Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды, оның компоненттері мен препараттарын негіздеу және ресімдеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

2. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын негіздеу және ресімдеу тәртібі

      60. МҰ-да реципиенттерді иммундық гематологиялық тексеріп-қарау осы Қағидаларға сәйкес 

жүзеге асырылады.

      Зерттеу нәтижесі бар бланк медициналық картаға титул парағының ішкі жағына жапсырылады.

      Емдеуші дәрігер зерттеу нәтижесінің деректерін медициналық картаның сыртқы бетіне көшіріп

жазады және қолын қойып растайды.

      61. Пациент шұғыл тәртіппен түскен жағдайда және құюды жүргізу қажет болған кезде АВО 

жүйесі бойынша қан тобы және резус тиістілігі топтық және резус тиістілікті мамандандырылған 

қызметінің растауымен емдеуші немесе кезекші дәрігермен анықтайды.

      Топтық және резус тиістілікті растауға арналған қан реципиенттен құюдан бұрын алынады 

және тоңазытқышта +2 С+6 С температурада сақталады.

0

0



      62. Қан тобы және резус тиістілігі туралы деректерді медициналық картаның титул парағына 

өзге құжаттар мен көздерден алып жапсыру, сондай-ақ емделуге жатқызудан бұрын жасалған топтық 

және резус тиістілікті растау ретіндегі зерттеу нәтижелерін қабылдау жүргізілмейді.

      63. Қан компоненттерінің құюдың алдында реципиент АИТВ, В және С гепатиттері 

трансмиссиялық инфекциялар маркерлеріне тексеріледі, ал емдеу аяқталғаннан кейін шығару 

эпикризінде АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне тұрғылықты жері бойынша қайта тексеріп-қараудың 

қажеттігі көрсетіледі.

      Реципиентті АИТВ антиденелеріне қайта тексеру мерзімдері Кодекстің 115-бабының 1-

 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қағидаларға сәйкес АИТВ-инфекциясын зертханалық 

тармағының

диагностикалау алгоритмімен белгіленеді.

      Реципиентті В және С гепатиттеріне зерттеу соңғы трансфузиядан соң 6 айдан кейін жүзеге 

асырылады.

      Сәбилер мен бір жасқа дейінгі балаларды АИТВ, В және С гепатиттеріне зерттеу ананы 

жоғарыда аталған инфекциялар маркерлеріне тексеруді есепке ала отырып, жүргізіледі.

      Реципиент қанының үлгілерін трансфузиядан бұрын және одан кейін трансмиссиялық 

инфекциялар маркерлерінің бар-жоғына зертханалық зерттеу жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда 

иммунологиялық және молекулалық-биологиялық әдістер арқылы жүргізіледі.

      64. Пациенттің медициналық картасына трансфузиялық терапия басталмастан бұрын 

трансфузиялық және акушерлік анамнезге қатысты мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) бұрын қан құю болды ма, қашан және немен байланысты;

      2) трансфузиядан кейінгі асқынулар, баланың гемолиздік аурумен туылуымен аяқталған 

жүктіліктер болды ма.

      65. Құюды жүргізудің алдында донорлық қан компоненттерін және (немесе) препараттарын 

құюға осы Қағидаларға 

 сәйкес нысан бойынша ақпараттандырылған ерікті келісімі (

4-қосымшаға

құюдан бас тарту) толтырылады.

      Жоспарлы немесе шұғыл операциялық араласу қажет болған кезде ақпараттандырылған ерікті 

келісім немесе трансфузия жүргізуден бас тарту операциялық араласуға дейін рәсімделеді.

      Пациент немесе оның заңды өкілдері донорлық қан компоненттерін пайдаланған кезде 

күтілетін оң әсері, трансфузияның болжамды теріс салдары және емдеудің мүмкін болатын балама 

әдістері туралы хабардар етіледі.

      Шұғыл жағдайларда, көрсетілген тұлғалардың келісімін алу мүмкіндігі болмаған жағдайда 

құжатпен ресімделген шешімді дәрігерлік комиссия қабылдайды. Бұл ретте, қанша құю жоспарланғаны

және қандай уақыттың ішінде орындалатыны да құжатталады.

      66. Пациент (немесе оның заңды өкілдері) құюдан бас тартқан жағдайларда, бұл шешім 

құжатпен ресімделеді және емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі құжатқа бұрыштама қояды.

      67. Пациент немесе оның заңды өкілдері құюдан үзілді-кесілді бас тартқан жағдайда 

дәрігерлер пациент өмірін сақтап қалу үшін барлық балама әдістерді пайдаланады. 

      68. Трансфузияның қажеттілігі немесе оны кідірту туралы шешім осы Қағидалардың талаптарын

және клиникалық және өзге де жағдайды ескере отырып, шығарылады.

      69. Құюды жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін осы Қағидаларға 

 сәйкес 


5-қосымшаға

нысан бойынша шешім қабылдау үшін негіз болған зертханалық және клиникалық деректерді көрсете 




отырып, «Трансфузия алдындағы эпикриз» медициналық картасы толтырылады, сондай-ақ қан 

компоненттерінің немесе препараттарының есептелген дозалары көрсетіледі.

      Трансфузиядан бас тарту да зертханалық және клиникалық дерктермен расталады және 

құжатталады.

      70. Әрбір құю кезінде құрамында эритроциттер бар заттар трансфузиясының хаттамасын немесе

қан компоненттері мен препараттары трансфузиясының хаттамасын толтырылады.

      71. Биологиялық сынама уақытында, құю кезінде немесе одан кейін асқынулар дамыған 

жағдайда, реципиенттің жағдайын, өмірлік маңызды функциялар мониторингінің деректерін, емдеу 

әдістері мен емдеудің нәтижелілігін сипаттай отыра толық жазба (жазбалар) жасалынады. 

Реципиенттің қаны мен несебіне шұғыл зертханалық бақылау жасалады. Реакция немесе асқыну 

дамыған қан немесе оның компоненті бар гемакон және реципиент асқыну дамығанға дейін 12 сағат 

ішінде алған қан немесе оның компонентінің қалдықтары бар гемакондар қан қызметі саласындағы 

қызметті жүзеге асыратын ұйымдар тергеуді аяқтағанға дейін +2 С+6 С температурада тоңазытқышта 

0

0



сақталады.

      72. Медициналық картаға қосымша трансфузиялық парақ толтырылады, онда барлық құюлар, 

олардың көлемі, сәйкестендіру нөмірлері және компоненттерін немесе препараттарды өндіруші, құю 

көрсетілімдері және асқынудың бар болуы жазылады. Дәл осы ақпарат пациентті шығару кезінде 

немесе басқа МҰ-ға ауыстыру кезінде берілетін медициналық экипризде көрсетіледі. Көп реттік 

құюларда үзінді көшірмеге трансфузиялық парақтың көшірмесі қоса беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет