітіледі:

      1) медициналық және медициналық емес персоналдың жоспарлы және шұғыл тәртіпте 

трансфузиялық көмек көрсетудің барлық деңгейінде өзара іс-қимыл, құзыреттілігі мен жауапкершілік

алгоритмі;

      2) трансфузиядан кейінгі асқынуға күдік болған кезде өзара іс-қимыл алгоритмі;

      3) дәрігерлік персонал мен орта буын медициналық персоналды трансфузиялық көмек көрсетуге

рұқсат берудің тәртібі;

      4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын жоспарлы және шұғыл тәртіпте жеткізу 

алгоритмі;

      5) қан, оның компоненттері мен препараттарының резервтік төмендемейтін қорының көлемі;

      6) трансфузияға дейінгі жол жүрудің барлық кезеңінде қанның компонентін сақтауға арналған

температуралық режимді (бұдан әрі – «суықтық тізбегі») қамтамасыз ететін сақтау және қолдау 

тәртібі;


      7) иммундық гематологиялық зерттеулер жүргізудің тәртібі;

      8) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю үдерісінің әрбір кезеңін стандарттау 

тәртібі.

      7. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды тағайындау көрсеткіштері, сондай-ақ 




оны дозалау қанның жасушалық немесе өзге компоненттерінің тапшылығы немесе дисфункциясының 

клиникалық белгілерімен расталатын зертханалық деректердің негізінде айқындалады.

      8. МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау санкцияланбаған қол 

жеткізуден қорғалған жерде жүргізіледі.

      9. Сақтау үшін санкцияланбаған қолжеткізуді шектейтін құлыптармен жабдықталған арнайы 

тоңазытқыш жабдығы пайдаланылады.

      Тоңазытқыш жабдығы резервтік электр қоректендіру көздерімен қамтамасыз етіледі.

      Сақтау кезінде қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтаудың температуралық 

режиміне күнделікті (кемінде үш рет) бақылау жүргізіледі.

      Техникалық қызмет көрсету жоспарына тоңазытқыш жабдықтары және қан қызметінің өзге 

жабдықтары жарақтандырылған температураны электрондық тіркеудің жоспарлы валидациясы енгізіледі.

      10. Топтары және тиістілік резусы әр түрлі қан және оның компоненттері жеке 

тоңазытқыштарда немесе бір тоңазытқышта жеке сөрелерде сақталады.

      Тоңазытқыш және (немесе) тоңазытқыштың сөрелері таңбаланады, бұл ретте өнімнің атауы мен 

топтық тиістілігі, сондай-ақ жұмыс үшін қажетті басқа да ақпарат көрсетіледі (мысалы, өнімнің 

қозғалысын есепке алу парағы, сақтау температурасының сыни шектері (қол жеткізілетін минимум (

максимум), басқасы).

      Құрамында эритроциттер бар қапшықтарды сақтаған кезде қабырға жаныдағы тоңазыту гемолизін

болдырмау мақсатында тоңазытқыш камерасының қабырғасымен түйісуден қорғаныс қамтамасыз етіледі.

      11. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын кейінінен құю үшін МҰ-ға тасымалдау 

мынадай талаптарға сәйкес жеткізіледі:

      1) «суықтық тізбекті» сақтау;

      2) құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің жылуоқшаулағыш контейнерлерде +2 С–тан 

0

+10 С–қа дейінгі температурада санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, тасымалдау;



0

      3) тромбоциттер жылуоқшаулағыш контейнерлерде +22 С ± 2 С–қа дейінгі температурада 

0

0

санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, тасымалданады;



      4) жаңа мұздатылған плазма және криопрецилитат хладогенттер бар жылуоқшаулағыш 

контейнерлерде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, тасымалданады;

      5) диагностикалық стандарттар жылуоқшаулағыш контейнерлерде +2 С–тан +6 С–қа дейінгі 

0

0



температурада тасымалданады.

      Ілеспе құжаттар сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда беріледі.

      12. МҰ-да құрамында эритроциттер бар қан компоненттердің және жаңа мұздатылған плазманың 

азаймайтын (кемінде екі күндік) резервін сақтау қамтамасыз етіледі.

      Қан өнімдерін–жеткізуші ұйымынан алшақ жерде орналасқан елді мекендердегі МҰ-да азаймайтын

резервтің көлемі жеткізулер арасындағы қан компоненттерінің қажеттілігін есепке ала отырып, 

жеткізу кестесіне байланысты айқындалады.

      Резервтік сақтауда болған және жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланбаған қан 

компоненттері есептен шығарылады және клиникалық емес пайдалану үшін өзге қызметтерге беріледі 

немесе жойылады.

      13. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю әртүрлі аурулар немесе жағдайлар 

кезінде пациент организміне жетіспейтін нақты жасушалық немесе ақуыз компоненттерінің орнын 

толтыру ұстанымы бойынша жүргізіледі

      14. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құйған кезде жағымды және теріс салдар 

күтіледі.

      15. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың жағымды салдары мыналар болып 

табылады:

      1) айналымдағы эритроциттердің мөлшерін көбейту және эритроциттерді құйған кезде 

гемоглобин деңгейін көтеру;

      2) жаңа мұздатылған плазманы құю кезінде купаждау немесе жіті диссеминацияланған қан 

тамыры ішіндегі ұйып қалудың күшеюін болдырмау;

      3) жаңа мұздатылған плазманы, криопреципитатты құю кезінде геморрагиялық синдромды 

купаждау және тапшылығы негізгі сырқатпен белгіленетін ұю жүйесі факторларының деңгейін ұлғайту

;



      4) спонтанды тромбоцитопениялық қансырауды тоқтату, тромбоциттерді құйған кезінде 

тромбоциттер санын жоғарылату;

      5) гранулоциттерді құйған кезде перифериялық қандағы нейтрофилдер санын көбейту.

      16. Реципиент үшін қан мен оның компоненттерін құюдың теріс салдары топтық сәйкеспеушілік

кезінде жіті және шегерілген иммунологиялық реакцияның даму мүмкіндігіне, сондай-ақ ыдыста 

бұзылған эритроциттерді құю салдарынан болған асқынуларға; сұйықтықтың мөлшерден артық 

болғанына; темірдің артық болғанына; анафилактикалық реакцияларға; қанды құюмен байланысты 

өкпенің жіті зақымдануына; трансфузия арқылы берілетін инфекцияларға; қанды көп көлемде құюмен 

байланысты.

      Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың теріс салдарын диагностикалау және оны

емдеу қағидаттары осы Қағидаларға 

 сәйкес басшлылыққа алынатын принциптерге сәйкес 

1-қосымшаға

жүзеге асырылады.

      17. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды тағайындау көрсетілімдерін, 

сондай-ақ оны дозалауды қанның жасушалық немесе өзге компоненттерінің тапшылығы немесе 

дисфункциясының клиникалық белгілерімен расталатын зертханалық деректердің негізінде емдеуші 

дәрігер немесе кезекші дәрігер (дәрігерлер консилиумы) айқындайды.

      18. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю жүргізілетін МҰ-да қанды, оның 

компоненттері мен препараттарын құюдың қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік беретін тәулік бойғы 

зертханалық зерттеу (қанның жалпы талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер саны), 

қышқыл-сілтілік жағдай мен қан газдарының талдауы, несептің жалпы талдауы, жалпы ақуыз (

альбумин), коагулограмманың, оның ішінде жаңа туған нәрестелер үшін (микроәдіспен немесе қанды 

ең аз мөлшерде алумен) негізгі көрсеткіштерін зерттеу қамтамасыз етіледі.

      Құрамында гематологиялық бөлімшесі бар МҰ-да гемостаз жүйесінің факторларын анықтау 

мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

      19. Реципиентке оның қанымен АВО және Резус топтық жүйелері бойынша үйлесімді донорлық 

қан компоненттері құйылады.

      Егер реципиенттің қан тобы мен резус тиістілігін анықтау мүмкін болмаса, осы Қағидалардың

 32, 33-тармақтарының талаптарына сәйкес әмбебап трансфузиялдық орталар реципиенттің қан тобы 

мен резус-тиістілігі анықталғанға дейін құйылады.

      20. Құю кезінде Келл жүйесінің 

антигені бойынша себептесетін трансфузиядан кейінгі 

К 

асқынуларды профилактикалау мақсатында құрамында осы фактор жоқ эритроциттік жүзінді (бұдан әрі

– ЭЖ) немесе эритроциттік масса (бұдан әрі – ЭМ) пайдаланылады.

      Келл-оң реципиенттерге Келл-оң эротроциттер құйылады.

      Плазмалық-когуляциялық гемостаз түзеткіштерін (плазманың барлық түрлері), тромбоциттерді 

құйған кезде донорлық қан компоненттері эритроцитеріндегі   антигенінің бар-жоғы есепке 



К

алынбайды.

      21. Анамнезде трансфузиядан кейінгі асқынулар, гемолиздік ауруы бар баланың туылуымен 

аяқталған жүктілік көрсетілімдері бар реципиенттерге, сондай-ақ аллоимундық антиэритроциттік, 

антилейкоциттік және антитромбиндік антиденелері бар реципиенттерге қан қызметі саласындағы 

қызметті жүзеге асыратын ұйымның зертханасында қанды, оның компоненттері мен препараттарына 

жеке іріктеп алу жүргізіледі.

      Миелодепрессия, лейкоз немесе апластикалық синдромы бар реципиенттерге бірнеше рет құю 

жасау қажетті болған кезде, донорды адамның негізгі топтық тиістілігі бойынша антигендік 

құрылымын ескере отырып, арнайы іріктеп алу мақсатында реципиенттің фенотипі зерттеледі.

      22. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды МҰ бірінші басшысының бұйрығымен 

трансфузиялық терапияны жүргізуге рұқсат берілген дәрігер жүргізеді.

      Операциялық араласу уақытында трансфузия жүргізудің қажеттілігі туындаған кезде негіздеме

мен әдісті дәрігер-анестезиолог анықтайды, ал құюдың дайындық шараларын (оның ішінде осы 

Қағидалардың 26, 27, 28-тармақтарында айқындалған) операцияға немесе наркозға қатыспайтын 

дәрігерлік медициналық персонал жүргізеді.

      23. Алдын-ала АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне, мерезге зерттелмеген қанды және оның 

компоненттерін құю жүзеге асырылмайды.

      24. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау




және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 

 

бұйрығымен



бекітілген санитариялық қағидаларды сақтай отырып, жүргізіледі.

      25. Трансфузиялардың иммунологиялық және инфекциялық теріс реакциялар салдарын алдын алу 

мақсатында реципиенттердің белгіленген контингенті (балалар, босандыру мекемелерінің 

реципиенттері, иммундық күйзеліске ұшыраған және трансфузияға тәуелді тұлғалар) лейкоредукция, 

патогендердің белсенділігін жою, сәулелеу әдістерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 

аумағында қолдануға рұқсат етілген өзге де әдістермен қосымша өңдеуден өткен донорлық қан 

компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

      Иммундық-супрессивті терапияны қабылдайтын немесе айқын иммундық тапшылығы бар 

пациенттерді емдеу; дене салмағы жеткіліксіз жаңа туған нәрестелерді емдеу үшін; құрсақ 

ішіндегі трансфузия мен қанды және оның компоненттерін туыстардан құйған кезде пайдаланылатын 

қан компоненттері «трансплантант қожайынға қарсы» асқынуын профилактикасы үшін иондаушы 

сәулелеуге ұшырайды.

      Пациенттердің осы санаттары үшін патогендердің белсенділігін жою әдісімен амотасален мен 

ультракүлгін сәулелеуді пайдалана отырып, қосымша өңдеуден өткен болса, тромбоцитердің 

сәулеленбеген концентраты пайдаланылады.

      Сәулеленген қан және оның компоненттерін пайдалану көрсетілімдері мен сәулеленген қан 

және оның компоненттерін тағайындау тәртібі осы Қағидаларға 

 сәйкес айқындалады.

2-қосымшаға

      26. Егер ЭЖ немесе ЭМ реципиентке жеке іріктеп алынған болса, оны құю алдында донордың 

және реципиенттің қан тобын қайта анықтау жүргізіледі, алынған деректемелерді ілеспе 

құжаттармен салыстырылады.

      27. Құрамында эритроциттер бар орталарды құйған кезде биологиялық сынауды жүргізбестен 

бұрын, гемолиз белгілерінің бар-жоғына сынама жүргізіледі. Бұл ретте, компоненттің 1-2 

миллилитрі (бұдан әрі – мл) пробиркаға алынып, 0,9% физиологиялық ерітіндінің 5-6 мл қосылады, 

баяу араластырғыннан кейін пробирка минутына 1000 айналымда 5 минут бойы центрифугаланады.

      Нәтижені есепке алу тұнба үстіндегі сұйықтықтың боялуын бағалау бойынша жүргізіледі:

      тұңба үстіндегі сұйықтық түссіз болса, сынама теріс болып есептеледі;

      тұңба үстіндегі сұйықтық түрлі қарқындағы қызыл түске боялған болса, сынама оң болып 

есептеледі.

      Гемолиз сынамасы оң нәтижелі болған кезде компонент құю үшін жарамсыз.

      Трансфузиялық ортаның түсін өзгертуі, пленкалар мен жіптердің, жағымсыз иістің болуы 

бактериялық ластанудың белгісі болып табылады.

      28. Құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің жоспарлы немесе шұғыл тәртіпте әрбір 

құюдың алдында жүргізілген зерттеулерге және жазбаларға қарамастан, мыналар жеке орындалады:

      1) реципиенттен оның тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған жылын нақтылау 

арқылы сәйкестендіру және оларды пациенттің медициналық картасында көрсетілген дерректермен 

салыстыру жүргізіледі. Реципиент құю наркоз кезінде немесе емделуші ес-түссіз халде жатқан 

жағдайларда жасалуын қоспағанда, мүмкіндігіне қарай растайды;

      2) реципиенттің және донорлық қан компонентінің АВО жүйесі мен оның резус тиістілігі 

бойынша топтық тиістілігі анықтау медициналық ұйымдарда реципиенттің қанына иммундық 

гематологиялық      зерттеулерді ұйымдастырған және жүргізген кезде ұйымдастыру тәртібін сақтай 

отырып, осы Қағидаларға 

 сәйкес жүргізіледі, алынған нәтижені медициналық картадағы 

3-қосымшаға

деректермен салыстырылады;

      3) донорлық қан компонентінің АВ0 жүйесі бойынша қан тобын және резус тиістілігін қайта 

зерттеудің алынған деректерін контейнер заттаңбасындағы деректермен салыстыру.

      Егер донорлық қан компонентнің резус тиістілігін 

 антиденелері бар анти-D супер 



lgM

моноклоналды реагентпен зерттеген кезде резус тиістілігі теріс деген нәтиже анықталса, ал 

компоненттің заттаңбасында резус тиістілігі оң деп көрсетілген болса, салыстыру нәтижесі сәйкес

келмейді деп есептелмейді, ол донорлық қан компоненттерінің антигендік құрылымындағы 

еркшеліктерінің салдары болып табыалды.

      4) донор мен реципиент қанының антигендің сәйкеспеушілігіне байланысты иммунологиялық 

реакциялардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жеке үйлесімділік сынамасы иммундық 

гематологиялық зерттеулерді ұйымдастырған және жүргізген кезде сапа кепілдігін сақтай отырып, 

осы Қағидаларға 

 сәйкес жүргізіледі.

3-қосымшаға



      5) донорлық қан компонентінің бөгде ақуызына деген жоғары сезімталдықты анықтау 

мақсатындағы биологиялық сынама осы Қағидаларға 35, 36, 37-тармақтарының талаптарын сақтай 

отырып, жүргізіледі.

      29. Трансфузияларға дайындау тәртібі орталықтандырылып немесе орталықтандырылмай 

жүргізіледі.

      Трансфузияға орталықтандырылып дайындаған кезде трансфузиялық ортаны дайындауды (еріту мен

жылыту) және трансфузия орнына жеткізуді арнайы қызмет-трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) 

персоналы жүзеге асырады.

      Құрамында эритроцитер бар ортаның трансфузиясына орталықтандырылып дайындаған кезде 

трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) зертханашы дәрігері (трансфузиолог немесе 

трансфузиология мәселелері бойынша біліктілікті арттырудан өткен және трансфузиолог немесе 

дәрігер-зертханашының сертификаты бар зертханашы дәрігері) осы Қағидаларға 28-тармағының 2), 3)

және 4) тармақтарында көрсетілген іс-шараларды орындайды.

      Осы қағидалардың 27 және 28 тармақтарында көрсетілген трансфузияның іс-шараларына 

орталықтандырылмаған тәртіпті дайындау кезін трансфузияны іске асыратын дәрігер орындайды.

      Трансфузия алдындағы зертханалық зерттеулерді орындайтын дәрігер пациенттің қан үлгісі мен

қан компонентіне арналған өтініміндегі деректермен дұрыс сәйкестендіру; трансфузия хаттамасын 

пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні толығымен, реципиент пен донордың

топтық тиістілігін зерттеу нәтижелері, трансфузиялық ортаның атауы, сәйкестендіру нөмірі және 

трансфузиялық ортаның көлемі, жеке үйлесімділік сынамасының нәтижелері бөлігінде толтыру үшін 

жауапты болады.

      Құрамында эритроцитер бар ортаны құюды жүргізетін дәрігер қан өнімдерін пайдалануды 

растайтын зертханалық көрсеткіштерді бағалау; трансфузия алдындағы экпикризді толтыру; қан 

компоненттерінің өтінімі; қан үлгісін жеке үйлесімділікке зертханалық сынау үшін алған кезде 

пациентті сәйкестендіру, пробирканы дұрыс таңбалау және зерттеуге арналған жолдаманы толтырудың

дұрыстығы; трансфузия хаттамасын қорытынды рәсмдеу; пациентті трансфузиядан кейін бақылау үшін 

жауапты болады.

      30. Плазмалық немесе құрамында эритроциттер жоқ өзге де қан компоненттерін құйған кезде 

құюды жүргізетін дәрігер пациенттің медициналық картасында көрсетілген реципиенттің қанын АВ0 

бойынша топтық тиістілігін зерттеу нәтижелері мен қан компоненті қапшығының заттаңбасындағы 

деректерді салыстырады, биологиялық сынама өткізеді.

      31. МҰ-да қанға иммундық гематологиялық зерттеулерді жүргізген кезде осы Қағидаларға 3-

 сәйкес медициналық ұйымдарда реципиенттің қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді 

қосымшаға

ұйымдастырған кезде ұйымдастыру және өткізу тәртіптері сақталады.

      32. О тобының эритроцитері   және 

топтық антигендері жоқ болғанына байланысты АВО 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет