Жексенова Әсем Дәрілік заттарды ауыз арқылы қабылдау ережелерін айтыңыз?



Дата10.06.2020
өлшемі17,03 Kb.
#72930
Байланысты:
Әсем 114


Жексенова Әсем



  1. Дәрілік заттарды ауыз арқылы қабылдау ережелерін айтыңыз?

Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдылығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енізуге болатындығында.

2. Дәрілік заттарды тіл асты арқылы және транссбукальді қабылдау ережелерін

айтыңыз?

Сублингвалдық енгізу деп дәрілік затты тіл асты қабылдауды айтады. Дәріні бұлай қабылдағанда тіл асты кілегей қабаты арқылы тез сорылып қанға араласады, бауырға бармайды және ас қорыту ферменттері әсерінен жойылмайды. Бірақ бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік көлемі аз, сондықтан бұл жолмен өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г көлемде нитроглицерин , 0,06 валидол) қабылдауға болады.



3. Дәрілік заттарды ректальді қабылдау ережелерін айтыңыз?

Ректалды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар) сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, асқазанның кілегей қабығының зақымдануы кезінде және т.б.) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу кезінде қолданады. Бұл жолмен дәрілер енгізілгенде олар ағзаға резорбтивты және тік ішектің кілегей қабығына жергілікті әсер етуі мүмкін.



4. Сыртқы тәсілмен дәрілік заттарды қолдану тәртібін, мақсатын, көрсетімдері мен қарсы

көрсетімдерін айтып беріңіз?

Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану. Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі. Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т. Дәріні теріге май, эмульсия, ертінді, тұнба және т.б. формада жағады. Қолданылуы көбінесе жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге негізделген. Зақымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.

Қолдану тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты таңу. Дәріні жағу әрқашан таза теріге, таза құрал-саймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.

Теріні зарарсыздау немесе рефлекторлы әсер ету үшін науқастың терісіне йод тұнбасын немесе 70% спирт ерітіндісін жағады. Бұл үшін мақта тампоны бар залалсыздандырылған таяқшаны йодқа малып, теріге жағады (содан кейін таяқшаны лақтырып тастайды). Мақтаны йодқа малу үшін таяқшаны йоды бар флаконға батырмайды, флаконның ішіндегі йодты мақта үлпіршектерімен ластамау үшін йод тұнбасын жайпақ ыдысқа біраз кұйып алған жөн. Йод тұнбасы тығыны тығыз жабылмайтын ыдыста ұзақ сақталғанда спирттің булануы есебінен оның қоюлануы мүмкін. Қоюланған йод тұнбасын терінің нәзік бөлімдеріне жағу күйдіруі мүмкін.


5. Ингаляциялық түрде қолданылатын дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі қандай?

Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.



Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:

1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.

2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары

сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.


6. Көзге тамшы тамызу әсер ету ерекшелігі қандай?

Көз ауруларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар қолданылады. Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру кабілетінің жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек. Көзге дәрі тамызу пипеткамен жасалынады. Бұл үшін төменгі қабақты тартып тұрып шырышты қабатқа тамшыны тамызады. Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына конъюктивтің шырышты қабаты мен көз алмасы арасындағы сызыққа жағылады


7. Мұрынға тамшы тамызудың әсер ету ерекшелігі қандай?

Мұрынға дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу (амилнитрат, мүсәтір спирті), ерітінді және май түрінде қолданады. Ұнтақтар мұрынға дем алған ауамен кіреді: оң жақ мұрын қуысын жауып тұрып, ұнтақты сол жақ мұрын қуысы арқылы ішке тартады және керісінше. Тамшыларды пипеткамен енгізеді, бұл кезде науқас басын артқа қарай шалқайтады. Майды шыны қалақшамен жағады. Жағуды дәрігер зондқа оралған мақта тампонымен жүргізеді, содан кейін мақта тампонын лақтырып тастайды, ал зонд дезерітіндіде залалсыздандырылады.


8. Жақпа майдың теріге әсер етуі ерекшелігі қандай?

Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады.



Майды теріге уқалап енгізу

1. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

2. Май жағатын тері аймағын қарап шығу.

3. Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.



4. Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет