Пән мұғалімі: Қуанышбайқызы Ляззат
Бекітемін: ............Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.А.Алмаганбетова
Сыныбы: 3 «а»
Уақыты: 21-ақпан, 2017 жылы
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы.
Нысанды қиып алу және қою
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Paint графикалық редакторы жайлы жалпы мағлұмат беру және
суреттерді қиып алып, басқа жерге орналастыруға үйрету.
Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу және тиянақты жұмыс жасауға талаптандыру.
Сабақтың міндеттері:
- Paint программасындағы әрекеттерді тиімді пайдалана білуге үйрету;
- Компьютерде жұмыс істей отырып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
-Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесіп шешуге, топтық ережені сақтауға,өзінің өзгенің пікірімен санасуды үйрету;
Күтілетін нәтиже:
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі.
3. Шығармашылық қабілеті дамиды.
4. Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.
Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру, ойын технологиясын пайдалану
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Компьютерлік - бағдарламалық Мicrosoft Power Point, Word,
құралдар: «Paint» графикалық редакторы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Жаңа сабақ
V. Сарамандық жұмыс
VI. Үйге тапсырма
VІI. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Білімнің сырын ұғына
Шығамыз білім шынына.
Ұқыптылық пен зеректік,
жеткізеді біздерді,
ақпараттың шынына
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Paint» графикалық редакторы. Нысанды бұру тақырыбы бойынша сурет салу және түсіндіру.
«Компьюша» досымыздан хат келді.
Ребусты шешу.
1-топ: Нысанды
2-топ: қиып алу
3-топ: және
4-топ: қою.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Paint “ графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою патшалығына саяхат деп аталады. Өмірдегі сияқты “информатика әлемінде” де көп кедергілер кездеседі.Саяхат барысында алдымызда көптеген кедергілер бар.Ол- тапсырмалар.
Сіздерге сәттілік тілей отырып саяхатымызды бастайық. І с к е с ә т !
Видеоролик көрсетіледі.
1.Paint редакторын аш.
2. Бірнеше жемісті, саңырауқұлақты және табақша суреттерін сал.
3. Произвольное выделение құралын қолдан.
« Прозрачное выделение» командаларын пайдалануды ұмытпа.
4. Суреттерді ерекшелеп белгіле.
5. Менюдегі Вырезать командасын таңда.
6. Вставить командасын таңдап, тышқанды шерт.
7.Суреттерді тарелкеге сал.
8. Осы әрекеттер арқылы қалған жемістерді тарелкеге салыңдар.
9. Суретті ЖЕМІС деген атпен сақта.
Компьютер алдындағы тәртіп сақтау ережелері айтылады. Видеоролик көрсетіледі.
Жұптық жұмыс. Оқушылар жеміс-жидектердің суретін қиып алып тарелкеге орналастырады.
Сергіту сәті. (Видеоролик көрсетіледі)
Жеке жұмыс.
Сөздердің қазақша атауын жаз.
Сохранить сақтау
Открыть ашу
Пуск іске қосу
Программа бағдарлама
Стандартные стандартты
Рабочий стол жұмыс үстелі
Рисунок сурет
Копировать көшіру
Вставить қою
Вырезать қиып алу
Повернуть бұру
Выделить белгілеу құралы
Paint графикалық редакторының құралдарының аттарын жаз.
Жұмбақтың жауабын тап.
Топтық жұмыс.
1-топ: Paint графикалық редакторының терезе элементтері
2-топ: Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
3-топ: Paint графикалық редакторында суретті сақтау.
4-топ: Paint графикалық редакторын іске қосу және нысанды қиып алу және қою.
Достарыңызбен бөлісу: |