Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды және оның компоненттерін сәулелеу тәртібі, пайдалану көрсетілімдері және



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1

Қанды және оның компоненттерін сәулелеу тәртібі, пайдалану көрсетілімдері және 

сәулеленген қан және оның компоненттерін тағайындау тәртібі

      1. Қан компоненттерін сәулелеу «трансфузиямен себептесетін трансплантант қожайынға қарсы 

ауруының» (бұдан әрі – ТС-ТҚҚА) алдын алу үшін жүргізіледі.

      2. Жасушалық қан компоненттері (эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер) арнайы 




жүйелерді (жабдықтарды) – гамма немесе рентген сәулелендіру көздерін пайдалана отырып 

сәулеленеді. Қан компоненті бірлігін сәулелеу дозасы 25-50 Грэйді құрайды.

      3. Гемопоэздік дің жасушалары, лимфоциттер, ЖМП, криопреципитат немесе плазманы 

фракциялау өнімдері сәулелеуге жатпайды.

      4. Эритроциттерді сәулелеу донациядан кейінгі алғашқы 5 күн ішінде жүргізіледі және бұдан

кейін олар келесі 10 күн бойы сақталады. Егер пациентте (құрсаққа немесе неонаталды ауыстырып 

қан құйған жағдайда) гиперкалиемия қауіпі туындаса, сәулеленген эритроциттер сәулеленген 

кейінгі 24 сағат ішінде құйылады немесе жуылады.

      5. Тромбоциттер сақтаудың кез келген сәтінде сәулеленеді және бұдан соң донациядан 

кейінгі сақтаудың бастапқы мерзімі ақталғанға дейін сақталады.

      6. Барлық гранулоциттік қан компоненттері берілу алдында сәулеленіп, ең төменді 

шегеріммен құйылады.

      7. Барлық сәулеленген қан компоненттері штрих-коды бар бекітілген заттаңбамен таңбаланады

.

      8. Пациент иммунокомпетенттік болғанса да барлық туыстық құюлар кезінде (жақын немесе 



алыс туыстардың донациялары) қан компоненттері сәулеленеді.

      Пациент иммунокомпетенттік болса да барлық HLA-іріктелген қан компоненттері сәулеленеді.

      9. Құрсаққа құюға арналған қан компоненттері сәулеленеді.

      10. Алдағы құрсаққа құю жағдайларын немесе туыстық қан құю жүргізілсе, нәрестелерге 

ауыстырып құю үшін дайындалған қан және оның компоненттері сәулеленеді.

      Құрсақтық трансфузияда және қанды ауыстырып құйған кезде қан және оның компоненттері 

сәулеленгеннен кейінгі 24 сағат донациядан кейін, бірақ 5 күннен артық емес мерзімде құйылады.

      11. Аллоиммундық тромбоцитопенияны емдеу үшін құрсаққа құйылатын тромбоциттер сәулеленеді.

      12. Күрделі Т-лимфоциттік иммундық тапшылық синдромдарында құйылатын жасушалық қан 

компоненттері сәулеленеді.

      13. Жіті лейкемия бар ересектер мен балаларға құйған кезде эритроциттер мен тромбоциттер 

сәулеленеді.

      14. Реципиенттерге аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын құйған кезде қан компоненттері 

кондиционерлейтін химиятерапияның басынан бастап лимфоциттер 1*10 /л артық болғанша сәулеленеді.

9

      Егер созылмалы ТС-ТҚҚА орын алған болса немесе иммуносупрессивтік терапияны жалғастыру 



қажеттілігі туындаса, құйған кезде тұрақты түрде сәулеленген қан компоненттері тағайындалады.

      15. Алдағы аутологиялық реинфузияға арналған сүйек кемігін немесе перифериялық дің 

жасушаларын жинақтау алдындағы 7 күннің ішінде пациенттерге қан компоненттерін құйған 

жағдайларда қан компоненттері әлеуетті түрде криоконсевілеуге төзімді, өмірге қабілетті 

аллогендік Т-лимфоциттері енуінің профилактикасы үшін сәулеленеді.

      16. Аутологиялық сүйек кемігін немесе перифериялық дің жасушаларын алмастыруға шалдыққан 

пациенттерге қан құйылған кезде кондиционерлеу химия/радиотерапияның басынан бастап, 

транспланттаудан кейінгі 3 айға дейін (кондиционирлеу үшін жаппай радиотерапияны пайдаланған 

кезде 6 айға дейін) мерзімде сәулеленген қан компоненттері тағайындалады.

      17. Ходжкин лимфасы бар барлық ересектер мен балаларға аурудың кез келген кезеңінде тек 

сәулеленген компоненттері тағайындалады.

      18. Пурин антогонистерін (fludorabine, cladribine, deoxycoformicin) қабылдайтын 

пациенттерге қанды құйған кезде тұрақты түрде тек сәулеленген қан компоненттері тағайындалады.

      Сәулеленген қан компоненттерін alemtuzumab-терапиясынан (анти CD52) кейін пайдаланылады 

және rituximab (анти CD 20) қолданылмайды.

      19. Жылқы (және (немесе) alemtuzumab) глобулиніне қарағанда иммуносупрессивтік қоян 

антитимоцитарлық глобулинді (АТГ) қабылдайтын апластикалық анемиясы бар науқастарға қан құйылған

кезде тек сәулеленген қан компоненттері тағайындалады.

      20. Мерзімнен бұрын туған немесе шала туған нәрестелерге құюды жасаған кезде алдағы 

құрсаққа құю немесе туыстық құю жағдайларын қоспағанда, эритроциттер сәулеленбейді.

      21. Кардиохирургиялық араласу кезінде Т-лимфоциттік иммундық тапшылық синдромының 

клиникалық және зертханалық белгілерін қоспағанда сәбилерге құйылатын эритроциттерді немесе 

тромбоциттерді сәулелеунбейді.

      22. Мерзімнен бұрын туған немесе шала туған нәрестелерге құюды жасаған кезде туыстық құю 




жағдайларын қоспағанда, тромбоцитер сәулеленбейді.

      23. Жалпы вирустық инфекцияларға шалдыққан, АИТВ антиденелеріне оң нәтижесі немесе ЖИТС 

бар нәрестелер мен балаларға құйған кезде жасушалық қан компоненттерін сәулеленбейді.

      АИТВ антиденелеріне оң нәтижесі немесе ЖИТС бар ересектер үшін де жасушалық қан 

компоненттерін сәулелеу жүргізілмейді.

      24. Күрделі ісік, АИТВ инфекциялары, аутоиммундық аурулар немесе қомақты ағзаларды 

транспланттау (кондиционерлеу режимінде alemtuzumab (анти CD52) пайдалану жағдайларын 

қоспағанда) кезінде хирургиялық араласуға шалдығатын пациенттерге арналған қан компоненттерін 

сәулеленбейді.

Қанды, оның компоненттері мен

препараттарын сақтау, құю  

қағидаларына 3-қосымша  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет