Қанды және оның компоненттерін құюдың теріс салдарларын диагностикалау мен емдеудің
басшылыққа алынатын қағидаттары
1. Пайда болуына қарай трансфузиялардың салдары бойынша жіті және шегерілген, даму тетігі
бойынша - иммунологиялық және иммунологиялық емес, эритроцитер гемолизінің бар-жоғы бойынша
гемолиздік және гемолиздік емес болып бөлінеді. Көлемді құю синдромы ерекше орын алады.
Құю уақытында және одан кейінгі жуық арада дамыған тікелей емес немесе жіті трансфузияның
теріс салдары болып табылады.
Қанды, оның компоненттерін құюдың тікелей асқынулары құю кезінде де, одан кейінгі жақын
уақытта дамыған трансфузия.
Ұзақ уақыт өткеннен кейін - бірнеше ай, ал қайта құю жасалғанда – құюдан кейінгі бірнеше
жылдан соң дамыған трансфузия салдары алшақталған немесе кейінгіге шегерілген теріс салдары
болып табылады.
2. Жіті трансфузиялық реакцияларды даигностикалау мен емдеу алгоритмі 1-кестеде ұсыналады
.
1-кесте
№
1.Жеңіл жіті трансфузиялық реакциялар
1
Белгілері
Орныққан тері реакциялары:
- есекжем
- бөртпе
2
Симптомдары
қышыну
3
Болжамды себебі
1. аса сезімталдық (жеңіл)
4
Емдік іс-шаралар
1. құю жылдамдығын азайту
2. бұлшықет арасына антигистаминдік препаратты енгізу
3. 30 минуттың ішінде клиникалық жақсару болмаған кезде немесе
белгілері мен симптомдары өршіп келе жатқанда орта күрделіктегі
реакцияларда ұсынылатын терапияны жүргізу
2. Орта күрделіктегі жіті трансфузиялық реакциялар
1
Белгілері
қан кернеу
есекжем
қалтырау
қызба
алаңдаушылық
тахикардия
2
Симпомдары
алаңдаушылық
қышыма
тахикардия
тыныс алудың аздап бұзылуы
бас ауыруы
3
Болжамды себебі
1. аса сезімталдық (жеңіл)
2. гемолиздік емес фебрильдік реакциялар:
лейкоциттерге, тромбоциттерге антиденелер
IgA қосқанда, ақуыздарға антиденелер, пирогендермен немесе
бактериялармен болжамды контаминациясы
4
Емдік іс-шаралар
1. құюды тоқтату;
2.инфузияға арналған құрылғыны ауыстыру және физиологиялық
ерітіндіні енгізу арқылы көктамырға қолжеткізуді ашық қалдыру;
3. емдеуші дәрігер мен қанды құю бөлімшесін бірден хабардар ету;
4. инфузиялық құрылғысы бар қан дозасын, жаңадан алынған несепті
, инфузия жасаған орнына қарама-қарсы жақтағы көктамырдан
алынған қанның жаңа үлгілерін (1 ұйытындымен, 1 антикоагулянтпен
) тиісті өтініммен қоса қан банкіне зертханалық зерттеу үшін
жіберу;
5. бұлшықет арасына (б/а) және ауыз арқылы антигистаминдік
препаратты немесе тікішек арқылы дене қызуын төмендететін
препаратты енгізу, тромбоцитопениямен ауыратындарға аспирин
тағайындалмайды;
6. анафилактоидтік белгілер болған кезде көктамыр ішіне (к/і)
кортикостероидтар мен бронходилятаторларды тағайындау;
7. гемолизді растау үшін алдағы 24 сағаттың ішінде несепті жинап
зертханаға жолдау;
8. клиникалық жақсару болған кезде қанның жаңа дозасын пайдалана
отырып, трансфузияны баяу жалғастыру, науқасты мұқият қадағалау;
9. 15 минуттың ішінде клиникалық жақсару болмаған жағдайда
немесе белгілері мен симптомдары өршіп келе жатқанда өмір үшін
қауіпті жіті трансфузиялық реакцияларда ұсынылатын терапияны
жүргізу.
3. Өмір үшін қауіпті жіті трансфузиялық реакциялар
1
Белгілері
қалтырау
қызба
алаңдаушылық
гипотензия (систоликалық АҚҚ 20%-ға төмендейді)
тахикардия (ЖЖЖ 20%-ға артуы)
гемоглобинурия (қызыл түсті несеп)
кенеттен қан кету (ДВС)
алаңдаушылық
кеуденің қысылу
2
Симптомдары
инфузия орнының жан-жағында ауырсыну
тыныс алу жолдарының дистрессі/демігу
белдің/арқаның ауырсынуы
бас ауыру
тыныс алудың бұзылуы
3
Болжамды себебі
1. дамудың иммунологиялық және иммунологиялық емес тетігімен
байланысты жіті тамыр ішілік гемолиз
2.бактериалдық контаминация және септикалық шок
3.сұйықтықтың артық болуы
4.анафилаксия
5.құюмен байланысты өкпенің жіті зақымдануы (ҚБӨЖЗ)
4
Емдік іс-шаралар
1. құюды тоқтату;
2. инфузия құрылғысын ауыстыру және физиологиялық ерітіндіні
енгізу арқылы к/і қолжеткізуді ашық қалдыру;
3. дене салмағының бір килограмына шаққанда 20-30 мл (мл/кг)
көлемінде артериялық қысымды ұстау үшін физиологиялық ерітіндіні
енгізу;
4. гипотензия кезінде науқастың аяғын көтеріп 5 минут бойы
енгізу;
5. ауа келуін сақтау және бетперде арқылы оттегі ағынын
қамтамасыз ету;
6. б/і баяу енгізу жолымен (ерітінді 1:1000) 0,01 мл/кг
адреналин енгізу;
7. анафилактоидтік белгілер (мысалы бронхоспазм, стридор) болған
кезде к/і кортикостероидтар мен бронходилятаторларды енгізу;
8. диуретикті енгізу;
9. емдеуші дәрігер мен қанды құю бөлімшесін бірден хабардар ету;
10. инфузиялық құрылғысы бар қан дозасын, жаңадан алынған
несепті, инфузия жасаған орнына қарама-қарсы жақтағы көктамырдан
алынған қанның жаңа үлгілерін (1 ұйытындымен, 1 антикоагулянтпен
) тиісті өтініммен қоса қан банкіне зертханалық зерттеу үшін
жіберу;
11. несептің жаңадан алынған үлгісінің гемоглобинурия
белгілерінің бар-жоғына көзбен шолып бағалау.
3. Шегерілген гемолитиздік реакцияларды диагностикалау мен емдеу алгоритмі 2-кестеде
ұснылады.
2-кесте
Шегерілген гемолиздік реакциялар
Асқынудың атауы
Белгілері
Болжамды себебі
Емдік
іс-шаралар
1
2
3
4
шегерілген
гемолиздік
реакция
Трансфузиядан кейінгі 5
-10 күннен соң
- температура
- анемия
- сары ауру
АВО топтық жүйесі, Кидд,
Келл, Даффи бойынша сирек
сәйкеспеушілікпен байланысты
аллоиммунизация
Емдеуді талап
етпейді
Трансфузиялаудан
кейінгі пурпура
Трансфузиядан кейінгі 5
-10 күннен соң қан
кетудің жоғары
тенденциясы
тромбоцитопения
эритроциттерді,
тромбоциттерді, әйелдерге
жиірек құю
1.
кортикостероидтердің
жоғары дозалары
2. Иммуноглобулиндер
3.Плазма алмасу
Трансплантант
қожайынға қарсы
ауыруы
Трансфузиядан кейінгі
10-12 күннен соң
қызба
тері бөртуі мен
десквамация
іш өту
гепатит
панцитопения
Сүйек кемігін ауыстырғаннан
кейін иммундық тапшылығы бар
реципиенттерде;
Тіндік үлгі бойынша (адамның
HLA- антигендерінің
лейкоциттері) үйлесімді
тұлғалардан, әдетте қандас
туыстардан қан құйылған
иммунокомпетентті
науқастарда
Тиімді емдеу жоқ
Темірдің артық
жүктемесі
Трансфузиядан тәуелді
науқастарда жүрек және
бауыр функциясының
бұзылу белгілері
эритоциттерді көлемді құю
1. Трансфузиялық
терапияны түзету
2. Симптомдық емдеу
4. Көлемді құю синдромы қанды және оның компоненттерін құюдың тікелей емес жағымсыз
салдарына жатады және пациент қан көлемінің 100%-на тең немесе одан артық көлеміндегі қан
жоғалтуын 24 сағат ішінде ауыстырған кезде дамиды. Циркуляциялық қан көлемі ересектерде 70 мл/
кг, балаларда 80-90 мл/кг құрайды. Көлемді құю салдарынан болған асқынулар дамуының
патогенетикалық факторлары:
1) шок жағдайларының ағымынан болған ацидоз;
2) құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін ұзақ сақтау кезінде жасушадан тыс калий
концентрациясының артуынан болған гиперкалиемия;
3) метаболиздік ацидоздың метаболиздік алкалозға өту түрінде пайда болатын цитраттың
болжамды уыттылығы, бұл ЖМП ауқымды көлемін құйған кезде болуы мүмкін;
4) гипокальцемия, әсіресе гипотеремия мен ацидозбен қосарланған гипокальцемия жүрек
шығарымын азайтады, брадикардия және аритмияның өзге де түрлерін болдырады;
5) плазманы -25 С температурада сақтағанда болатын фибриноген және ұйыту факторларымен
0
азайту;
6) гемодиллюция кезінде болатын ұйыту факторлары құрамының төмендеуі;
7) суытылған алмастырғыш ерітінділердің үлкен көлемін енгізу салдарынан болатын
гипотермия;
8) қанды сақтау барысында туындайтын микрореагенттердің пайда болуы, осының салдарынан
лейкоциттер мен тромбоциттер агрегацияланады және өкпені жеңіл жолмен эмболизациялайды.
Симптомдық емдеу жүргізіледі.
Қанды, оның компоненттері мен
препараттарын сақтау, құю
қағидаларына 2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |